• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем кубогы

    Жанбота Алдабергенова әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді. Спортшы көрсеткен өнері үшін 80.04 балл алды. Бұл оның жарысты қола жүлдемен аяқтауына мүмкіндік берді. Бірінші орынды Даниэль Скотт (Аустралия) жеңіп алса, Марион Тхенолт (Канада) екінші орынға ие болды. Жанбота Алдабергенова —әлем кубогы бірінші кезеңінің жүлдегері, Олимпия ойындарына үш рет қатысқан (2014, 2018, ...

    Read More »

    Португалияда Алан Құрманғалиев құрмет тұғырынан көрінді

    Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Vila Nova de Gaia халықаралық турнирі өтті.  Бұл сында Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы — Эльмира Алиева) алтын медаль жеңіп алды. Ол Натанель Абрамовты (Израиль) 3:0, Натан Артур Пилардты (Франция) 3:0, Вассим Ессидті (Тунис) 3:2, Рарес Куэсдинді (Румыния) 3:2, Адитья Саринді (Австралия) 3:2 жеңді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Конькиші Алина Дауранова екінші алтын жүлдені жеңіп алды

    Конькиші Алина Дауранова Финляндияда конькимен жүгіру спортынан өтіп жатқан Әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде екінші рет алтын медальді жеңіп алды. Ол 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, мәреге бірінші болып жетті. Финляндияда Дауранова дубль жасады. Ол бұған дейін 1000 метрлік жарыста жеңіске жеткен еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Конькиші Алина Дауранова алтын медаль алды

    Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының өкілі Алина Дауранова Финляндиядағы әлем Кубогының жасөспірімдер кезеңінің жеңімпазы атанды. Ол 1000 метр қашықтықта үздік атанды. Дауранова 1:22.107 нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші мәреде поляк Виктория Дабровска болды. Итальяндық Серена Пергер үздік үштікті аяқтады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Дмитрий Морозов пен Алина Дауранова А тобына жолдама алды

    Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің В тобындағы сын аяқталды. Әйелдер арасында 500 метрге жарыста Алина Дауранова екінші орын алды. Оның уақыт көрсеткіші – 38.75 секунд. Ерлер арасында 1500 метрге Дмитрий Морозов В тобында жеңіске жетті. Ол сөреден мәреге 1:45.95 секундта жетті. Осылайша, Дмитрий мен Алина келесі кезеңнен бастап таңдаулы конькишілер бақ сынайтын А тобында өнер көрсетеді.   ...

    Read More »

    Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    Өзбекстанның астанасы Ташкентте семсерлесу мен қылыштасудан жастар арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Семсерлесуден еліміздің әйелдер құрамасы командалық сайыста финалға жетіп, жарыс қожайыны Өзбекстанға есе жіберді. Есеп – 39:45. Ұлттық құрама сапында Александра Тамбовцева, Виктория Кайдарова,  Ксения Тимашевская, Наталья Зинякова өнер көрсетті. Жекелей сында бақ сынаған спортшыларымыздың ешқайсысы жүлде ала алмады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА 

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Әлем кубогында екі жүлде алды

    Бүгін семсерлесуден Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үздік үштікті түйіндеді. Бәсекенің соңғы, 2-күні командалар өзара кім мықтыны анықтады. Қайша Жәнібек, Диляра Исабекова, Полина Ко мен Әдемі Серікбайдан құралған ұлттық құрама Грузияны 45:17 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Алайда онда Өзбекстаннан келген құрбыларына есе жіберді. Ал қола медаль үшін болған кездесуде Болгариядан 45:37 есебімен басым түсті. Командалық турнирге ...

    Read More »

    Айдос Сұлтанғали – Әлем кубогының қола жүлдегері!

    Әзербайжанның астанасы Баку қаласында грек-рим күресінен Әлем кубогы үшін турнир аяқталды. Жылдың қорытынды бәсекесіне Айдос Сұлтанғали алғаш рет жасақталған Әлем құрамасы сапында қатысты. Ол түрік балуаны Мукремин Ақтастан 7:1 есебімен басым түсіп, команданың жүлдені жеңіп алуына үлес қосты. Әлем құрамасы мен Түркия арасындағы текетірес 5:5 есебімен аяқталған. Бірақ нәтижелі ұпай бойынша 22:19 есебімен әлем құрамасы жеңіп кетті. Бозкілем шебері кыркүйекте ...

    Read More »

    Абзал Әжғалиев Солт-Лейк-Ситиде күміс жүлде алды

    Бүгін Абзал Әжғалиев АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңінде күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандық шорт-трекші 500 метрге жарыста тек канадалық Максим Лауннан қалып қойды. Үздік үштікті оңтүстік кореялық Ли Жун Со түйіндеді. Бұдан басқа бүгін Нұртілек Қажығали 1500 метрлік сында финалда бақ сынап, бесінші сатыдан көрінді. Юта штатында Қазақстан толық құрамда сынға түсіп жатыр: Ерлер – ...

    Read More »

    Әлем кубогы: жеті боксшы жеңіп, жетеуі жеңілді

    Германияның Кельн қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін халықаралық турнирдің екінші күні Қазақстан құрама командасының жеті боксшысы келесі айналымға шығып, жетеуі қарсыластарына есе жіберді. Ерлер арасында жартылай финалға Кенже Мұратұлы (51 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Нұржан Амангелді (71 кг) мен Нұрлан Сапарбай (+92 кг) шықты. Ал Қайрат Ернұр (51 кг), Сұлтан Мусинов (63,5 кг), Армат Арманұлы ...

    Read More »