• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    EPA

    «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Дани Алвес 4,5 жылға сотталды

    Испания соты «Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы бразилиялық Дани Алвесті әйел зорлады деген айыппен 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.

    Сонымен бірге сот Дани Алвеске жәбірленушіге 150 мың еуро моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарды.

    Қолда бар мәліметке қарағанда, бразилиялық футболшы Барселона қаласының түнгі клубтарының бірінде бір әйелмен танысып, оны дәретханада зорлаған. Ал Алвестің айтуынша, әйелдің өзі жыныстық қатынасқа келісімін берген. Бірақ сот Дани Алвестің уәжіне қарамай, әйелдің арызын ғана ескеріп, футболшыны 4,5 жылға бас бостандығына айыру туралы шешім қабылдады.

    Дани Алвес былтыр 23 қаңтарда қамауға алынған болатын. Сол кезден бері ол қамауда отыр. Камерада ол жалғыз емес. Оның жанында тағы бір атақты бразилиялық футболшы Роналдиньоның бұрынғы оққағары Коутиньо бар. Алвес оны бұрыннан таниды.

    Прокурордың айтуына қарағанда, қылмыс 2022 жылы 31 желтоқсанда болған. Бразилиялық футболшы қылмысын мойындамай, сот шешіміне шағым түсіретінін айтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Дани Алвестің бұрынғы зайыбы Хоана Санс

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *