• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем кубогы

    Конькиші Надежда Морозова Әлем кубогынан қола жүлде алды

    Надежда Морозова конькимен жүгіруден Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының 4-кезеңінде мәре сызығын үшінші болып қиды. Жарыстың екінші күнінде Надежда Морозова 1500 метрге жарыста мәреге үшінші болып келді. Ол тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгті ғана алға жіберіп алды. Бір апта бұрын отандасымыз Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Надежда күміс жүлде алған еді. Ал одан бұрын ...

    Read More »

    Конькиші шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола медалін алды

    Денис Никиша Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды. «Денис Никиша әлем Кубогының қола жүлдегері! Спортшымыз 500 метр қашықтықта үздік үштікті түйіндеп, ел қоржынына бұл жарыстың алғашқы жүлдесін түсірді. Ертең Денис 500 метр қашықтықта тағы да жүлде үшін таласқа түседі», —  делінген хабарламада.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогының иегері атанды

    Финляндияда өткен парабиатлоннан Әлем кубогы кезеңінде Ербол Хамитов 10 км қашықтықты 32:37.0 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі. Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын тағы бір украин спортшысы Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды. Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс — Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль. Парашаңғы мен парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп ...

    Read More »

    Виталий Щиголев Әлем кубогында қола медаль алды

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңде екі жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын үшінші болып қиды. Қазақстандық спортшының нәтижесі — 7:55.850 секунд. Бұл жарыста итальян Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл — оның 2019 жылдан бергі Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен Әлем кубогында ұлттық құрама команданың көшбасшысы Азамат Дәулетбеков Әлем құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды. Азамат бұл бәсекеде 86 кг дейінгі салмақта күресті. Оның құрамасы жарысты екінші айналымнан бастады. Онда Дәулетбеков жапон Тацуия Шираиды 9:1 есебімен ұтты. Әлем құрамасы мен Жапония арасындағы белдесуде алғашқысы басым түсті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Парабиатлон: Александр Герлиц қола жүлдегер атанды

    Әлем кубогының бірінші кезеңінде Александр Герлиц парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықты 43 минут 59 секундта жүріп, қола жүлдеге ие болды. Жарыста канадалық спортшы Арендз Марк осы қашықтықты 39 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып келді. Ал екінші орынға 41.22 нәтижесімен украиналық спортшы Грегорий Вовчунский жайғасты. Парашаңғы мен парабиатлоннан Әлем кубогы үш кезеңде өтеді. Алғашқы кезең Финляндияның Вуокатти қаласында 7 ...

    Read More »

    Әлем кубогында Қазақстан рекорды тіркелді

    Алматыда шорт-тректен Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні ерлер мен әйелдер жекелей сында 500, 1500 метр мен командалық эстафетаның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс медаль жеңіп алды. Бұл биылғы Әлем кубогының үш кезеңінде қазақстандық шорт-трекшілер қол жеткізген 5-медаль. Абзал Әжіғалиев 3-орын (500 м, В финалы). Санжар Жанысов өз тобында 5-орын (500 м, В ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Балуан Азамат Дәулетбеков АҚШ—тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен әлем кубогы жарысында қола жүлдегер атанды. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның хабарлауынша, Азамат 86 келіге дейінгі салмақта әлем құрамасы сапында кілемге шықты. Әлем құрамасы бәсекені екінші айналымнан бастады. Онда А.Дәулетбеков жапониялық Тацуия Шираиды 9:1 есебімен тізе бүктірді. Дегенмен жартылай финалда ирандық Әлиреза Мұхаммед Каримимачианиге жол берді. Азамат қола жүлде үшін ...

    Read More »

    Алматыда Әлем кубогы басталды

    Бүгін Алматыда шорт-тректен Әлем Кубогының кезекті кезеңі басталды. Ол Алматы қаласындағы «Халық Арена» мұз сарайында өтуде. Жарысқа Қазақстан командасының құрамында ерлерден Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жаңысов, әйелдерден Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева мен Алена Волковицкая қатысады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

    10-11 желтоқсан күндері АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін және әйелдер күресінен Әлем кубогы жарысы өтеді. Биыл Xtream Arena-да ұйымдастырылатын белдесулерде ерлер мен әйелдер еркін күрестен алғаш рет бір спорт кешенінде жиналып, шын мықтыны анықтайды. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мұхиттың арғы бетіндегі додада Қазақстан құрамасынан екі өкіл бақ сынайтынын мәлімдеді. Олар — қыздар арасындағы 72 келіге дейінгі салмақтағы әлем ...

    Read More »