• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Бүгін әлемнің жаңа чемпионы анықталады

    Бүгін Катарда өтіп жатқан футболдан XXXII әлем чемпионаты өзінің мәресіне жетеді. Финалдық матчта Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі. Кездесу Доха қаласының іргесінде осы чемпионат үшін арнайы салынған Лусаил кентінде бой көтерген өзімен аттас «Лусаил» стадионында өтеді. Ол Астана уақытымен 21:00 сағатта басталады. Аргентина құрамасы осымен әлемнің соңғы үш чемпионатында екінші рет финалға дейін жетіп отыр. Ол 2014 жылы Бразилияда жалау ...

    Read More »

    Футболдан ӘЧ: Хорватия қақпашысы 25 соққыны қайтарып, ең үздік атанды

    Хорватия құрамасының қақпашысы Доминик Ливакович футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында соққыны қайтару жөнінен үздік деп танылды. Жалпы, бұл қақпашы 7 кездесуде барлығы 25 соққыны кері қайтарған. Осылайша, ол бұған дейін көш бастап тұрған Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсныдың көрсеткішінен (23) асып түсті. Бірақ Войцех Щенсны чемпионатта 4-ақ матч өткізген. Ал 5 кездесуде 18 сэйв жасаған Нидерланды қақпашысы Андрис Нопперт ...

    Read More »

    Хорватия әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Катардағы футболдан әлем чемпионатында Хорватия құрама командасы қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін матчта Хорватия Марокко құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойнның 7-минутта хорваттықтар есеп ашқанымен арада екі минут өткенде марокколықтар таразы басын теңестіріп кетті. Бірінші таймның соңында Оршич гол соғып, Хорватияға жеңіс сыйлады. Хорватия осымен екінші рет қола жұлдені жеңіп алды. Олар 1998 жылы Францияда өткен әлем чемпионатанда ...

    Read More »

    «Мессидің жүрегін қарс айырады». Сарапшы әлем чемпионын атады

    Британдық белгілі журналист әрі тележүргізуші Пирс Морган Франция құрамасы әлем чемпионы атағын қорғап қалады деп ойлайды. Ол Катардағы әлем чемпионатында француздар Аргентина құрамасын ұтатынын айтты. Франция қалай болса да, әлем чемпионатында жеңіске жетеді де, Мессидің жүрегін қарс айырады деп ойлаймын, — деп жауап берген Морганның сөзін talksport.com. хабарлады. Әлем чемпионатындағы Франция мен Аргентина арасындағы финал 18 желтоқсанда өтеді. Ал бір күн ...

    Read More »

    Мессиді барынша шектеуге тырысамыз — Дидье Дешам

    Футболдан Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам Аргентина командасы мен Лионель Месси туралы ойын айтты. 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында франциялықтар Аргентинаны 1/8 финалда ұтқан болатын. Осы жолы екі команда финалда ойнайды. Бұл оңай болған жоқ. Бірақ ойын сапасы, тәжірибе мен ойлау арқасында біз финалға жеттік. Месси турнир басынан тамаша ойнады. Төрт жылдан кейін ол бізге қарсы орталық шабуылшы ...

    Read More »

    Роналду «Реалдың» базасында жаттығып жүр

    Португал футболшысы Криштиану Роналдудың Мадридтің «Реал» клубының базасында жаттығып жүргені белгілі болды. Бұл туралы «Чемпионат.ру» хабарлады. Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалында жарыс жолынан шығып қалған Португалия құрамасымен бірге елге қайтқан Криштиану Роналду уақытты босқа өткізбей, бұрынғы клубында жаттыға бастады. Ол «Король клубының» сапында 2009-2018 жылдары өнер көрсеткен болатын. Қазір оның клубы жоқ, – делінген хабарламада. Порталдың хабарлауынша, португал ...

    Read More »

    Футболдан ӘЧ: Еуропа елдерінде жаппай тәртіпсіздік басталды

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Францияның ұлттық құрамасы Марокко командасын жеңгеннен кейін толқу басталды. Жаппай тәртіпсіздіктер Франциямен қатар, Бельгияда да болып жатыр. Франция мен Марокко құрамаларының матчы 2:0 есебімен аяқталған еді. Осыны сылтау етіп, ашуға булыққан халық Париж бен Монполье қалаларының көшелеріне шығып, полицияға қолдарына түскен заттардың бәрін лақтырып, тәртіпсіздік жасады. Daily Mail басылымының хабарлауынша, сәрсенбіден бейсенбіге ...

    Read More »

    Франция құрамасы финалға шықты

    Бүгін Қатарда футболдан өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалының екінші матчында Франция мен Марокко құрамалары кездесті. Кездесуде Франция командасы ойын басталмай жатып, 5-минутта есеп ашты. Франция құрамасының қорғаушысы Тео Эрнандес акробатикалық секіріс жасап, допты Яссин Бононың қақпасына соқты. Бұған дейін биылғы додада Африка командасы өз қақпасына тек бір допты жіберіп алған болатын. Онда да Марокко құрамасының қорғаушысы Наиф ...

    Read More »

    Месси тағы бір рекордты жаңартты

    Аргентина ұлттық құрама командасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір рекордты жаңартты. Ол Аргентина мен Хорватия командаларының матчында 11 метрлік айып добын соғып, екінші таймда командаласы Хулиан Альвареске нәтижелі пас беріп, әлем чемпионаттарындағы голдарының санын 11-ге, пастарының санын 9-ға жеткізді. Осылайша, «Алтын доптың» 7 дүркін иегері Месси Мирослав Клозеден (16 гол + 3 ...

    Read More »

    Аргентина финалға шықты

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жартылай финалда Хорватия командасын 3:0 есебімен ұтып, финалға шықты. Бұл кездесуде аргентиналықтар сапында бірінші голды Лионель Месси салды. Ол 11 метрлік айып добын соғып, қақпаны дәл көздеді. Араға бес минут салып Месси хорваттардың бірнеше футболшысын алдап, командаласы Хулиан Альварестің есепті еселеуіне мүмкіндік жасап берді. Үзілістен кейін Хорватия сапында бірден үш ойыншы тыңнан ...

    Read More »