• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

    Бүгін Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталады

    Бүгін Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан  чемпионаты басталады. Ел чемпионаты 12 мен 15 қараша аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

    Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы (ерлер 320, әйелдер 144) қатысады.

    Жарыс кестесінің алғашқы күні жекпе жек сарайында мандаттық комиссия шеңберінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Е. Мырзабосынов өңірлердің аға жаттықтырушылары, федерация өкілдерімен, төрешілермен кездесу өткізді. Кездесуде спорт саласына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

    *Бағдарлама*
    11.11 — командалардың келу күні. Мандаттық комиссия.

    12.11 — жарыстың бірінші күні
    48 кг, 52 кг. (әйелдер)
    60 кг, 66 кг. (ерлер)

    13.11 — екінші күні
    57 кг, 63 кг, 70 кг. (әйелдер)
    73 кг, 81 кг, (ерлер)
    Ашылу салтанаты 16.30

    14.11 — үшінші күн
    78 кг, +78 кг.
    90 кг, 100 кг, +100 кг

    15.11 — төртінші күн
    Командалық жарыс

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *