Осы күндері Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасының дзюдошылары Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола жүлдені жеңіп алды. Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңіске жетті. Одан кейін кілемге 73 кг салмақ дәрежесінде шыққан Асқар Нарқұлов Қазақстан құрамасына екінші қола ...
Read More »Басты тақырып
Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогында көш бастады
Қазақстанның дзюдодан жастар құрамасы Еуропа кубогы үшін турнирде көш бастады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Федерацияның мәліметінше, 29-30 шілде күндері Германия астанасы — Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогы үшін халықаралық турнирге дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы қатысты. Екі күнге созылған бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады. Турнир ...
Read More »Теннисші Евсеев Президенті кубогының иегері атанды
Әлемнің 412-ракеткасы Денис Евсеев Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы болды. Ол жарыста үшінші ракетка болып тіркеліп, дүниежүзілік рейтингіде 570-орында тұрған Өзбекстанның өкілі Хумаюн Сұлтановпен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші сетте Денис Евсеев 0:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан жеті геймді алып, 7:5 есебімен алға шықты. Екінші сетте өзбекстандық спортшы 6:2 есебімен есе қайтарды. Үшінші, шешуші партияда Денис Евсеев 4:2 ...
Read More »Күрес: Түркияда әлем чемпионаты басталады
Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты (U17) басталады. Бірінші күні бозкілемге грек-рим күресі балуандары шығады. Одан кейін кезек әйелдер күресіне келсе, әлем чемпионатын еркін күрес балуандары қорытындылайды. Қазақстан құрамасы бұл жолғы дүбірлі додаға толық құрамда қатысады. Оқырманның назарларына Босфор жағалауында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандарымыздың тізімін ұсынамыз: Грек-рим күресі: 45 кг – Жарас Советов (Ақтөбе облысы). ...
Read More »Футболшы алғаш рет әлем чемпионатында хиджаб киіп, жасыл алаңға шықты
Марокко құрамасының футболшысы Нухайла Бензина алғаш рет әлем чемпионатында хиджаб киіп, жасыл алаңға шықты. Championat.com-ның хабарлауынша, Марокко командасының қорғаушысы Австралия мен Жаңа Зеландияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Оңтүстік Корея құрамасымен матчта тарихта алғаш рет басына орамал тағып, 90 минут ойнаған. Ойынның соңында ол сары қағаз алған.Ал матч 1:0 есебімен Марокконың пайдасына шешілген. Кездесуде Ибтиссам Джрайди 6-минутта жалғыз голдың авторы атанған. ...
Read More »Қазақстан ресми түрде Париж Олимпиадасына шақырту алды
Мәдениет және спорт министрлігі елімізге ресми түрде 2024 жылғы Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиялық ойындарға қатысуға шақырту келгенін хабарлады. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады, — делінген хабарламада. Олимпиялық ойындар 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. 14 маусымда ...
Read More »«Ордабасы» мен «Легия» жанкүйерлері шекісіп қалды (ВИДЕО)
Кеше Шымкентте Конференция лигасының бірінші іріктеу турнирінде «Ордабасы» мен Польшаның «Легия» клубтарының жанкүйерлері шекісіп қалды. Оның видесы әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеода жанкүйерлердің бір-біріне қол ала жүгіргенін көруге болады. Бейнежазбада ақжейде киген поляк фанаттары жергілікті жанкүйердің бірінің басынан ұрғаны, оған Шымкенттің тұрғынының жауап бергені түсірілген. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА View this post on Instagram A post shared ...
Read More »Конференция лигасы: «Ордабасы» тең түссе, «Ақтөбе» мен «Тобыл» жеңіске жетті (ФОТО, ВИДЕО)
Конференция лигасының екінші іріктеу турнирінде еліміздің үш клубы – Шымкенттің «Ордабасы», Қостанайдың «Тобыл» мен Ақтөбенің «Ақтөбе» командалары жарыс жолына шықты. Әуелі Астана уақыты бойынша «Ордабасы» өз алаңында Польшаның «Легия» жасағымен ойнады. Шымкенттің командасы ойын кезінде 2:0 есебімен ұтып жатып, қақпасына екі гол жіберіп алып, қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Сөйтіп, матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері құрамында ойынның 13-минутында ...
Read More »Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады. Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы туған. Ұлты — қазақ, білімі жоғары. «Дене шынықтыру және спорт»,«кеден ісі», «дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы», «көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша Жоғары ...
Read More »Қазақстан спортшыларының Универсиададағы жарыс кестесі шықты
Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Дүниежүзілік студенттік ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі шықты. Университет спортшыларының халықаралық федерациясының (FISU) XXXI Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Оған Қазақстан атынан спорттың 11 түрінен 93 спортшы қатысады. Спортшылар садақ ату, оқ ату, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика, дзюдо, көркем гимнастика, үстел теннисі, таеквондо, у-шу, ...
Read More »