• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тағайындау

    Ақжүрек Таңатаров — Алматы облысы дене шынықтыру спорт басқармасының басшысы!

    Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі. Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған үміткер қаралды. Онда еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасы жан-жақты талқыланды. Соның нәтижесінде оған комиссия мүшелері келісім берді, — делінген хабарламада. Қазіргі кезде Ақжүрек Таңатаров ...

    Read More »

    Дархан Қызайбаев Asian Boxing ұйымының басшылық құрамына тағайындалды

    Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 және U22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аясында Азия бокс федерациясының кезектен тыс конгресі болды. Жиында жаңа ұйымның басшылық құрамы сайланды. Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев Қаржылық және аудиторлық комиссияның төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Дархан Қызайбаев 2024 жылдың ақпан айынан бастап халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президент қызметін атқарып келеді. Сонымен бірге ол ...

    Read More »

    Сәкен Мұсайбеков «Барыс» хоккей клубын басқарады

    «Барыс» хоккей командасының бас директоры қызметіне Сәкен Мұсайбеков тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Сәкен Жүнісбекұлы 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Әр жылдары Парламент Мәжілісі төрағасының көмекшісі, Мемлекеттік кіріс министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігі әкімшілік департаментінің директоры, Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының ...

    Read More »

    Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы тағайындалды

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресі Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Осы қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді командада бас жаттықтырушының кеңесшісі ретінде жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен еліміз грек-рим күресінен Париж Олимпиадасы (Демеу Жадыраев) мен былтырғы ...

    Read More »

    Қайсар Бекенов – «Астана» клубының бас директоры

    «Астана» футбол клубының бас директоры қызметіне Қайсар Бекенов тағайындалды. Директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Гурман клубтың ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлады «Астана» футбол клубы. Қайсар Рауфұлы 2013-2019 жылдары клубта басшылық қызметте болып, елордалық командамен бірге ел ішіндегі барлық трофейлерді жеңіп алды. Сондай-ақ еурокубоктарда тарихи жетістіктерге жетті. «Астана» – Қазақстан футболы тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан тұңғыш команда болды. Сонымен ...

    Read More »

    Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі

    Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне белгілі журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ол 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды. Нұрсұлтан Құрман отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.  

    Read More »

    Давид Лория ҚФФ вице-президенті қызметіне тағайындалды

    Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарады, деп хабарлады kff.kz. Давид Лория – қазақ футболындағы өзіндік орны бар азаматтың бірі. Ол «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Астана», «Ертіс», «Ризеспор» (Түркия), «Қайрат», «Каршияка» (Түркия), «Ордабасы» клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады. 1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда ...

    Read More »

    Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры болды

    Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды, деп хабарлады ҚФФ. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда туған. 2013-2019 жылдары аралығында және 2024 жылдың мамыр айынан бері «Астана» футбол клубында басшылық лауазымда болды. Бұған қоса, 2012-2013 жылдары Қазақстан футбол федерациясында да қызмет еткен. Оның басшылығымен «Астана» бірнеше мәрте ел чемпионы атанып, Еуропа аренасында жарқын жетістіктерімен көзге түсті. ...

    Read More »

    ҚФФ Станислав Черчесовтың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

    Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желіде ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Ресей азаматы Станислав Черчесовтың алатын жалақысы туралы тараған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Кейбір ақпарат көздері Черчесов жылына 1,2 млн еуроға жуық ақша алады деп жазған. Мысалы, әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда ол айлығын теңгеге шаққанда 1 168 800 000 теңге алады. ҚФФ бұл ақпаратты растамады. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан ...

    Read More »

    Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу), «Динамо» (Дрезден, ГФР),  «Тироль» (Инсбурк, Аустрия)  клубтарында ойнаған. Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина» (Сочи), «Терек» (Грозный), «Амкар» (Пермь), «Динамо» (Мәскеу), «Легия» (Варшава, Польша), «Ференцварош» (Будапешт, Мажарстан) командаларда жұмыс істеген. Ол 2007 жылы Мәскеудің ...

    Read More »