• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сырт көз — сыншы

    Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаттары анықталды

    Мәдениет және спорт министрлігінде спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін байқау қорытындыланды, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 27 үміткер қатысып, олардан газет және сайт, телевидениеде жарық көрген 118 жұмыс келіп түсті. Қазақ тілінде 15, орыс тілінде 12 ...

    Read More »

    Еліміздің Олимпиададағы алғашқы алтын медалі көрмеге қойылды

    Еліміздің Олимпиада ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медалі Осло қаласында өтіп жатқан көрмеге қойылды, деп хабарлады Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі. Бұл көрме Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайында «Қазақстан-Норвегия: спорт дипломатиясы» деген атпен Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі, Қазақстан Спорт баспасөзі қауымдастығы, Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайының ұйымдастыруымен және оған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Сыртқы істер министрлігі мен «QazSport» ұлттық спорт ...

    Read More »

    Бердіқұлов байқауы басталды

    Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті журналистер арасында қоғам қайраткері, публицист, қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұловтың атындағы байқаудың болатынын хабарлады. Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық — орыс тілінде шыққан материалға белгіленген. Үміткерлер әлем және Азия чемпионаттарына, әлем ...

    Read More »

    Төрт құрлықта Түкиевтің тулары тұр

    Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясын табаны күректей 13 жыл басқарып, қазақтың өзі жөндеп қадіріне жете қоймаған ұлттық күресті төрт құрлыққа мәлім қылып, 30-ға жуық елде федерация құруға қол жеткізген Серік Адамболсынұлы, міне, алты айға жуық жаламен қамауда отыр. Тамыздың 13-і күні Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бір топ спорт қайраткерлері мен атақты спортшылар ашық хат жолдаған едік. Қазір сол хатқа ...

    Read More »

    Елге оралған қандас бауырларға ҮНДЕУ

    9 маусым күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне өтетін сайлауды  ұлтымыздың тағдырын шешетін, еліміздегі тұрақтылықты сақтап, мемлекетіміздің бағыт-бағдарын, даму жолын одан әрі жалғастыру үшін жасалған үлкен саяси оқиға деп білемін. Еліміз Кеңес Одағынан бөлініп шығып, өзінің ірге тасын қалап, егемендігін алған соң, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күллі әлемге тарыдай шашылған қандастарымыздың Отанға оралуына Үндеу тастады. Сол кезден бастап ...

    Read More »

    Көкпар: түйіткілдер мен шешімдер

    Түркілік көкпар ойыны жаңа кезеңге аяқ басты. Ол кезеңнің басты сипаты көкпардың ойыннан спортқа айналу үдерісінің нағыз шешуші кезеңге кірісуінде. Ұлттық ойынның бұған дейінгі кезеңдері спортқа айналудың алғышартын жасады дегеніміз абзал, бірақ толық спортқа айналған жоқ. Спорт пен ұлттық ойынның арасы жер мен көктей: спорт адамзаттық құндылық болса, ұлттық ойын – этноқұндылықтың бір көрінісі, оны қызықтайтын да, дамытатын да, ойнайтын ...

    Read More »

    Ерім дейтін ел болмаса, елім деген ер қайдан болсын?

    Дана халқымыздың осындай тамаша сөзі бар. Алайда, көп жағдайда бұл сөздің мағынасына мән бере бермейтініміз рас. Жақында қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеріп жүрген қос азамат Ислам Әбішев пен Серік Түкеевтердің басына іс түскен кезде барып, мен бұл сөздің не үшін айтылғанына көзім жетіп отыр. Елім деп жүрген азаматтарға қолдау көрсетіп, оларды Ерім дейтін кез келгендіктен қолыма қалам алдым. Серік Адамұлының ...

    Read More »

    Олимпиада чемпионы Бекарыс Сәдуақас туралы бір үзік сыр

    Биыл Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасындағы Жазғы Оимпиада ойындары өткізілді. Ол алдымен 2010 жылы Сингапурде, сосын 2014 жылы Нанкинде жалауы желбіреп, үшінші мәрте ұйымдастырылды. Бұл жарыста дзюдо күресінен алтын жүлдені Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің  оқушысы Бекарыс Сәдуақас жеңіп алып, Қазақстанның атын атойлап шығарды. 6-18 қазан аралығында өткен аламан сайысқа 206 мемлекеттен 3998 саңлақ спорттың 32 ...

    Read More »

    ЮНЕСКО өкілдері Ұлттық музейде семинар-кеңес өткізді

    Бүгін ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің өкілдері ресми іс-сапармен Елордаға келді. Бұл мәртебелі меймандардың Қазақстанға арнайы ат басын бұруының басты себебі – 1-2 маусым  күндері Астанадағы «Қазанат» атшабарында өтетін Теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты мен Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатын тамашалау. Себебі, 2021 жылы алғаш рет әлемдік этноспорт ойындарын ұйымдастыру жоспарға енгізілуде. ЮНЕСКО аясында ту көтеруі  мүмкін осы әлемдік бәсекені ...

    Read More »

    Арман Шораевқа жауап. Қазақ күресін сергелдеңге салған біз емес

    Еліміздің бас газетінде жарық көрген Арман Шораевтың «Қазақ күресін сергелдеңге салған кім?» (16.11.2017) деген мақаласын оқып, оның кейбір ұшқары пікірлері мен негізсіз айыптауларына жауап жазғанды жөн санадым. Бұл мақаланы оқыған адам Арман Шораев республикалық қазақ күресі федерациясының президенті қызметіне сайланғанға дейін Қазақ елінде ұлттық күрес болмағандай, болса да қиюы қашқан, берекесі жоқ тірлікті көзге елестетеді. Арман Шораев ұлттық күрестен балуан ...

    Read More »