• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Мұсағали Тасқалиев — Асық ату федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі

    Бүгін белгілі журналист, ақын, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақ спорт және туризм  академиясының құрметті профессоры Мұсағали Тасқалиев  Асық ату федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды. Бүгін ұлттық ойынымыз асық ату спортының негізін қалаушы Жомарт Сабыржанұлы ағам екеуміз «Жұлдызай-2023» ұлттық инклюзивті ойындарында Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтановпен кездесіп, асық ату спортын алдағы уақытта дамыту жөнінде ...

    Read More »

    Дамир Ырысбаев: «Барысқа» қайтып барамын

    1990-2000 жылдардың басында «Егемен Қазақстан» газетінде «Қайда жүр екен, сол саңлақ?» деген айдар болатын. Онда газетке бұрын спортта жүрген азаматтардың немен айналысып, не істеп жүргендері туралы материал берілетін. Бүгін біз де осы дәстүрде жалғастырып, «Қайда жүр екен, сол саңлақ?» деп Астананың «Барыс» клубының бұрынғы ойыншысы Дамир Ырысбаевтың қазір қайда жүргенін, немен айналысып жатқанын білгіміз келіп, жан-жақтан сұрастырған едік. Қазір Дамир ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Жәмила Бақбергенова қола жүлдегері атанды

    Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен қола медаль жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ұлттық құраманың көшбасшысы Польшаның өкілі Наталья Ивона Стшалканы 4:1 есебімен жеңіп, осымен үшінші рет қатарынан әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін 27 жастағы спортшы 2019 жылы Норвегияның Осло қаласында жалауы желбіреген дүниежүзі бәсекесінде, одан кейін былтыр ...

    Read More »

    Мұхтархан Ділдәбеков: «Әттең, Қамшыбекке бір «қамшы» жетіспей тұр» (ВИДЕО)

    You tube-тегі QAZAQ RING арнасында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиалық ойындардың және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан ұлттық құрама командасының аса ауыр салмақтағы боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың шаршы алаңдағы жекпе-жектері туралы ойларын айтты. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс медалисі ұлттық құраманың боксшысына батылдық жетіспей тұрғанын ескертті. Азия ойындары болсы, басқа жарыс болсын ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді

    Қытайдың Ханчжоу қаласында еліміздің мемлекеттік туы көтерілді.  Мемлекеттік туды көтеру салтанатына Қазақстан делегациясының құрамындағы спортшылар мен команданың басқа мүшелері қатысты, деп хабарлады Olympic.kz. Салтанатты рәсім тиісті деңгейде өтті. Оған осында келген спортшылар мен олардың жаттықтырушылары, делегацияның басқа да мүшелері қатысты. Кешеден бері кейбір спорт түрінен жарыстар басталып кетті. Мәселен, академиялық ескек есуден әйелдер және ерлер коамандасы финалға шығып үлгерді. Мемлекеттік ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан академиялық ескек есуден финалға шықты

    Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылмас бұрын кейбір спорт түрлерінен жарымстар басталып кетті. Бүгін академиялық ескек есуден (әйелдер екілігі) Қазақстан командасының финалға шыққаны туралы хабар келді. Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, кеше спорттың осы түрінен іріктеу кезеңдері өтіп, Қазақстан құрамасының сапында Светлана Германович пен Мария Чернец финалға жолдама алды. Спортшылар іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, енді ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстан құрамасы Қытайға барды (ВИДЕО)

    Қазақстан құрамасы XIX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына барды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қытайға спортшылар мен команда өкілдері Алматыдан чартерлік рейспен жетті. Азиадаға бірінші болып бокс, жүзу, үстел теннисі, үлкен теннис, нысана көздеуден, су добынан әйелдер құрамасы, семсерлесу, спорттық гимнастика, дзюдо, регби-7, гандболдан ерлер командасы аттанды. Енді бұдан басқа да спортшылар жарысқа қатысу үшін кестесіне ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Жәмила Бақбергенова қола жүлде үшін күреседі

    Сербия астанасы — Белградта күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама команданың мүшесі Жәмилә Бақбергенова қола жүлдесі үшін күресетін болды. Ол 72 кг салмаққа дейінгі сында Моңғолияның өкілі Даваанасан Энх-Амаринға жол берді. Екі спортшы биыл көктемде Астанадағы Азия чемпионатының жартылай финалында күрескенде, Бақбергенованың мерейі үстем болған. Сол кезде ол қарсыласын 11:0 есебімен жеңген еді. Жәмила Бақбергенова  осыған дейін екі ...

    Read More »

    Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу тобында көш бастады (ВИДЕО)

    2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің кезекті ойынында Қазақстан құрамасы өз алаңында Румыния командасымен кездесті. Матч 4:3 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда ұлттық құрамада Дуглас, Альберт Ақбалықов, Эдсон мен Біржан Оразов бір-бір голдан салды. Румыния құрамасында Маня дубль жасаса, Сассе ойнының соңында есепті бір голға қысқартты. Осы жеңістен кейін кейін ұлттық құрама 6 ұпай жинап, өз тобында ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстан боксшылары тағы бес күн дайындалады (ВИДЕО)

    Бүгін бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы Алматы халықаралық әуежайынан Қытайдың Ханчжоу қаласына XIX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін бірінші чартерлік рейспен ұшып барады. Түске дейін Бокс федерациясының президенті, меценат Кеңес Рақышев аэропортқа құрама команданы шығарып салуға барып, боксшылар мен жаттықтырушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан делегациясының басты үміті — боксшылар — Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарына аттанды. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың шәкірттері бірінші ...

    Read More »