Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торреспен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Президентке елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, елімізде спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар ...
Read More »Кездесу
Қайрат Боранбаев Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды
Олимпиялық ойындардың қарсаңында Ұлттық Паралимпиада комитетінің басшысы ауысты. Осыған дейін комитеттің басшысы болған Қайрат Боранбаев қайтып ҰПК-нің президенті болып қайта сайланды. Бұл туралы Ұлттық Паралимпиада комитеті хабарлады. Комитеттің Бас ассамблеясының отырысы 31 мамырда болды. Осы жиында комитетті жаңа президентін, мекеменің тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау мен ҰПК-нің жарғысына өзгерстер мен толықтыруларды енгізу мәселесі қаралды. Отырыста Қайрат Боранбаев комитеттің соңғы төрт жылда ...
Read More »Магомед Адиев ұлттық құраманың бас жаттықтырушы қызметінен кетті
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабымен кездесті, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. Осы жерде Магомед Адиев құраманың бас жаттықтырушысы қызметінен кететінін, мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын айтты. ҚФФ Адиевтің шешімімен келісті. Енді федерация келесі аптаның басында жаңа бас жаттықтырушыны таңдайды. Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасындағы жетістігімізден кейін Магомед Адиев команданың бас бапкері ретінде келісімшартын ...
Read More »ХОК Головкинге қолдау көрсететінін айтты
Бүгін Швейцарияның Лозанна қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Халықаралық Олимпиада комитетіне ресми іс-сапары аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz. Сапардың соңғы күні ҰОК президенті Геннадий Головкин бастаған делегация ХОК басшысы Томас Бахпен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен ХОК арасындағы әріптестікті нығайту мәселесі әңгіме болды. Бах ҰОК президенті Геннадий Головкинді жауапты қызметке сайлануымен құттықтап, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа басшылығына ХОК қолдау көрсететінін айтты. ...
Read More »Қазақстан мен Беларусь дене шынықтыру мен спорт саласындағы келісімге келді
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің спорт министрлері кеңесі аясында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Беларусь Республикасының спорт және туризм министрі Сергей Ковальчукпен екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ведомство басшылары екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі дамытудың маңызды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық экономиканың негізгі салаларында жан-жақты дамып келеді. Екіжақты байланыстар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Еуразиялық ...
Read More »Иран құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Иран Ислам Республикасының спорт және жастар министрі Киомарз Хашемимен екіжақты келіссөз жүргізді, деп хабарлады ведомство. Кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы жас спортшыларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Былтыр екі елдің министрлері арасында спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Ермек Маржықпаев бұл құжат екі ел арасындағы қарым-қатынасты жандандыруға ықпал ...
Read More »ШЫҰ-ға мүше елдердің өкілдері Олимпиадалық даярлау орталығымен танысты (ВИДЕО)
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Кездесуде туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мен Үндістанныңтуризм және спорт министрлері мен өкілдеріне орталықтың жұмысы мен қызметі туралы айтып берді. Олимпиадалық ...
Read More »Туризм және спорт министрі Қытай спортшыларын бірге жаттығуға шақырды
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің спорт министрлерінің кеңесі аясында Қытайдың дене шынықтыру және спорт жөніндегі бас мемлекеттік басқарма басшысы Гао Чжиданмен кездесіп, екіжақты келіссөз жүргізді, деп хабарлады ведомство. Ермек Маржықпаев ең алдымен Қытай тарапына Ханчжоудағы Азия ойындарын лайықты деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. 2023-2024 жылдары Қытайда ел спортшылары ескек есу, бокс, мәнерлеп сырғанау, таэквондо және өзге ...
Read More »Головкин ХОК басшылығымен кездеседі
Геннадий Головкин бастаған Қазақстан Ұлттық Олимпиялық комитетінің делегациясы Швейцарияның Лозанна қаласына барды, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл жерде ҰОК делагациясы Халықаралық Олимпиада комитеттің басшылығымен кездеседі. Кездесуде халықаралық спорттық байланыстарды нығайтып, Қазақстандағы Олимпиялық қозғалысты бірігіп дамыту мәселесі қаралады, — делінген хабарламада. Бүгін ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева мен ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербек бастаған делегация Халықаралық Олимпиада комитеттің штаб-пәтері саналатын Лозаннадағы Олимпиялық ...
Read More »Елге Эверестке шыққан альпинистер оралды (ВИДЕО)
Дүниежүзінің ең биік шыңы — Эверест шыңына (8848 м) шыққан қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева пен Әлмір Қымбатбайұлы елге оралды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, оларды Алматының әуежайында қаумалаған халық күтіп алды. Бұл экспедиция еліміздің мемлекеттік туын әлемнің ең биік шыңында көтеру мақсатында болды. Осы жерде атап өтетін бір нәрсе, Эверестке (Джомалунгма, — тибетше, Сагарматха, — непалша) шыққан Анар Бурашева қазақ әйелдерінен ...
Read More »