• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Роналду «Ювентустағы» қаржылық қулыққа қатысы бар деген күдікке ілікті

    Португалияның атақты футболшысы Криштиану Роналдудың басы даудан арылар емес. Әлем чемпионатының алдында «Манчестер Юнайтедтен» кеткеннен кейін оның Катарда да жолы болмады. Енді ол қаржылық айла-шарғыға қатысы бар деп айыпталып жатыр. «Спорт Экспресс» басылымының хабарлауынша, Криштиану Роналду мен «Ювентус» клубының басшылары арасындағы жасырын келісімді БАҚ өкілдері біліп қойған. Қазір туриндік команданың басына бұлт үйірілді. Клубтың президенті Андреа Аньелли мен вице-президент Павел ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Қазақстан екінші медалін жеңіп алды

    Колумбияның Богота қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс өтті. Осы сында Нұрғиса Әділетұлы 383 (170+209) келіні басынан асырып, қоссайыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды. Әлем чемпионы атағын Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес жеңіп алды. Ол қоссайыста 397 келіні (жұлқа көтеруде – 185 кг, серпе көтеруде – 212 кг) көтеріп, ...

    Read More »

    Алексей Чуркин — әлем чемпионатының қола жүлдегері!

    Колумбияның Богота қаламсында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Алексей Чуркин қола жүлдені жеңіп алды. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші болды. Қоссайыс сомасында ауыр атлет 343 (153+190) килограмм көтерді. Бірінші болып Индонезиялық Рахмат Абдулла аяқтады. Екінші орынды Ризки Джуниансьяху (Индонезия) иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем кубогында Қазақстан рекорды тіркелді

    Алматыда шорт-тректен Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні ерлер мен әйелдер жекелей сында 500, 1500 метр мен командалық эстафетаның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс медаль жеңіп алды. Бұл биылғы Әлем кубогының үш кезеңінде қазақстандық шорт-трекшілер қол жеткізген 5-медаль. Абзал Әжіғалиев 3-орын (500 м, В финалы). Санжар Жанысов өз тобында 5-орын (500 м, В ...

    Read More »

    Жас теннисшілер ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

    Астанада «Дәулет» теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті. Қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жекелей сында үздік шықты. У.Романова финалда ресейлік Ксения Крупенинаны 6:3, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Жұптық сында Әдемі Аманкелді мен Сати Әубәкірова ресейліктер Кристина Белкова – К.Крупенинадан айласын асырып, жеңімпаз атанды. Бұл кездесу 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. Ұлдардан Ілияс Маратұлы ...

    Read More »

    Ангелина Лукас UBO чемпионы атанды

    Боксшы Ангелина Лукас Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде кәсіпқой рингтегі үшінші айқасын өткізіп, UBO чемпионы атанды. Ол бұл титул үшін, яғни UBO тұжырымы бойынша екінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Танзания өкілі Лулу Каягемен кездесті. Кездесуде Лукастың қарсыласы екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетіп, UBO-ның әлем чемпионы атанды. Ал Лулу ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Балуан Азамат Дәулетбеков АҚШ—тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен әлем кубогы жарысында қола жүлдегер атанды. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның хабарлауынша, Азамат 86 келіге дейінгі салмақта әлем құрамасы сапында кілемге шықты. Әлем құрамасы бәсекені екінші айналымнан бастады. Онда А.Дәулетбеков жапониялық Тацуия Шираиды 9:1 есебімен тізе бүктірді. Дегенмен жартылай финалда ирандық Әлиреза Мұхаммед Каримимачианиге жол берді. Азамат қола жүлде үшін ...

    Read More »

    Тұңғыш әлем чемпионы елге қола жүлде де әкеле жатыр

    Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев алтын жүлдемен қоса қола медаль жеңіп алды. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, Эльмира Әлиева жаттықтыратын 15 жасар спортшы мысырлық Хана Годамен аралас жұпта әлем чемпионы атанса, жекелей сында үздік үштікке ілікті. Жекелей сында 15 жастағы жасөспірімдер арасында франциялық Флавиен Котон топ жарса, жапониялық Ёшияма Казуки екінші орынға ие болды. Алан ...

    Read More »

    ФИФА әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты

    Халықаралық футбол федерациясы әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты. ФИФА-ның әлемдік даму департаментінің басшысы Арсен Венгердің айтуынша, қазір Халықаралық футбол федерациясы 4 жылдық циклмен жұмыс істеп жатыр. Бұдан былай екі жылдық цикл туралы әңгіме болуы мүмкін емес. «Мен басында бұл жақсы идея деп ойладым. Бірақ мұндай өзгерістер іріктеу күнтізбесін толық қайта қарауды талап етеді. Біз қазір мұны ...

    Read More »

    Жанқош Тұраров IBO чемпионы атағын жеңіп алды

    Жанқош Тұраров Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті. Ол венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен шаршы алаңғңа шықты. Жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental чемпионы атағы сарапқа салынды. 10 раундқа есептелген айқаста отандасымыз жетінші раундта жеңіске жетті. Ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 26-жеңісіне жетіп, IBO-ның қосалқы чемпиондық белдігін иеленді. Ал Луис Энрике Ромеро ...

    Read More »