• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан құрамасы көш бастады

    Польшаның Быдгощ қаласында әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің тоғызыншы командалық әлем чемпионаты болып жатыр. Қазір А тобына түскен Қазақстан құрамасы Үндістан мен Египет құрамаларын жеңіп, 4 ұпаймен көш басына шықты. Әлем чемпиоантының алғашқы күні барлық команда 2 тур ойнады. Ұлттық құраманың жетекші ойыншысы Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439) египеттік Шрук Вафаны, сосын Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162) Шахенда Вафаны ұтты. Ал Ксения ...

    Read More »

    Финляндияны жеңе аламыз – Магомед Адиев

    Бүгін футболдан 2024 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан мен Финляндия командаларының матчының қарсаңында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев ойын туралы өз ойын айтты. Ол БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында Финляндия құрамасының бас жаттықтырушысының жақсы команда жасақтап алғанын, ойыншыларының бәрі сыннан сүрінбей өткен тәжірибелі футболшылар екенін атап өтті. Финляндия оңай қарсылас емес. Оларда шабуылда үш жақсы ойнайтын ...

    Read More »

    US Open: Қазақстан теннисшісі финалға шықты

    Теннисші Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты. Ол финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапон теннисшісі Ена Шибахара мен хорват спортшысы Мате Павич жұбымен кездесіп, қарсыластарын 7:6 (7:2), 6:4 есебімен ұтты. Бұл матч бір жарым сағатқа созылды.  Кездесуде қазақстандық жұп 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді. Енді ...

    Read More »

    Матчқа 100 пайыз дайынбыз! — Асхат Тағыберген

    Қазақстан мен Финляндия командаларының матчы алдында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев, команданың ойыншылары Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зайнутдинов ойынға 100 пайыз дайын екендерін айтты. Біз матчқа 100 пайызға дайынбыз. Жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантқымыз келеді. Біз бұған дейін де ойнадық. Енді Қазақстан құрамасының жанкүйерлерін тағы да қуантамыз деп үміттенеміз. Әрине, ойынға біз дайынбыз. Ертегі атанған Даниямен ойыннан кейін тағы да жеңіске жетеміз ...

    Read More »

    Волейболдан АЧ: Қазақстан құрамасы бесінші орын алды

    Волейболдан әйелдер арасында Таиландтың Накхонратчасима қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бесінші орын алды. Қазақстан құрамасы чемпионаттағы соңғы ойынында Оңтүстік Корея командасын жеңгенімен, турнир кестесінде бесінші орынды қанағат тұтты. Құрамалар бесінші орын үшін ойнаған еді. Бұл жолы ұлттық құрама бірінші сетте 26:24 есебімен жеңсе, екіншісінде 25:23 есебімен басым түсті. Шешуші үшінші сетте қарсыласын 25:23 есебімен ұтты. Осылайша жалпы есепте ...

    Read More »

    «Алтын доп — 2023» жүлдесінің фавориттері белгілі болды

    «Алтын доп-2023» жүлдесін жеңіп алатын фавориттердің жаңартылған рейтингісі шықты. Бұл тізімді Goal интернет-басылымы жариялады. Биылғы жүлдеге ПСЖ клубының бұрынғы шабуылшысы, қазір «Интер Майами»команжасында ойнап жүрген Аргентина құрамасының капитаны әлемнің былтырғы үздік футболшысы Лионель Месси басты үміткер болып отыр. Месси — «Алтын доп» сыйлығын 7 рет, «Алтын бутсы» премиясын 6 рет алған тарихтағы жалғыз футболшы. Екінші орында «Манчестер Сити» мен норвегиялық ...

    Read More »

    Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды

    Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жанынан «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ құрылды. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ құрылды. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды, ...

    Read More »

    Теннисші Новак Джокович жаңа рекорд жасады

    Әлемнің екінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович 47-рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты. Джокович бұл көрсеткіш жөнінен спорттағы мансабын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерерді басып озып, жекедара көш бастады. Сербиялық теннисші Нью-Йоркта өтіп жатқан АҚШ-тың ашық чемпионатының ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцті 6:1, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Осымен Джокович АҚШ чемпионатының жартылай финалына 13-рет шығып отыр. Новак Джокович ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 7 қыркүйекте Финляндия және 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландия құрама командаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 26 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Еркін ...

    Read More »

    Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды

    Белгілі файтер Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының перзиденті, меценат Кеңес Рақышев айтты. Біздің Rukh атты клубымызға UFC-тің тағы бір жауынгері қосылды. Сіздерге қазақ батыры Жалғас Жұмағұловты ерекше таныстырудың қажеті жоқ: көпшіліктің сүйіктісі, ашық мінезді және шынайы жігіт Жалғас керемет жекпе-жектер мен әдемі жеңістерді көрсету мүмкіндігін асыға күтуде. Дамир Ысмағұлов, Жәнібек Әлімханұлы мен Садриддин Ахмедов сияқты ...

    Read More »