• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    Қамшыбек кеш оянды. Намыс жоқ екен – Тұрсынғали Еділов

    Бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес бірдей былғары қолғап шеберіміз жартылай финалға шықты. Ертең –  боксшыларда демалыс күні. Арғы күні, яғни 12 мамырда ұлттық құрамалардан ½ финалға шыққан боксшылар қайта шаршы алаңға көтеріледі. Ал бүгін Қазақстан ұлттық құрамасынан Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (71 кг), Санжар Тәшкенбай  (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) ...

    Read More »

    Қоңқабаев Жалоловты жеңуі мүмкін – Тұрсынғали Еділов

    Ташкент төрінде бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты бел ортасына келді. Жекпе-жектер қыза түсуде. Финал жақындаған сайын жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар былғары қолғап шеберлері іріктеліп, шаршы алаңға шығып жатыр. Бүгін ширек финалдық жекпе-жектер өтуде. Қазақстан құрамасынан алғашқы болып 57 кг салмақтағы Серік Теміржанов кубалық Сайдель Ортамен қолғап түйістіріп, ол өкінішке қарай, жеңіліп қалды. Кубалық қабылан қазақ қарсыласының стиліне басып, ...

    Read More »

    Бокс мектебімізді жоғалтып жатырмыз – Қайыр Жарылқасынов

    Кеше Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеті боксшымыз ширек финалға шықты. Бүгінгі жекпе-жектер Астана уақытымен түскі сағат 15.00 мен кешкі 19.00-де басталады. Ұлттық құрамадан бірінші болып Ташкент төрінде керілген шаршы алаңға 57 кг салмақтағы Серік Теміржанов шығады. Ол кубалық Сайдель Ортамен қолғап түйістіреді. Олар үшінші жұп болып рингке көтеріледі. Одан кейін Асыланбек Шымбергенов (71 кг) ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: жеті боксшымыз ширек финалға шықты

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының тоғызыншы күні ширек финалға шыққан бокшыларымыз белгілі болды. Кеше ел намысын Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов пен Нұрқанат Райыс қорғады. Күндізгі сессияда Асланбек (71 кг) израильдік Мирослав Капулер-Ищенконы, ал Нұрбек Оралбай (80 кг) тартысты жекпе-жекте түркиялық Каан Айкутсунды жеңді. Ұлттық құрама капитаны Шымбергенов қарсыласын бір ...

    Read More »

    Әлем чемпионатының  тоғызыншы күні: бес жекпе-жек, төрт жеңіс

    Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының тоғызыншы күні Қазақстанның бес боксшысы рингке шығып, олардың төртеуі жеңіске жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін чемпионаттың тоғызыншы күнінде шаршы алаңға 51, 54, 67, 71, 75, 80 келіге дейінгі салмақтардағы боксшылар көтеріліп, 1/8 финалдық текетірестерге қатысты. Осы күні бізден күндізгі сессияда 71 келіге дейінгі салмақтағы команда капитаны Асланбек Шымбергенов израильдік Мирослав Капулермен, 80 келіге дейінгі салмақтағы ...

    Read More »

    Әлем чемпионатындағы сегізінші күнгі нәтиже: 2 жеңіс, 1 жеңіліс

    Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының сегізінші күні Қазақстанның екі былғары қолғап шебері жеңіп, бір боксшысы жеңіліске ұшырады. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 54 келіге дейінгі саңлақтар – 1/16 финалдық, ал 48, 60, 86 және 92 келіге дейінгі салмақтардағы атлеттер 1/8 финалдық жекпе-жектерін өткізді. Бізден 54 келіге дейінгі салмақтағы Махмұд Сабырхан күндізгі сессияда рингке бірінші болып шығып, венгр Иштван Закамен күш сынасты. ...

    Read More »

    Бокс: жетінші күнгі көрсеткіші: 3 жеңіс, 1 жеңіліс

    Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жетінші күні Қазақстан боксшыларының үшеуі жеңіске жетіп, біреуі ұтылып қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 51 және 75 келіге дейінгі салмақтағылар – 1/16 финалдық, ал 57 келіге дейінгі және 92 келіден ауыр салмақтағылар 1/8 финалдық шайқастарын өткізді. Біздің боксшылардан Ташкент рингіне бірінші рет шығып тұрған Сәкен Бибосынов (51 кг) – үндістандық Дипак Дипакпен, Нұрқанат Райыс (75 ...

    Read More »

    Нұрқанат Райыс бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

    Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрқанат Райыс ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады  Halyq-uni.kz. Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда доминикандық Дельгадо де лос Сантоспен шеберлік байқасты. Нұрқанат Райыс бірінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Нұрқанат алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

    Read More »

    Әбиба Абужақынова әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі

    Дзюдошы Әбиба Абужақынова Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында франциялық Ширин Буклиге есе жіберді. Енді ол кешкі сессияда қола медаль үшін италиялық Ассунта Скуттомен күш сынасады. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бір жыл бұрын Ташкентте Әбиба мен Ширинның жолы 1/8 кезеңде түйісіп, отандасымыз жеңіске жеткен болатын. Ең жеңіл салмақта сынға түсетін дзюдошымыз Ташкенттегі сол дүниежүзілік бәсекеде ...

    Read More »

    «Бибосынов жекпе-жегінің дауы». Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым түсірді

    Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлевқа ресми шағым жолдады, деп хабарлады Zakon.kz. Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында аясындағы Сәкен Бибосынов пен үнді боксшысы Дипак Кумардың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне қатысты шағым түсірілді. Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне байланысты ресми ...

    Read More »