• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Боксшылар «Странджа» турниріне қатысады (ВИДЕО)

    2-12 ақпан аралығында Болгарияның астанасы-  Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Биыл бұл турнир осымен 75 рет жалауын көтереді. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов турнирге қатысатын былғары қолғап шеберлерінің тізімін атады. Олардың арасында жақында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына алынған 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп жүрген әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да ...

    Read More »

     «Канелоны» бір раундта үш рет құлатуға болады – Жәнібек Әлімханұлы (ВИДЕО)

    Кәсіпқой бокстан WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Qazaqstan телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында атақты мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке шықса, бір раундта үш рет құлата алатынын айтып қалды. Біз алғаш рет АҚШ-қа 2018 жылы барып, келісімшарт жасастық. Біз алдымызға айқын мақсат қойдық. Біздің басты мақсатымыз әлем чемпионы болу еді. Сол мақсатқа ...

    Read More »

    Бокстан америкалық әлем чемпионы Ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)

    WBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта және жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Джервонта Дэвис Ислам дінін қабылдады. Ол 2013 жыл әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа аууысқан. Сол кезден бері шаршы алаңда ешкімнен ешқашан жеңіліп көрмеген. 2017 жылы алғаш рет 59 кг салмаққа дейінгілер арасында IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған. 2019 жылы 61,5 кг салмақта WBA тұжырымы бойынша дүниежүзінің ең ...

    Read More »

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылды

    Алматы қаласының Медеу аудандық полиция басқармасы 1959 жылы туған әйгілі боксшы Серік Нұрқазовтың аман-есен табылғанын хабарлады. Бұдан бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылды. Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, атақты боксшы туыстарына тапсырылды. Еске салсақ, Серік Төкенұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланған болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Боксшы Махмұд Сабырхан жылдың үздік спортшысы атанды

    Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі іс-шарада ел абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары 18 аталым бойынша марапатталады, деп хабарлады ведомство. Салтанатты жиынға Парламенттің депутаттары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері және биылғы әлем чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ...

    Read More »

    Атақты боксшы Серік Нұрқазов табылмай жатыр

    Атақты боксшы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімет шықты.  Бұл туралы «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Серік Нұрқазов 1959 жылы 4 қазанда туған. 2023 жылы 14 желтоқсанда Луганский көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйін үйіне қайтып келмеген. Ол сұр бас киім киген. Үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Серік Нұрқазовтың шашы ақ,  сақалы ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы түгелімен Баходир Жалоловтың үйлену тойына барды (ВИДЕО)

    Ташкент қаласында Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы атақты боксшысы Баходир Жалоловтың үйлену тойы болды. Оның шаңырақ көтеру тойына бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы да барып, той иесін құттықтап қайтты. Тойда ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бірінші болып сөз сөйлеп, боксшыны үйлену тойымен құттықтады. Баходир Жалолов құрмет тұғырына жайдан-жай келген жоқ. Қазір Өзбекстанда боксқа қатты мән беріліп, ол жан-жақты дамып жатыр. ...

    Read More »

    Олимпиадаға дайындық Алматыдан басталады – Мырзағали Айтжанов

    Бокстан Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов спортшылардың келесі жылға жоспары туралы айтып берді. Ол ұлттық құраманың бірінші және екінші номерлі боксшыларының келесі жылы маңызды жарыстарға қатысатынын, осыған байланысты  команданың жаттығу жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлады olympic.kz. Қазір команданың біраз мүшесі Ғалым Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр. Әлем чемпионы атанған боксшыларымыз жақында «Чемпиондар түні» ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов жаңа қызметке тағайындалды

    Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының бұйрығымен бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды. Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары арасынан үш бірдей Олимпиялық ойындарға қатысқан жалғыз боксшы. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада 49 келі салмақта көшбасшысы атанып, 32 жасында мансабын аяқтаған. Ол 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ...

    Read More »

    Астанада боксшылар «мерекелік кешке» дайындалып жатыр

    15 желтоқсанда Астанада алғаш рет Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен «Чемпиондар түні IBА» — «Astana Arlans» турнирі болады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Кеште Қазақстан және шетелдің боксшылары жекпе-жекке шығады. 8 жекпе-жек 6 раундтан болады. Әр раундта былғары қолғап иелері 3 минуттан бокстасады. Кештің басты жекпе-жегінде 71 келі салмақта Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиаданың чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов ...

    Read More »