Жапонияда жалауы желбіреген Азия Пара ойындарында ұлттық құрама комананың сапындағы Наталья Звягенцева, Айсұлтан Күлкеев, Сиязбек Далиев пен Зульфия Габудуллина пара жүзуден 4х50 еркін стидьде аралас эстафетада 2:48.99 уақыт көрсеткішімен күміс медальді иеленді. Бірінші орынды Қытай (2:25.22), ал үшінші орынды Филиппин командасы (2:54.64) алды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Су спорты
Қазақстан жүзгіштері рекордты жаңартып жатыр
Астанада алғаш рет суға жүзуден өтіп жатқан World Aquatics – Astana 2026 әлем кубогінің кезеңінде алтын спортшымыз финалға шығып, екі спортшымыз рекордтты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz. Іріктеу бәсекелерінің қорытындысы бойынша 50 метрге еркін стильде жүзуде Глеб Коваленя 21,31 секунд нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын 0,04 секундқа жақсартты. Ол кешкі сессияда өтетін финалдық жарысқа қатысады. 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бірден екі ...
Read More »Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі басталды
Бүгін Астанада алғаш рет жүзуден өтетін World Aquatics – Astana 2026 әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 40-жуық елден 300-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен қазіргі рекорд иелері де бар. Жарыс Баку, Ташкент пен Астана қалаларын біріктіретін Silk Road халықаралық сериясының қорытынды кезеңі болады. Әлем кубогы World Aquatics ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген. ...
Read More »Су добынан ӘЧ: Қазақстан екінші жеңісіне жетті
Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші матчын Сингапур командасымен ойнап, қарсыласын 16:15 есебімен жеңді. Ойынның негізгі уақыы тең аяқталды. Содан кейін отандастарымыз пенальти сериясында сингапурлықтардан басым түсті. Қорытынды есеп — 16:15. Ернар Тілекқабыл үздік ойыншы атанды. Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Мысырдан 9:14 есебімен жеңілген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругвай ватерполистерімен ойнайды. Дастан КЕНЖАЛИН ...
Read More »Су добының саңлағы немесе спорттың осы түріндегі өзекті мәселе
Су добынан Кеңестер Одағының құрамасында ойнаған талантты тұлға, Қазақстанда спорттың осы түрінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер Асқар Оразалинов — қазақ спорты тарихында су добынан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сонар биікке шыға білген спортшылар саусақпен санарлық солардың бірі де бірегейі. Ол су добынан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы. Асқардың су добы спортында жеткен жетістіктері бір түйеге ...
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан командалық есепте екінші орынға шықты
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық жарыста Қазақстан құрамасы 23 медаль жеңіп алды. Қоржынға 8 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлде түсті. Командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды. Бірінші орынға Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола медаль) жайғасса, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола жүлде) бұйырды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА ...
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан ватерполо командалары — қола жүлдегер!
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Турнирдің соңғы күнінде су добынан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары үшінші орын үшін өткен матчтарда бақ сынап, қола медаль иеленді. Ерлер құрамасы тартысты ойында Жапония командасын 16:14 есебімен жеңді. Әйелдер құрамасы Таиланд спортшыларымен кездесіп, ойынның негізгі уақыты 6:6 есебімен тең ...
Read More »Қазақстан Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Бүгін Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды. Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова мен Виктор Друзин қорғады. Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша ...
Read More »Су спортынан АЧ: көркем жүзуден — күміс жүлде
Бүгін — Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жарыс күні, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Осы күні Даяна Джаманчалова мен Ясмин Тұяқова жұбы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды. Өзбекстан (Хадиша Агзамова, Сабина Махмудова) — 209.9784 Қазақстан (Даяна Джаманчалова, Ясмин Тұяқова) — 206.6363 Қытай (Сии Чэнь, Ютун Цзян) — 183.4671 ...
Read More »Су спортынан АЧ: қоржында әртістік жүзуден алтын жүлде бар
Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында құрама команданың арулары еркін бағдарламада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Нәтижесінде әйелдер арасындағы командалық есепте қыздар 267.0639 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Өзбекстан құрамасы – 187.3013 ұпаймен күміс медаль еншілесе, Тайланд спортшылары 180.9401 ұпаймен үздік үштіктен көрінді. Ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары