• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Бибізада ДҮЙСЕНБАЕВА: «Барлық аудандардың жедел жәрдем бөлімшелері жалдамалы ғимараттарда орналасқан…»

    Маңғыстау облысының және Мұнайлы ауданының медицина мәселелері бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибізада Әшімқызы ДҮЙСЕНБАЕВА SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының сұрақтарына жауап берді. -Сапалы медициналық қызмет облыстың барлық тұрғындарына қолжетімді деп айта аласыз ба? Бұл бағыттағы қызметтеріңізді қалай бағалайсыз? – Медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Денсаулық сақтау саласы бойынша жеке инвестициялар есебінен Жаңаөзен қаласында 175 ...

    Read More »

    Украина боксшылары да әлем чемпионатына бойкот жариялады

    Украина бокс федерациясы ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлем чемпионаттарына бойкот жариялады. Бұл туралы «Суспільне Спорт» басылымы хабарлады. Украинаның боксшылары Ресей мен Беларусь елдерінің әлем чемпионатында өз тулары астында өнер көрсететініне наразылық білдіріп, жарысқа қатысудан бас тартты. Біздің жауабымыз қысқа әрі нұсқа.  Біздің спортшылар Ресей мен Беларусь боксшыларының шаршы алаңға шығуына қарсы, — деді Украина бокс федерациясының вице-президенті Олег Ильченко. ...

    Read More »

    Қазақстан акробатшысы әлем чемпионатының финалына шықты

    Грузияның Бакуриани қаласында фристайл акробатикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы іріктеу жарыстары аяқталды. Қазақстан спортшылары арасынан тек Шерзод Хаширбаев финалға шықты. Ол іріктеу сынында 106,79 ұпай алып, сегізінші орынға табан тіреді. Басқа спортшыларымыздан Дінмұхамед Райымқұлов 18-ші (87,57 ұпай), Роман Иванов 22-ші (61,33 ұпай), Ұланбәкір Өмірзақов 24-ші (46,98 ұпай) орынды иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Элдор Шомурадов Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы атанды

    Германияның Transfermarkt порталы Орталық Азияның ең қымбат ойыншыларының рейтингін жасады. Футболшылардың келісімшарты мен трансфер құны туралы ақпаратты анықтауға бейімделген порталдың дерегіне қарағанда, Өзбекстанның ұлттық құрамасы мен Италияның «А» сериясының «Специя» клубының шабуылшысы Элдор Шомурадов Орталық Азияның ең қымбат ойыншысы деп танылды. Оның трансферлік құны 7 млн еуроға бағаланған. Екінші орынды Қазақстан құрамасы мен  Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ...

    Read More »

    Рыбакина жарақат алып қалды

    Теннисші Дубайдағы турнирден шығуға мәжбүр болды «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы және Australian Open чемпионатының финалисі, әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінен шығып қалды. Теннисші өзінің неге бұлай еткенін Instagram-да айтты. Өкінішке қарай, мен белімдегі жарақатымның сыр беруіне байланысты Дубайдағы DDF Tennis Championships турнирінің жеке және жұпты сипатты жарыстарынан шығып кетуге мәжбүр болдым. Мен аз уақытта қайта ...

    Read More »

    Странджа кубогы: Қазақстан боксшыларының екеуі жеңіп, екеуі жеңілді (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы – София қаласында халықаралық Странджа кубогы үшін турнирінің 1/8 финалдық жекпе-жектері болды. Соңғы кездері көкжиектен ығысып қалған Германияның Галле қаласындағы халықаралық жарыстың орнына «кіші әлем чемпионаты» атанып жүрген «Странджа» турнирі жылдан-жылға өзінің беделін арттырып келеді. Турнирдің үшінші күні қазақстандықтар сапынан рингке төрт боксшы көтеріліп, олардың екеуі жеңіске жетсе, екеуі жеңілістің ащы дәмін татуға мәжбүр болды. Енді бәрін ретімен ...

    Read More »

    Теннистен алғаш рет мүгедектер арасында Қазақстан кубогы өтеді

    17-19 наурызда Алматы қаласында алғаш рет теннистен мүгедектер арасында Қазақстан кубогы үшін турнир өтеді. Оған Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе және Орал қаласынан 40-тан астам мүгедек арбасында отырған спортшы қатысады. Турнир басталмас бұрын Алматыда 6-16 наурыз аралығында теннисшілердің шеберлігін арттыруға арналған оқу-жаттығу жиыны өтеді. Жарыстың қорытындысы бойынша биылғы маусым айында Италияда «Alghero Open» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталады. ...

    Read More »

    Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездесіп, оны 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Бұған дейін екеуі бір-бірімен үш рет кездескен еді. Сонда Рыбакина үш ойында да жеңген болтын. Бұл жолы Рыбакина матчты брейкпен бастағанымен, Боузкова таразы басын теңестіре алды. Дегенмен қазақстандық тенниісші тағы ...

    Read More »

    Тағы бірнеше ауыр атлет допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді

    Елімізде ауыр атлет Игорь Соннан басқа тағы бірнеше спортшы допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов айтты. Былтыр 23 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығының тәртіптік комиссиясының келесі спортшыларды шеттету туралы шешімі шықты, — деді ол. Оның айтуынша, былтыр 9 ақпаннан 2 наурызына дейін ҚазДҚҰО жарыстан тыс допинг-бақылау жасағанда ұлттық құрама команданың спортшыларына ...

    Read More »

    Допингпен ұсталған Игорь Сонға берілген ақша мен пәтер қайтарылмайды – министрлік

    WADA халықаралық ережелеріне сәйкес, жақсы нәтиже көрсеткен кәсіпқой спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлер жүйелі түрде допинг сынағынан өтеді. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылғы 2 наурызда Жетісу облысындағы турнирде Игорь Соннан допинг-сынама алынып, ол оң нәтиже берген. WADA стандарттарына сәйкес сынамалар бірнеше рет тексерілді. Соның нәтижесінде WADA ережелері бойынша спортшыны 8 жылға барлық жарыстан шеттету туралы шешім қабылданды.   Ол ...

    Read More »