• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Кездесу

    «8 млрд теңге»: Министрлік мәлімдеме жасады

    Астанада Спорт күні қарсаңында өтіп жатқан «Қазақстандағы спорт – реформалардан нәтижеге дейін. Дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заңды іске асыру қорытындылары» атты спорт конференциясындағы  пленарлық сессияларда саладағы ауқымды реформалардың алғашқы нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ведомство әзірлеген жаңа заң саланы жүйелі жаңғыртудың негізгі тетігіне айналды. Реформа аясында мемлекет қаржыландырудың ...

    Read More »

    Серік Жарасбаев: «Шетел спортшыларына жыл сайын жұмсалған 3,5 млрд теңге қысқартылды»

    Астанада Спорт күніне орай «Спортшылар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы спорт: реформалардан нәтижелерге дейін» атты конференция басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Осы жиында қаржыны оңтайландыру мәселесі туралы сөз болғанда туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Қазақстан клубтарында ойнайтын шетелдік спортшыларға жыл сайын жұмсалған 3,5 млрд теңге мүлдем қысқартылғанын айтты. Басқосуда ол мемлекеттік ақшасы легионерлерге емес, балалар спортына жұмсалатынын атап өтті. «Биылдан ...

    Read More »

    Нидерландтағы Наурыз

    Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында адамзат өркениетіндегі ең көне әрі мағыналы мерекелердің бірі – Наурыз кең көлемде аталып өтті. Айтулы мейрам Нидерландтың әртүрлі қалаларында тұратын отандастарды ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне қызығушылық танытатын жергілікті тұрғындарды да бір шаңырақ астына жинады. Іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымының Нидерландтағы филиалы ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар Кәмшат Демеуова мен Дилек Тастемір-Қалқан келген қонақтарға қысқа уақыт ішінде ...

    Read More »

    Үш жылда 86 спорт кешені салынады

    Астанада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен ведомствоның дене шынықтыру және спорт, туризм, ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2025 жылғы қызметі мен 2026 жылға қойылған негізгі міндеттері жөніндегі кеңейтілген Алқа мәжілісі болды, деп хабарлады аталған министрлік. Іс-шараға Қоғамдық кеңестің өкілдері, сала ардагерлері, атақты спортшылар мен құрметті жаттықтырушылар, отандық туристік бірлестіктер мен ассоциациялар, жергілікті атқарушы органдар мен ведомствоға ...

    Read More »

    «Үздік – 2025» сыйлығының лауреаттары анықталды

    Туризм және спорт министрлігі биылғы жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлады аталған ведомство. Конкурстық комиссия шешімімен «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша әйелдер боксынан екі дүркін әлем чемпионы және Әлем кубогының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова, грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »

    Күн тәртібінде кезек күттірмейтін мәселе көп

    Бүгін «Қазақстандық спорт ардагерлері Одағы» РҚБ еліміздің спорт ардагерлері қауымдастығы үшін маңызды оқиғалардың бірі – Одақтың жоғары басқарушы органы конференциясын онлайн форматта өткізді, деп хабарлады спорт ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі. Бұл кезектен тыс конференцияның күн тәртібіне қойылған мәселелер ұйымның бүгінгі тынысын ғана емес, болашақтағы даму бағытын айқындауға бағытталды. Конференцияда аймақ өкілдері Одақтың жұмысына қатысты алдын ала есепті ұсынып, жаңартылған ұйымдық ...

    Read More »

    Білімді мыңды жығады

    Жуырда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентінде орналасқан №13 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің қабырғасында тартымды, тағылымы зор кездесу болды. Кештің құрметті қонағы Қазақстанның Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, жазушы, Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhарманы Ақын Ордабайұлы еді. Осындай келелі кездесуге ұйытқы болған айтулы мектептің директоры Аяулым Жақашбайқызы Керімқұлова кездесу кешінің жақсы өтуіне бар жағдайды туғызыпты. Мектептің ішіндегі акт ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. – Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген ...

    Read More »

    Рахмонов пен Махачев UFC-де жекпе-жекке шығуы мүмкін

    Катардағы UFC Fight Night 256 турнирінде Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы ресейлік жаңа чемпион Ислам Махачевпен кездесті, деп хабарлады Kazinform. Шавкат Катар турнирінде Асу Алмабаевты, ал Махачев өз жерлестері Сайгид Изагахмаев пен Тагир Ұланбековті қолдады. Шавкат пен Ислам кездесуден кейін өз ойларын айтты. — Иә, жаңа жұлдыздар жанып келеді. Олар жақсы нәтиже көрсетті — Пратес, Моралес. Екеуі де мықты. Біздің ...

    Read More »

    Ел сыйлайтын Елсияр аға

    Жақында елімізге белгілі спорт жанашыры, ұзақ уақыт қазақ спортының басында болып, оның дамуына өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткері Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатовты туған күнімен құттықтап шықтым. Елекеңмен 2000-жылдардың басынан таныспын. Астанаға алғаш рет келгенде ол кісі туризм және спорт агенттігі төрағасының орынбасары болып істеген еді. Міне, содан бері Елсияр аға екеуміз ағалы-інілі болып араласып келеміз. Осы уақытта оның адам баласын алалағанын ...

    Read More »