• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты

    Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды. Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина ...

    Read More »

    Қайрат СӘТЖАНОВ: «Биылғы додада есе қайтарамыз»

    Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына әйелдер құрамасының ізін ала Қазақстан ерлер командасы да аттанды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сəтжановтың шəкірттері Алматы облысының Бәйтерек ауылындағы орталықта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шешуші жекпе-жектерге дайындықты аяқтады. Осы тұста кей салмақтарда бəсекелестік өте жоғары болғаны сонша, кімнің баратынын анықтау қиын болған екен. Мәселен, бапкерлерге 63,5 келіде «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің жүлдегерлері ...

    Read More »

    «Дұғада болайық»: боксшы Қоңқабаев командаға қолдау білдіруге шақырды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев жанкүйерлерді Азия чемпионатының алдында командаға қолдау білдіруге шақырды. Бұл туралы ол Instagram-да айтты. Жеребе тартылды. Аллаға шүкір жігіттер бабында. Ендігі кезекте бағымыз қатар шауып, қазақ елін жеңіспен қуантсақ деген сенімдеміз. Қолдауларыңызды білдіріп, құрамаға жеңіс тілеп, ел абыройын қорғайтын батырларымызға дұға етіп қойыңыздар, — деді ол. Азия чемпионаты бүгін басталады. Қамшыбек Қоңқабаевтың өзі ел ...

    Read More »

    Бокс: Қазақстан Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды

    Бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды. Биылғы Азия чемпионатын Қазақстанның әйелдер құрама командасының сапындағы Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) финалдан бастайды. Сондықтан олар қазірдің өзінде қола жүлдені иеленіп отыр. Олардан басқа, Азия чемпионатында ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), ...

    Read More »

    Қазақ боксшыларынан Азия чемпионатына кімдер қатысады?

    30 қазан күні Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан ересектер арасында кезекті XXXII Азия чемпионаты басталады. Чемпионат 13 қараша күні аяқталады. Онда ерлер 13 салмақта, әйелдер 12 салмақта сынға түседі. Осы додаға Қазақстанның ұлттық құрама командасының сапында қатысатын боксшылардың тізімі белгілі болды. Бұл сынға ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Сабырхан Махмұд (54 кг), Серік Теміржанов 57 (кг), Саматәлі ...

    Read More »