• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды

    Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық еркін жаттығуда Қазақстан құрамасының қыздары сегізінші орынды иеленді. Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өз өнерлерін көрсетті. Туризм және спорт министрлігі  Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша мына елдер финалға шықты: Іріктеу кезеңі. 20 команда 1-орын. Қытай — ...

    Read More »

    Су спортынан ӘЧ: Карина Магрупова финалға шықты

    Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Карина Магрупова финалға шықты. Ол техникалық жаттығуда 232.2050 ұпай жинап, 12-орынға ие болды. Бұл нәтиже финалға қатысуға мүмкіндік берді. Осы жарыста әлемнің 35 елінен келген спортшылар жүлдеге таласып, 12 адам ғана финалға жолдама алды. Финал 19 шілдеде болады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан үстел теннисінен 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды

    Алматыда ADD Ustel Tennis Ortalygy-да 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына жолдама үшін Орталық Азия елдерінің арасында іріктеу турнирі болды. Орталық Азия аймағынан жалғыз жолдама үшін Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан командалары ерлер мен әйелдер санаттарында сайысқа түсті. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, ұлттық құрама сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов өз қарсыластарын 3:0 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленді. Соның нәтижесінде әлем чемпионатына жолдама алды. ...

    Read More »

    «Челси» — клубтар арасындағы әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Бүгін Америка Құрама Штаттарында футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Финалда Англияның «Челси» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын жеңіп, екінші рет әлем чемпионы атанды. Матчта ағылшындар клубының ойыншылары қарсыластарының қақпасына қауіпті жағдай жасай бастады. Соның нәтижесінде ойынның 22-минутында Коул Палмер есеп ашса, одан кейін ол  30-минутта тағы да нысананы дәл көздеді. 43-минутта Коул Палмер тағы да көзге түсті. Ол Жоао ...

    Read More »

    Клубтар арасындағы ӘЧ: «Пари Сен-Жермен» мен «Челси» финалда ойнайды

    Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына берілген екінші жолдамаға ие болды. Париждің клубы жартылай финалда Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Матчта Фабиан Руис 6-минутта есеп ашса, одан кейін Усман Дембеле 9-минутта екінші голдың авторы атанды. «Реалдың қақпасына үшінші допты 27-минутта тағы да Фабиан Руис тоғытты. Ойынның соңында Гонсало Рамуш таблодағы есепті өзгертті. ...

    Read More »

    Әбиба Абужақынова әлем рейтингінде екінші орынға шықты

    Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Мажарстанның астанасы — Будапешт өткен әлем чемпионатынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Дүниежүзілік ұйымның рейтингіне сәйкес, үш отандасымыз өз салмағында ТОП-10 палуанның қатарына қосылып отыр. Мәселен, отандық дзюдо тарихында әйелдер арасында алғаш рет финалда белдесіп, күміс жүлдегер атанған Әбиба Абужақынова (48 кг) рейтингте екі сатыға жоғарылап, 5662 ұпаймен ...

    Read More »

    Клубтар арасындағы ӘЧ: Месси «Пари Сен-Жерменге» қарсы ойнайды

    Осы күндері Америка Құрама Штаттарында футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты болып жатыр. Бұл бәсеке алғаш рет 2010 жылы ұйымдастырылса, содан бері оған биылғыдай 33 клуб қатыспаған еді. Бұған дейін дүрмекті додаға саусақпен санауға болатын командалар ғана қатысатын. Ал биыл оған әлемнің жер-жерінен өз құрлықтарындағы турнирлер мен жарыстарда аты озған жасақтар жиналып отыр. Олар 8 топқа бөлінген. Өз группаларында алғашқы екі ...

    Read More »

    Көркем гимнгастикадан ӘЧ: Ақмарал Ерекешева екі дүркін әлем чемпионы атанды

    Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Болгарияның астанасы — София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір алтын медальді жеңіп алды.  Ол чемпионаттың іріктеу кезеңінде үш сайыстан финалға жолдама шығып, жүлдегер қатарынан көрінді. Ерекешева доппен және лентамен жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алса, шеңбермен жаттығуда күміс жүлдені иеденді. Ал бұған дейін хабарлағанымыздай, ел құрамасынан сынға түскен тағы бір гимнастымыз Айғаным Рысбек ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан ӘЧ: Ақмарал Ерекешева тарихи жүлдені жеңіп алды

    Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында Болгарияның астанасы — София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында құрмет тұңырының ең биік сатысына көтерілді. Ол үш бірдей финалға бірінші орынмен шығып, оның екеуінде жүлдеге ие болды. Гимнаст доппен көрсеткен өнері үшін 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанса, шығыршықтағы жаттығуда 26.950 ұпаймен күміс жүлдені жеңіп алды. Енді ол таспамен сайысқа түседі. Сондай-ақ ел құрамасы ...

    Read More »

    Асхат Тағыберген Қазақстан ұлттық құрамасымен қоштасты

    Бүгін футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Солтүстік Македония командасымен ойыннан кейін ұлттық құрамадан кететінін айтты. Солтүстік Македониямен матч – менің ұлттық құрамадағы соңғы ойыным болды. Бұл отбасыммен бірге ақылдасқан шешімім. Енді жастарға жол беру керек. Өйткені, футбол – бәсекеге толы спорт. Қазір бұл туралы көп айтылып жатыр. Жалпы, жас деген – тек паспорттағы сан. Мен бұл орынды босатуға дайынмын. Бүгін ...

    Read More »