• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    ТМД II ойындары: Қазақстан командасы медальсіз қалды

    Беларусь Республикасының Солигорск қаласында өтіп жатқан ТМД II ойындары аясында грек-рим күресінен белдесулер өтіп, Қазақстан қоржынына жүлде түскен жоқ. Құраманың балуандары 10 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Қазақстан құрама (U23) сапынан Изновр Абаев (72 кг) пен Рахат Бержанов (97 кг) төртінші орынға ие болды. Енді 9 тамызд еркін күрес, 13 тамызда әйелдер күресінен белдесулер болады.   Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ

    Read More »

    Қазақстанға келуге келіскен Альварес Головкиннің жанкүйерлерінен қорқып отыр

    Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға келуге келісімін берді. 33 жастағы мексикалық әлем чемпионы қазақстандық жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кәсіпқой боксшыны алаңдататын жалғыз нәрсе – Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жанкүйерлерінің реакциясы. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Алматы немесе Астанада өтетін іс-шара аясында «Канеломен» фан-митинг жоспарланған. Мексикалықтың өзі келуге алдын ала келісімін берді. Бірақ ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Тобыл» мен «Ақтөбе» жарысты жалғастырады (ВИДЕО)

    UEFA Конференция лигасы іріктеу турнирінің екінші сатысында Қостанайдың  «Тобыл» клубы мен «Ақтөбе» командасы келесі айналымға шықты. «Тобыл» Швейцарияның «Базель» командасын бірінші ойында 3:1 есебімен жеңген еді. Екінші кездесуде қарсыластарынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Сол сияқты «Ақтөбе» Кутаисиде жергілікті «Торпедо» жасағын 4:1 есебімен ұтып, екінші ойында 1:2 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Сөйтіп, екі қазақстандық команда да қарсыластарынан өз алаңында жеңілсе де ...

    Read More »

    Баскетболдан әйелдер құрамасы Азия кубогына дайындалып жатыр

    Баскетбол Қазақстан әйелдер құрамасы елордада Азия кубогы қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлады Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан ұлттық құрамасы бас жаттықтырушы Виталий Стребковтің жетекшілігімен  бір аптадан кейін жаттығуды аяқтап, Таиландтың астанасы – Бангкок қаласына аттанады. Астана қаласындағы қазіргі жиын команданың ойын мәнерін жетілдіріп, комбинацияларды шыңдауға бағытталған. Кеше Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Арина Абдуллина есе жіберді

    Түркияның Ыстанбұл қаласында (U17) күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күні әйелдер күресінен  43, 49, 57, 65 және 73 келіде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, жұбаныш белдесуін өткізген Арина Абдуллина үнді Дришти Дриштиден жеңіліп, жүлдесіз қалды. Бұдан бөлек әйелдер күресінен 40, 46, 53, 61 және 69 келіде алдын-ала белдесулер өтіп, ертең 46 келідегі Мейрамгүл Ахметжан орыс және поляк қыздарының арасындағы ...

    Read More »

    Универсиадада 100 метрге жүгіруден антирекорд тіркелді (ВИДЕО)

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада антирекорд тіркелді. Олай дейтініміз, 100 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы жарыста Сомали елінің спортшы-студенті Насыр Әли Абукар мәреге әрең дегенде ең соңғы болып жетті. Ол жарыс жеңімпазынан 10 секундқа қалып, 100 метрді 21,81 секундта жүгіріп өтті. Fox Sports ақпараты бойынша, мұндай жағдай Универсиада тарихында ешқашан болмаған. Бұл ешкім күтпеген оқиға. 100 метрге жүгірудегі рекордпен салыстыра ...

    Read More »

    Алматыда веложарысқа байланысты жолдар жабылады

    Алматыда әуесқой велосипедшілерге арналған Tour of World Class Almaty веложарысы өтеді. Веложарыс 6 тамызда «ALMATY ARENA» көпфункционалды кешенінің аумағынан басталады. Tour of World Class Almaty ұйымдастыру комитеті қаланың тұрғындары мен қонақтарына веложарыс өтетін жерлерде жол қозғалысының ішінара жабылатынын хабарлады. Көлік қозғалысы мына көшелерде шектеледі: Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі ALMATY ARENA-ға іргелес жолдың қысқа бөлігі 6 тамызда сағат 02.30-дан 17.30-ға ...

    Read More »

    «Оның ақысын жеді»: Трамп Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі туралы (ВИДЕО)

    АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп UFC ұйымының YouTube-тегі арнасына берген сұхбатында боксшылар Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегіндегі төрешілердің әділетсіздігі туралы айтты. Сосын ол қазақстандық былғары қолғап шеберімен қалай танысқанын да айтып берді. Сұхбатта YouTube-тегі арнасының жүргізушісі  Джим Нортонның: «Төрешілердің шешімі әділ болды ма?», деген сұрағына Трамп: «Білесіз бе, оның (Головкин, — ред.) басқа боксшылардан айырмашылығы көрініп тұрды. Мен оның ...

    Read More »

    Әйгілі қақпашы Буффон футболмен қоштасты (ФОТО, ВИДЕО)

    Италияның атақты голкипері Джанлуиджи Буффон 45 жасында футболдағы мансабын аяқтады. Бұл туралы ол Instagram  парақшасында жазды. Ал жігіттер, осымен болды! Сендер маған бәрін бердіңдер, мен де сендерге бәрін бердім. Біз оны бірге жасадық, — деді Буффон. Джанлуиджи Буффон 1978 жылы Италияның Тоскана облысының Карарра қаласында туған. Ол ересектер командасына ерте келген. 1995 жылы 17 жасында «Парма» клубында ойнай бастаған. Бұл ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Астана» іріктеу турнирінде жеңіліп қалды

    Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу турнирінде «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Матчта хорватиялық клуб сапынан Махир Эмрели 24-минутта, Антонио Марин 89-минутта гол салды. Бұған дейін, 25 шілдеде командалардың бірінші ойынында «Астана» қарсыласынан 0:4 есебімен ұтылған еді. Енді «Астана» UEFA Еуропа лигасы іріктеу турнирінің үшінші сатысында 10 және 17 тамызда Болгарияның «Лудогорец» командасымен кездеседі. ...

    Read More »