• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Кездесу

    Қол күрестің білікті жаттықтырушысы студенттермен кездесті

    Есенов университетінде біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, Мұнайлы ауданында қол күресі спортын қалыптастырған спортшы Исембай Матенов пен шәкірті – әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы Ыбырай Шолпанов дене шынықтыру және спорт мамандығының студентерімен кездесіп, сұрақтарға жауап берді. «Маңғыстау облысындағы армспорттың бүгіні және болашағы» деген тақырыптағы қонақ дәрісті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Нурсапа Ахметов ұйымдастырып, жүргізді. И.Матеновтің өзі осы ...

    Read More »

    Алматыдағы спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды

    Алматыдағы Республикалық спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Министрлікке келіп түскен түйткілді мәселелерді саралап, шешу жолдарын қарастырып жатырмын. Солардың ішінде маңыздысы – Алматыдағы «Республикалық спорт колледжі» жанындағы мектеп-интернаттың жұмысын қайта жандандыруға қатысты ата-аналар мен ұстаздар тарапынан түскен өтініштер. Былтыр аталған оқу орны жабылып, дарынды оқушылар, жаттықтырушылар мен ұстаздар басқа білім беру ...

    Read More »

    Мәдениет және спорт министрлігі дзюдошыларға 200 кимоно табыс етті (ФОТО)

    Мәдениет және спорт министрлігі дзюдошыларға Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында 200 кимоно табыс етті. Бұл туралы ведомствоның Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Күреске арналған киім танымал Жапонияның Mizuno компаниясының өнімі. Жалпы, Алматы облысындағы «Жаңашар» олимпиадалық даярлау орталығына барлығы 130-дан астам татами шебері жиналды. Франциядан келген әлемдік дзюдо шебері, үш дүркін Олимпиада чемпионы, 11 дүркін әлем чемпионы және 5 дүркін Еуропа чемпионы ...

    Read More »

    Білім мен спорт — егіз ұғым

    Жаңа ғасыр асуында Жаңа Қазақстанды құру үшін ең алдымен білімде саналы ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Өз ұлтына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізге асқан сүйіспеншілікпен қарайтын өскелең ұрпақ — қазақ халқының кемел келешегі. Өйткені, жастар біздің болашағымыз, қазақ елінің келер күнгі үміті, сенімі. Ал, сол қазақ елін әлемге танытар ақылды, парасатты, мәдениетті жас ұрпақтың тәрбиесі ең алдымен мектеп қабырғасынан басталады. Хакім Абайдың 32 ...

    Read More »

    Спорттағы жыл үздіктері анықталды

    Астанада спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарлады. Салтанатты кеште Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, жаттықтырушылар, спорт журналистерін марапаттап, жыл бойы атқарған еңбегіне құрмет көрсетті. Қазылар алқасы таңдаған 14 номинация бойынша мына азаматтар үздік болып танылды: 1) «Жылдың ...

    Read More »

    Астанада «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығы беріледі

    Бүгін Астанада спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығын табыс ету рәсімі өтеді. Салтанатты кеш барысында Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, жаттықтырушылар, спорт саласына қатысты мекемелердегі өзге де мамандарды, спорт журналистерін марапаттайды. Қазылар алқасы жылды қорытындылап, 2022 жылғы үздіктердің атын атайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық ...

    Read More »

    Спорт федерацияларының есеп беруі аяқталды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында федерациялардың жылды қортындылап, есеп беруі жалғасып жатыр. Бүгін бірқатар олимпиялық емес спорт түрлері биыл атқарылған жұмыс жайлы есеп берді. Бұл қатарда су астында бағдарлау, Nomad MMA, пенчак силат, комбат дзю-дзюцу, президенттік көпсайыс, альпинизм, самбо, футзал, дойбы, судомодель спорты мен каратэнің бірнеше түрі (мейбукан годзю-рю каратэ-до, ашихара ...

    Read More »

    Алматыда футбол ардагерлері доп тепті

    Кезінде батыр атамыз Бауыржан Момышұлы: «Менің бойымда қайрат күшім тасып тұрғанда кәрілердің тізіміне қоспаңдар», деген екен. Ойлап қарасақ, батыр атамыздың бұл бір айтқан қанатты сөзіне алып қосар ешнәрсе табыла қоймас. Десек те аз-кем өз ойымды қос кетсем деп отырмын. Расымен де адамның жасы 45-50 асқан соң біз өзімізді қарт санап кәріліктің ноқтасын уақытынан бұрын басымызға салатынымыз осы неліктен?. Өмірдің өзі ...

    Read More »

    Жүгіруді өмірінің серігі еткен спорт шебері

    Біздің елдегі спорт тарихының беттерін парақтай отырып, көптеген ұмытылып бара жатқан есімдерді кездестіріп жатамыз. Кеңес Одағы кезінде Қазақстан спортын әлемге танытқан жарық жұлдыздардың кейбірі мәңгілік мекенге сапар шексе, кейбірі жастарға батасын беріп ортамызда жүр. Иә, ол өмірдің бір заңдылығы да болар. Мүмкін, өткен уақыт өз тарихын қойынына басып ала кете ме кім білсін, дегенмен де ел спортына ізін қалдырған жандармен ...

    Read More »

    Атыраулықтар қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш жүлдегерге пәтер сыйлады

    Атырауда дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетілді. Атырау қаласында бір топ спорт жанашырлары мен спортшылар және жаттықтырушылар бас қосып, дзюдо күресінен қазақ қыздарынан шыққан әлем чемпионатының тұңғыш қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетті. Әбиба Әбужақыноваға 48 келіде Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алып,  ел мерейін асырған болатын. Арада 15 ...

    Read More »