• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Роналду Португалияның жеңілісіне қатысты ойын айтты

    Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың Марокко командасынан жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Португалия командасы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасынан 0:1 есебімен ұтылғаннан кейін Роналду Instagram әлеуметтік желісінде командасының жеңілісіне қатысты ойын айтты. Португалия құрамасы сапында әлем чемпионатын жеңіс алу менің карьерамдағы ең үлкен арман еді. Мен көптеген атақ алдым. Ұлттық құрама сапында талай ...

    Read More »

    Кәсіпқой боксшы америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

    Боксшы Николай Шваб АҚШ-тың Оңтүсік Каролина штатында өткен Рок-Хилл бокс кешінде америкалық Габриэль Смитпен жекпе-жекке шықты. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша Николай Шваб кәсіпқой бокстағы оныншы рет жеңіске жетсе, Габриэль Смит алтыншы рет жеңіліп қалды. Шваб өзінің алдыңғы жекпе-жегінде венесуэлалық боксшы Хесус Куадроны тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBA екінші дәрежелі чемпиондық белбеу – WBA ...

    Read More »

    Тоқаев тұңғыш әлем чемпионын құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта Тунисте өткен үстел теннисінен әлем чемпионы атанған Алан Құрманғалиевті құттықтады, деп хабарлады Ақорда. Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерінде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған мемлекет басшысының ...

    Read More »

    Иранда тағы бір футболшы өлім жазасына кесілді

    Иранның Тебриз қаласының «Трактор» клубының бұрынғы футболшысы Амир Наср Азадани қарсылық қозғалысына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Әзербайжанның Oxy.az хабарлады. Тебриз клубының баспасөз хатшысы Twitter-де наразылық акциясына қатысқаны үшін 26 жастағы жартылай қорғаушының өміріне қауіп төніп тұрғанын жазды. Иранның революциялық соты оған наразылық қозғалысына қатысқан алғашқы 11 белсендінің қатарында өлім жазасын берді. Бұдан екі күн алдын олардың біріншісі ...

    Read More »

    Жасыл алаңға Желтоқсан қаһармандары шықты

    Алды жетпістің асқарына жетсе, арты алпыстың қырқасына көтерілген кешегі Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhармандары ел тәуелсіздігін жеңіп алып берген нағыз батырлар. Жылдар жылжып, айлар өтер, бірақ тарих бетінде сол бір саршұнақ аязда ел тәуелсіздігі үшін жан беріп жан алысқан алапат түнде көзсіз ерлік жасаған батырларын Қазақ елі ешқашан ұтытпасы бір анық. Ал, сол ел егемендігі үшін бас көтерген 1986 жылдан бері ...

    Read More »

    Сенсация: Марокко жартылай финалға шықты

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан тағы бір команда анықталды. Ол — Марокко құрамасы. Ширек финалда Марокконың жасағы Португалия құрамасын 1: 0 есебімен жеңіп, африкалық командалардың арасында алғаш рет ½ финалға жолдама алды. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Юссеф Эн-Несири салды. Ол кезекті қарсы шабуыл кезінде допты баспен ұрып қақпаның торына дәл түсірді. Оның тура соққан добын қақпашы ...

    Read More »

    Әлемдегі ең егде футболшы Еуропада ойнағысы келеді

    55 жастағы жапониялық футболшы Кадзуеси Миура Португалияның екінші дивизионындағы «Оливейренсе» клубымен қысқа мерзімді келесімшартқа отырды. Бұл туралы Nikkan Sport хабарлады. Мируа клубтың инфрақұрылымын көруге Португалияға барып та үлгеріпті. Ал келісім келесі жылдың қаңтарына дейін жасалған. Содан кейін Кадзуеси қайтадан Жапонияға оралып, «Йокогама» командасына қосылады. Миура — әлемдегі жасы ең үлкен футболшы. Ол 1990-2000 жылдары Жапония құрамасында ойнаған. Сонымен бірге футзал ...

    Read More »

    Алматыда Әлем кубогы басталды

    Бүгін Алматыда шорт-тректен Әлем Кубогының кезекті кезеңі басталды. Ол Алматы қаласындағы «Халық Арена» мұз сарайында өтуде. Жарысқа Қазақстан командасының құрамында ерлерден Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жаңысов, әйелдерден Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева мен Алена Волковицкая қатысады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері Египеттегі турнирде жартылай финалына шықты

    Аружан Сағындықова мен Жанель Рүстемова Египеттің Шарм-әл-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады. Отандастарымыз ширек финалда ресейлік Елизавета Машна мен Елизавета Морозованы ұтты. Бірінші партияда ресейліктер 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте де олар 4:1 есебімен алда тұрды. Міне, осы сәтте Жанель мен Аружан ойын тізгінін өз қолдарына ала ...

    Read More »

    Қазақстан әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты

    Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев финалға шықты. Жартылай финалда Алан Құрманғалиев египеттік  Хана Годамен бірге аралас жұпта жапониялық Такуми Танимото – Рин Менде тандемімен кездесіп, қарсыластарын 3:2 есебімен ұтты. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, отандасымыз жартылай финалда өзін жақсы қырынан көрсете білді. Шабуылдап, қатты соққылар жасап, жұптасын да қолдап отырды. Матчтан кейін Хана Годаның ...

    Read More »