• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Кездесу

    Алматыда «Өмірлері өнеге – Желтоқсан батырлары» жарысы өтті

    Егемендігімізді алып, дербес ел ретінде әлемге таныла бастағанымызға біріншіден, сонау 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы басты себепкер болғанын ешқашанда ұтытпауымыз керек. Осы оқиғаға қатысқан жастардың ерлігі қазақ тарихында үлкен орын алды. Алматы қаласында Желтоқсан батырларына арналып үлкен шаралар жиі өтіп тұратынын білеміз. Өткен сенбіде Мұхтар Әуезов атындағы стадионның спорт кешенінде шағын футболдан Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен БАҚ өкілдері арасында дүбірлі турнир ...

    Read More »

    Спорт журналистері жаңа басшы сайлайды

    25 қаңтар күні Қазақстан спорт журналистері қауымдастығы Жалпы жиналыс өткізіп, ассоциацияның президентін жаңадан сайлайды, делінген аталған ұйымның хабарламасында. Осы күні Нұр-Сұлтан қаласында Қауымдастықтың Жалпы жиналысы өтеді. Оған әр облыстың өкілі қатысады деп күтіліп отыр. Бұл жиында Ассоциацияның бұрынғы басшылары есеп беріп, баяндама жасайды. Одан кейін басшылық қызметтегі тұлғалары және Атқару комитеті мүшелері қайта сайланады. Жалпы жиналыстың күн тәртібі: 1) 2013-2019 ...

    Read More »

    «Реал» – Испания Суперкубогының иегері!

    Кеше Сауд Арабиясының Жидда қаласында футболдан «Реал» ( Мадрид) мен «Атлетико» (Мадрид) клубтарының арасында Испанияның Суперкубогы үшін финалдық матчтың болғанын білесіздер. Енді міне, кешегі ойыннан жақсы әсер алып, Ыстамбұлдың әуежайында астанамызға баратын ұшақты күтіп отырмын. Осы ойын туралы үйге жетсем асықпай жазамын деп ойлаған едім. Бірақ сапардан әсерім жақсы болғанымен көп жаза алмайтын сияқтымын. Оның орнына фотолар мен видеоларды сөйлетіп, ...

    Read More »

    Сауд Арабиясына сапар

    Барлық мадақ Аллаға ғана тән! Жаңа жыл мен үшін шетелге шығудан басталды. Маған шыны керек, Меккеге барып, Умра қажылық парызын өтеймін деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді. Бәрі Құдайдың қолында екен. Бәрі сол Алла тағаланың қалауымен болып отыр. Бұл сапарға мені Қазақстанның атынан Азия спорт баспасөзі ассоциациясы шақырды. Олар барлық жол ақысын, жатын орынды өз мойындарына алды. Енді ...

    Read More »

    Мен көрген Мекке

    «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады», деген сөз — рас сөз. Бұған күн сайын көз жеткізіп келеміз. Алланың құдіретінде шек жоқ қой. «Осы пендемді мына елге апарамын, шақырамын», десе адамды өзінің бұйрығымен кез келген елге, жерге апара алады. Сауд Арабиясына сапарым Жаратушының осындай бұйрығынан ғана мүмкін болды. Қазір Жидда қаласының қонақ үйінде осы жолдарды жаза отырып, Құдайға мені Меккеге апарғанына, ...

    Read More »

    Семейде атақты балуан балаларға кеңес берді

    Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдер мен оқушылар еліміздің мақтанышы, даңқты балуан Айбек Нұғымаровпен кездесті, деп хабарлады Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі Шараның өтуіне жатақхана тәрбиешілері ұйытқы болды. Қазақ күресінің майталманы, еліміздің, Азияның бірнеше дүркін чемпионы, «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Әлем барысы» сынды бәсекелердің жеңімпазы әрі жүлдегерімен жүздесу әсіресе, оқушылар үшін әсерлі өтті. –Кездесуді ...

    Read More »

    Алматыда жылдың үздіктері анықталды

    Бүгін қазақ спортының қара шаңырағы, әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірі – Қазақтың Спорт және Туризм академиясында еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтеріп жүрген бүгінгі күн батырлары, еліміздің ең үздік спортшыларын марапаттау салтанаты мен «Ұлы дала батырлары» кітабының тұсаукесері болып өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан Қазақтың Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен өтіп отырған бұл ...

    Read More »

    Еліміздің Олимпиададағы алғашқы алтын медалі көрмеге қойылды

    Еліміздің Олимпиада ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медалі Осло қаласында өтіп жатқан көрмеге қойылды, деп хабарлады Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі. Бұл көрме Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайында «Қазақстан-Норвегия: спорт дипломатиясы» деген атпен Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі, Қазақстан Спорт баспасөзі қауымдастығы, Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайының ұйымдастыруымен және оған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Сыртқы істер министрлігі мен «QazSport» ұлттық спорт ...

    Read More »

    Ұлттық спортқа арналған алқа мәжілісі аяқталды

    Бүгін ұлттық спортты дамытуға арналған үш күндік алқа мәжілісінің қорытынды жиыны болып өтті, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Елордадағы Ұлттық музейде өткен жиынды жүргізген Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан бірнеше күндік алқа мәжілісінің мән-маңызын айта келіп, уақыттарын бөліп арнайы келген барша қатысушыларға өз ризалығын жеткізді. Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазановтың құттықтау хаты оқылды. Қорытынды жиынның күн тәртібі бойынша ...

    Read More »

    Семей спорт академиясына «Еңбек Ерінің» есімі берілді

    Шығыс өңірінің спорт ұстаханасы Семей спорт академиясына грек-рим күресінен қазақтан шыққан Олимпиада және әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Даңқты балуан спорт академиясында өткен салтанатты жиынға қатысып, шаһар жастарымен оқушылары, жас спортшылар құрметпен қарсы алды. Жақсылық ағаның есімін ұлықтап жатқан жақсы жаңалықты естіп, еліміздің мақтаныштары, байрақты бәсекелерде қазақтың Көк Туын желбіретіп, Әнұранын асқақтатқан спорт саңлақтары да көптеп ...

    Read More »