• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Суға жүзу

    IV Азия Пара ойындары: Нұрдәулет Жұмағали екі дүркін чемпион атанды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында Нұрдәулет Жұмағали суға жүзу жарысында алтын медаль иегері атанды. Ол 200 метр қашықтықты 2 минут 16:74 секундтта жүзіп өтіп, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшы жеңісімен құттықтады. Нұрдәулетті осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын ...

    Read More »

    IV Азия Пара ойындары: Қазақстан бір алтын, бір қола жүлде алды (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында  Қазақстан спортшылары бір алтын және бір қола медаль иеленді. Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 100 м қашықтықты 1 минут 05:42 секундта жүзіп өтіп, Азия және Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты. Одан кейін пара велоспорттан Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды. Тас жолдағы пара веложарыс топтық сайысында ұлттық құрама ...

    Read More »

    Таңдай білу де өнер!

    Қытайдың Ханчжоуындағы XIX Азия ойындары аяқталуға таяған сайын басшы да, қосшы да бары мен жоғын түгендеп, табысы мен кемшілігін сараптап жатуы заңды. Әуелде Ойындарға аттанғанда осымыз дұрыс деп қабылдаған шешімдерінің Ойындар барысында қабырғасы сөгіліп, тұмсығымен жер сүзген шешімдеріне кінәлі іздеп,жер тепкілеп жатқандары да жоқ емес.   Бұл — үлкен шаруаның бәріне тән қорытынды. Біз де Ойындар толық аяқталмаса да болған оқиғалардан сүзіп ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстан спортшылары суға жүзуден финалға шықты

    Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары финалға шықты. 800 метр қашықтыққа еркін жүзу сайысының іріктеу кезеңінде Диана Тасжанова 8:48.46 уақыт көрсеткішімен бірінші орын алып, финалға жолдама алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Сондай-ақ, 4×100 метр қашықтыққа эстафеталық кешенді жүзу сайысында Қазақстанның әйелдер құрамасы 4:11.93 уақыт көрсеткішімен алтын орын алып, финалға шықты. Әйелдер құрамасында Диана Тасжанова, ...

    Read More »

    Әділбек Мусин суға жүзуден екі дүркін Азиада жүлдегері атанды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында тағы бір спортшымыз жүлде алды. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Әділбек Мусин қола медаль алып, осымен екі дүркін Азиада жүлдегері атанды. Осы сында Оңтүстік Кореяның спортшысы Инчул Бэк чемпион атанса, сингапурлық Цзен Вей Теонг мәреге екінші келіп, күміс медалист болды. Бұл Әділбек Мусиннің Азиядадағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, үшінші орынды жеңіп ...

    Read More »

    Универсиада: Әділбек Мусин қола жүлдегер атанды

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХ жазғы Дүниежұзілік студенттер ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Әділбек Мусин қола жүлдегер атанды. Ол баттерфляй әдісімен 100 метрге 2,03 секундта жүзіп, мәреге болып келді.  Бірінші және екінші орындар польшалық спортшыларға бұйырды. Әділбек Мусиносы қашықтықты іріктеу сатысында 52,34 секундта жүзіп өтіп, финалға шыққан еді. Бұған дейін Әділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен ...

    Read More »

    Cу спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты болып жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Эдуард Ким көркем жүзу бәсекесінің техникалық бағдарламасында қола медаль иеленді. Отандасымыз 216 ұпай жинап, топ жарған испаниялық Диас дель Рио Сол Фернандо (224.5550) мен күміс жүлдегер америкалық Годе Кеннетке есе жіберді. Ерлер арасындағы артистік жүзу ...

    Read More »

    Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында рекорд жаңартты

    Суға жүзуші Әділбек Мусин Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы  Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады. Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен100 метр қашықтықты 50,64 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Іріктеу кезеңінде ол бесінші рет жүзуде мәреге бірінші болып жетті. Енді ол 1/2 финалға жолдама алған соң, 16 мықтының қатарына кіре алды.   Дастан ...

    Read More »