• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Су спорты

    Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында екі медаль алды

    Слаломды есуден Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Александр Коробов пен Екатерина Таранцева «байдарка-кросс» сынында көзге түсті. Коробов екінші орын алса, Таранцева қола жүлдегер атанды. Бұған дейін Таранцева «байдарка жалғыз» жарысында күміс медаль алған болатын. Ал Александр Куликов пен Анастасия Ананьева «каное жалғыз» сайысында қола жүлде иеленген еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА ...

    Read More »

    Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

    Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен 23.33 секунд жүзіп шықты.  Осы нәтиженің арқасында ол 18-орынға орналасты. Жартылай финалға тек 16 спортшы шығады. Егер басқа жүзушілер белгілі бір себеппен жарыспаса,  Әділбек Мусин солардың біреуінің орнын алмастырады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан финалда өнер көрсетті

    Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары акробатикалық жаттығумен жарыс жолын аяқтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Команда сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Анна Павлецова, Жания Жиенғазы өнер көрсетті. Іріктеу кезеңі. 25 команда 1-орын. Қытай — 229.0186 ұпай 2-орын. Бейтарап спортшылар — 224.7291 3-орын. ...

    Read More »

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан финалдық кезеңге шыға алмады

    Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы финалдық кезеңге шыға алмады. Топтық сайыс бойынша техникалық жаттығуда Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова мен Жания Жиенғазы 230.8467 ұпай жинап, жарысты 14-орынмен аяқтады. Бұл сында бірінші орынды 306.2460 ұпаймен Қытай, екінші орынды 295.4633 бейтарап жалаумен жарысқа қатысқан спортшылар ...

    Read More »

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан командалық сайыста ондықтан орын алды

    Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қыздары командалық еркін жаттығуда 277.8196 ұпайға ие болып, жетінші орынға шықты. Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова мен Валерия Столбунова өнер көрсетті. Бірінші орынды Қытай құрамасы 348.4779 ұпаймен жеңіп алды. Жапония спортшылары 334.7232 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, ...

    Read More »

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды

    Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық еркін жаттығуда Қазақстан құрамасының қыздары сегізінші орынды иеленді. Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өз өнерлерін көрсетті. Туризм және спорт министрлігі  Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша мына елдер финалға шықты: Іріктеу кезеңі. 20 команда 1-орын. Қытай — ...

    Read More »

    Су спортынан ӘЧ: Карина Магрупова финалға шықты

    Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Карина Магрупова финалға шықты. Ол техникалық жаттығуда 232.2050 ұпай жинап, 12-орынға ие болды. Бұл нәтиже финалға қатысуға мүмкіндік берді. Осы жарыста әлемнің 35 елінен келген спортшылар жүлдеге таласып, 12 адам ғана финалға жолдама алды. Финал 19 шілдеде болады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    ТОП-3: Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден үздік үштікке кірді

    Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден World Aquatics ұйымының қолдауымен өткен Әлем кубогының финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Биылғы маусымның соңғы жарысында әлемнің үздік спортшыларымен бірге Қазақстан құрамасының өкілдері де өнер көрсетті. Бұл сында Қытай сполртшылары сенімді өнер көрсетіп, алтын медальдардың басым бөлігін қалталарына басты. Жалпы биылғы жарыс күнтізбесінде төрт Әлем кубогының кезеңі болды. Осының бәрінде Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Әлем кубогында үздік үштікке кірді

    Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы үздік үштікке кірді. Отандастарымыз төрт кезеңнің қорытындысында  топтық жаттығуда қола жүлдемен марапатталды. Команда сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Жиенғазы, Ясмин Тұяқова, Валерия Столбунова өнер көрсетті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »

    Пара каноэдан АЧ: Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды

    Пара каноэдан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құраамсы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Чемпионатта Бибарыс Спатай екі алтын, бір қола жүлде алса, Максим Богатырев бір алтын, екі күміс медальді иеленді. Ал Жаңыл Балтабаева екі күміс, Мейіржан Армия бір күміс, бір қола жүлдені қанағат тұтты. Еске сала кетсек, Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэмен есу ...

    Read More »