• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    VІ жазғы Спартакиадада: Алматы қаласының мергендері топ жарды (ФОТО)

    Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бір аптаға созылған бәсекеде 27 бағдарламада жүлде сарапқа салынды. Оның 12-сі жекелей, 12-сі командалық сайыста, қалған 3 медаль жиынтығы аралас жұптар арасында өз иесін тапты. Барлығы Шымкенттегі бәсекеге 9 өңірден 138 спортшы қатысты. Бүгінгі екі жүлде жалпы есептегі жеңімпазды анықтап берді. Жылжымалы нысана ...

    Read More »

    Әлем чемпионатының жүлдегері көз жұмды

    Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Ләззат Бақтиярованың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  Әлем чемпионатының жүлдегері және бірінші Азия-Тынық мұхиты ойындарының жүлдегері, жиырма төртінші Сурдлимпиада ойындарының қола медалінің иегері Ләззат Бақтиярова мезгілсіз өмірден өтті. Оған осыдан бір ай бұрын әкім Нұрбол Нұрсағатов Ләззат Бақтияроваға пәтер кілтін тапсырған еді. Біздің жерлесіміз, әлем чемпионатының жүлдегері және бірінші Азия-Тынық мұхиты ...

    Read More »

    Еркін күрес: Қазақстан құрамасы турнирде 9 медаль алды

     Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары Испанияның Мадрид қаласында еркін күрестен өткен халықаралық Гран-при турнирінде 9 жүлдені жеңіп алды. Ұлттық құраманың балуандары 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алып, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Атап айтқанда, Бекарыс Мейрамбек (55 кг), Бақытжан Қабыл (60 кг), Аманбек Алматбек (67 кг), Дамир Тұрсынов (82 кг) турнирдің жеңімпазы атанса, 55 келіде күрескен ...

    Read More »

    «Алтын допты» иеленген танымал футболшы қайтыс болды

    Әйгілі испандық футболшы Луис Суарес Мирамонтес қайтыс болды. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған halyq-uni.kz хабарлады. «Алтын доп» иегері 88 жасында көз жұмған. Мирамонтес өз мансабында «Депортиво», «Барселона», «Интер» мен «Сампдория» сапында өнер көрсетті. «Барселонамен» бірге Луис екі рет Испания чемпионатын ұтса, «Интер» құрамында А сериясының үш дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ 1964 жылы Испания құрамасы сапында Еуропа чемпионатында топ жарған. ...

    Read More »

    Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице- министрі болды

    Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице- министрі қызметіне тағайындалды. Мәдениет және спорт минимтрі Асхат Оралов осыған дейін ведомство басшысының орынбасары болған Нұрғиса Дәуешовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған. 2009-2013 жылдары — Құрманғазы ...

    Read More »

    Теннисші Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисші Даниал Рахматуллаев Иран Ислам Республиксының астанасы – Тегеран қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің жеңімпазы атанды. Даниал Рахматуллаев (284 ITF Juniors) финалда корт иесі Амирали Гаваманы 6:0, 6:1 есебімен ұтты. Ол турнирде барлық қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңді. Бұл – 16 жастағы Рахматуллаевтың Ирандағы екінші титулы. Бұдан бір апта бұрын ол тағы бір жарыста ...

    Read More »

    Мырзағали Айтжанов: «Боксшылар бізге дейін ереже сақтамаған»

     Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серіктің тыйым салынған препараттарды қолданғанына байланысты пікір білдірді. -Бұл өзі бұрын болған жағдай. Неге десеңіз, тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Қаңтар айында Ұлттық допингке қарсы орталығы Саматәлі Төлтаев пен  Абзал Серікті допингке тексергенде олар сынамадан өте алмаған, — деп ...

    Read More »

    Дәулеткерей Кәпұлы: «Республика күнінде тағы 60 қаламгерге сыйақы береміз»

    Жақында Астанада қала күні қарсаңында елорда әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының қолдауымен өткен «Астана – шабыт арқауы» атты мәдени іс-шарасында астаналық 80 қаламгер, одан кейін 25 жас ақын-жазушы 500 мың теңге көлемінде сертификат алған болатын. Енді Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлының айтуынша, Республика күнінде тағы 60 адамға 500 мың теңгенің сертификаты тапсырылады. ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты. Рыбакина үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен ойнады. Олар кортта алғаш рет кездесті. Лондонда жаңбыр жауып, матчтың өзі біршама уақытқа кешігіп басталды. Бірінші партияда Елена Рыбакина брейк жасап, 3:1 есебімен алға шықты. Сосын тағы бір брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Сөйтіп, өз геймін қиналмай ұтты. Есеп – ...

    Read More »

    TOPIQ kz — отандық, заманауи тренд платформа

    Бұл мақалада «Алматыкітап»баспасы ұсынып отырған TOPIQ kz. білім беру платформасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері жазылған. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  «Алматыкітап»баспасы TOPIQ kz. білім беру платформасын ұсынып отыр. Платформаны толықтай іске қоспас бұрын пилотты әдісті пайдаланып,мұғалімдер мен оқушы және ата-аналарға пайдасы бар екеніне қөз жеткізді. К.Ахметов атындағы ОРРММИК-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  оқушылармен бірге «Алматыкітап»баспасымен тәжірбие алмасу мақсатында ...

    Read More »