• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі басталады (ВИДЕО)

    13-18 мамыр аралығында Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі болады. Оған қатысатын боксшылар анықталды, деп хабарлады Olympic.kz. Турнирге ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. Олардың арасында Олимпиада жолдамасының иегерлері Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) мен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) бар. Сондай-ақ, жарыста әлем ...

    Read More »

    Төрехан Сабырхан бокстан төрт дүркін Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Төрехан Сабырхан төрт дүркін Азия чемпионы атанды. 67 келі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан Өзбекстанның боксшысы Мұхаммадазизбек Исмаиловты жеңді. Финалда ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Одан басқа Өнер Сейілхан, Толғанай Қасымхан, Аяжан Ермек, Алексей Хаванцев, Аяжан Сыдық өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Сабырхан Төрехан – 2023 жылғы әлем чемпионы ...

    Read More »

    Маңғыстаудан қашан Олимпиада чемпионы шығады?

    Әлеуметтік желіден Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш Қарақия ауданы Жетібай кентінде ауыл азаматымен сөйлесіп тұрғанын көріп қалдым. Ол Жетібайда не істеп жүр? Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жас баланы лас саясатқа итермелей бермей, Маңғыстаудан Олимпиада чемпиондарын шығаруына атсалыспай ма?  Марқұм Бекзат Саттарханов бокспен он бес жасында айналысып, жастар арасында Қазақстан чемпионы атанып, жасөспірімдер мен жастар арасындағы ...

    Read More »

    Санатәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысты

    Боксшы  Санатәлі Төлтаев Sport+ Qazaqstan арнасына берген сұқбатында жақын арада кәсіпқой боксқа ауысатынын айтты. Кәсіпқой боксқа ауысуды жоспарлап отырмын. Алланың қалауымен бұл деңгейдегі алғашқы жекпе-жегімді мамыр айында өткіземін. Негізі Белградтағы әлем чемпионатынан кейін ауысамын деген ой болған. Бірақ жаттықтырушым алдымен Олимпиадада бағымызды сынап көрейік деген еді. Енді қазір менің салмағымдағы (63,5 кг, — ред.) лицензияға басқа боксшы таласатын болғандықтан, мен ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Қазақстан құрамасы анықталды

    25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен U-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Оған қатысатын алғашқы құрам анықталды.  2006-2007 жылы туған қыздар құрамасында Азия чемпиоатына  Әнел Әбдірасылова (48 кг), Элянур Тұрғанова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Аяжан Сыдық (54 кг), Аяжан Ермек (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг), Ұлдана Таубай ...

    Read More »

    Қазақстан, Куба мен Өзбекстан боксшылары бірге жаттығып жатыр

    Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған Қазақстан боксшыларымен бірге  Өзбекстан мен Куба құрамалары қатысуда. Қазақстан командасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6алты боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар. Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келді. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Баһадүр ...

    Read More »

    «Канело» еліміздегі су тасқынына қатты алаңдап отырғанын айтты

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес еліміздегі су тасқыны жағдайына қатты алаңдап отырғанын айтып, өз ойы мен ішкі сезімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, — деді ол алаңдаушылығын жасырмай. Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жекке шығып, соның екеуінде төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта ...

    Read More »

    Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді

    Астанада 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Beeline Arena спорт кешенінде жастар және U-22 боксшылар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатысады. Екі жас аралығында жігіттер мен қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиялық жүйе бойынша ұйымдастырылады. U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы): Жігіттер арасындағы жекпе-жектер – 46-48, 51, 54, 57, 60, ...

    Read More »

    Астанада Олимпиада жолдамасына таласатын боксшылар анықталды

     Астанада спаррингтік турнирдің финалдық жекпе-жектер болды. Бүгін ерлер арасында 63,5 келі салмақтағы жеңімпаз анықталды. Бұл салмақтағы финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов шаршы алаңға шықты. Жекпе-жекте Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жетті. Ол осы салмаққа жақында ауысқан Бекбауовтан финалда айласын асырды. Бұған дейін ол турнирде Ертуған Зейнуллинов пен Жандос Қарабалиевті жеңген болатын. Осылайша, боксшы Таиландтағы соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасына таласатын мүмкіндік алды. ...

    Read More »

    Спаррингтік турнирде финалға шыққан бокшылар анықталды

    Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде қыздар арасында алғашқы финалистер анықталды. 66 келі салмақтағы Жасмин Қизатова Лаура Есенгелдімен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Енді ол финалда ұлттық құрама үздігі Наталья Богдановамен күш сынасады. 75 келіге дейінгі салмақтағы Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызының жекпе-жегі де тартысты болды. Бұл айқаста төрешілер шешімімен Гүлсая Ержанға финалға жолдама берілді. Енді Гүлсая Ержан финалда Валентина Хальзовамен ...

    Read More »