Жүзуден Францияның Канет қаласында өтіп жатқан Mare Nostrum Swim Tour 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 100 метр. Баттерфляй әдісі. Максим Груссе (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) — 51.40 секунд Әділбек Мусин — 51.82 Роман Шевляков (эстафета сайысынан әлем чемпионы) — 51.93 Клемент Секки (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) ...
Read More »Су спорты
Қазақстан суға жүзуден 60-қа жуық медаль жеңіп алды
19 мамырда Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында суға жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионаты басталды. Ол 23 мамырға дейін болады, деп хабарлады Суға жүзуден және су спорты түрлері федерациясы. Турнирде Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан мен Түрікменстан құрамалары арасында 158 медаль сарапқа салынады. Жарыстың ортасына қарай Қазақстан спортшылары 60-қа тарта медаль жеңіп алды. Ұйымдастырушылар Өзбекстанда осындай беделді турнир алғаш рет өткізіліп отырғанын атап ...
Read More »Пара спортшылар Парижге аттанды
Еліміздің XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларының алғашқы легі Францияның астанасы Париж қаласына аттанды, деп хабарлады Qazaqstan.tv. Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты. Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатысады. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Пара жүзу спортшылары ...
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден тағы чемпион атанды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы (юниорлар) көркем жүзуден аралас топтық сайыс пен акробатикалық топтар бәсекесінің еркін бағдарламасында алтын жүлдені жеңіп алды. Әуелі қыздар құрамасы (13-15 жас) көркем жүзуден топтық сайыстың еркін бағдарламасында қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадулина, Анджелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Джаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирева ...
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден күміс жүлде алды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегерлері — Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) жұптық сайыстың еркін бағдарламасында күміс жүлдені иеленді. Бірінші орынды 347.4859 балл алған Өзбекстанның спортшылары Зиёдахон Тошхуджаева мен Анна Ващенко алды. Ал Қазақстаның дуэі 340.1650 ұпай жинады. Үшінші орынға Гонконгтың өкілдері Вонг Винг Ка мен Ву КуЛок ие болды. ...
Read More »Cу спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден тағы чемпион атанды
Филлиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу жарысында Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада алтын медальді жеңіп алды. Екеуі 233.5413 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды.
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден екі алтын медаль алды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу жарысының 13-15 жас және 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Даяна Жаманшалова мен Карина Магрупова үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Даяна Жаманшалова 233.5386 ұпай жинаса, Карина Магрупова 404.0525 ұпай иеленді. Су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің екінші ойынында Сингапур командасымен кездесіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан ...
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды. Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева ...
Read More »Жүзудің жүйріктері!
Су спорты түрлерінен өтетін әлемдік жарыстарда Қазақстан спортшылары алтын тұғырға көтеріліп көрмеп еді. Осы бір олқылықтың орнын жуырда қазақстандық спортшылар толтырып, әлем чемпионатында топ жарды. Нақтырақ айтсақ, су спорты түрлерінен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Мұндай толғай табысқа жеткен қос спортшымыздың тарихи жеңісін елге сүйіншілеп айтуға болады. Тарихи нәтижені Қаркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық ...
Read More »Су спортынан АЧ: Диана Жұмағұлова төрт медаль жеңіп алды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан суға секіруден Азия чемпионатында Диана Жұмағұлова төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бүгін ол 7 метр тұғырдан секіруде күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін 19 жастағы атлет жекелей сында қола, ал Анабелла Кочкинамен бірге жұптық сайыста алтын мен күміс жүлдені алған болатын. Суға 7 метр тұғырдан секіруде Диана Жұмағұлова 255.35 нәтиже көрсетті. ...
Read More »