• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    УЕФА президенті қайта сайланды

    Португалияның Лиссабон қаласында өткен УЕФА-ның 47-конгресінде Александер Чеферин Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті қызметіне қайта сайланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының хабарлауынша, Александер Чеферин аталған одаққа тағы төрт жыл басшылық жасайды. Ол сайлау барысында жалғыз үміткер болды. Футбол маманы одаққа 2016 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Александер Чеферин 1967 жылы Югославияда (қазіргі Словения) туған. 2005 жылдан бері футбол ...

    Read More »

    Арабтар Мессиге жылына 400 млн еуро жалақы ұсынды

    Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубы Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» командасының шабуылшысы Лионель Мессиге жылына 400 млн еуро жалақы ұсынды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо Twitter-де хабарлады. Месси ұсынысқа әлі жауап берген жоқ. БАҚ-тардың хабарлауынша, ол әлі де Еуропада ойнағысы келеді. Оған қоса, аргентиналық шабуылшы «ПСЖ-мен» келісімшартын ұзартуға да келіспей отыр. Кейбір дерекке қарағанда, Месси «Барселонаға» ауысуы мүмкін.   Дастан ...

    Read More »

    EURO 2024: УЕФА сайты үздік голды анықтап жатыр

    Еуропаның футбол қауымдастығы (УЕФА) Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің екінші турында Дания командасының қақпасына салған голын үздіктер номинациясы қатарына қосты. Қазір УЕФА-ның сайтында екінші турадағы үздік голға дауыс беріліп жатыр. Үздік гол номинациясына үміткерлер қатарында англиялық Букайо Сака, беларусьтік Владислав Морозов пен румыниялық Андрей Буркэ бар. Әзірше Асхат Тағыберген мен Владислав Морозов алда келеді. Олардың ...

    Read More »

    Белгілі комментатор ҚФФ президентінің кеңесшісі болды

    Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы  © BEK Sport Telegram-арнасы хабарлады. SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының редакциясы әріптесімізге жаңа қызметте табыс тілейді.

    Read More »

    Мессидің трансферлік бағасы арзандап кетті

    Футболдан әлем чемпионы, Аргентинаның ұлттық құрамасы командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің трансферлік бағасы 16 жылда алғаш рет  50 млн еуродан арзандап кетті. Осы кезге дейін Мессидің құны 45 млн еуро болған. Сөйтіп, аргентиналық футболшының трансферлік бағасы 2007 жылдан бері алғаш рет 50 млн еуродан арзан болып отыр. Былтырғы жылдың қараша айында Transfermarkt Мессиді 50 млн еуроға бағалаған, ...

    Read More »

    U-20 әлем чемпионатын өткізетін ел өзгеруі мүмкін

    Футболдан биылғы жастар арасындағы әлем чемпионаты уақтылы өтпесе, мундиаль басқа елде өткізілуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мәлімдеді. ФИФА-ның жоспары бойынша Индонезияда өтетін әлем чемпионатының жеребе жеребе тарту рәсімі 31 наурызда Бали аралдарының орталығы Денпасар қаласында өтуі керек. Бірақ салтанатты рәсімге бір аптадан аз уақыт қалса да ФИФА әлі күнге дейін жеребе тарту рәсімі туралы ешқандай ресми ақпарат таратқан ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы сыйақы алады (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстанның ұлттық құрама 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің екінші матчында Дания командасын жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтты. Қаржылай сыйақы туралы айтсам, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Дегенмен футболшылар үшін жеңістің өзі – ақшадан қымбат. Себебі, біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе, жанкүйерлеріміздің ...

    Read More »

    Қуат Хамитов футболдан Қазақстан жеңісіне қатысты ойын айтты

    Аралас жекпе-жектің файтері Қуат Хамитов футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Қазақстан ұлттық құрамасының Дания командасын 3:2 есебімен жеңгеніне қатысты ойын айтты. Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын. Несіне қуанасың, айналаға қараңызшы, халық деген 30 жыл бойы күнін әзер көруде, жұмыс жоқ, орташа табыс 80 мың ғана, азық-түлік қымбат, медицина жоқ, адамдар қарызға кіріп жүр. Соған қарамастан халықтың аузынан жырып, ...

    Read More »

    Өмір қимыл-қозғалыс және әрекеттен тұрады

    Өмір өзі қимыл, қозғалыс, әрекеттен тұрады емес пе?! Егер осы бір адамға берілер үш қасиет тоқтаса өмір де тоқтайды. Бескүндік бұл жалғанда адам өмірге қонақ. Сондықтан да қамшының сабындай қысқа ғұмырымызды мәнді, мағыналы етіп өткізгенге не жетсін. Денсаулықтың қадірін біз тек бір жеріміз сырқырап ауырғанда ғана білеміз. Ибн Сина: «Ауырып тұрып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», — деген екен. Ендеше ...

    Read More »

    Өзбекстан құрамасы алғаш рет Оңтүстік Американың командасын ұтты

    Футболдан Өзбекстанның ұлттық құрамасы Сауд Арабиясында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиыны кезінде Боливия командасымен жолдастық кездесу өткізіп, қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты. Бұл туралы uza.uz хабарлады. Матчта команда капитаны Элдор Шамуродов 36-минутта жалғыз голдың авторы атанды. Ол ұлттық құрама сапындағы голдар санын 34-ке жеткізіп, Максим Шацкихтің рекордын қайталады. Енді Сречко Катанецтің шәкірттері 28 наурызда Оңтүстік Американың тағы бір өкілі – Венесуэлаға қарсы ...

    Read More »