Астанада күрес түрлерінен аяқталған Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың балуандары- Жүсіп Батырмырзаев пен Ризабек Айтмұхан финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Әуелі Ризабек Айтмұхан (92 кг) жапон балуаны Араш Йошидамен күресіп, одан айласын асыра алмады. Содан кейін кезекті белдесу ауыр салмақтағы Жүсіп Батырмырзаевқа (125 келі) келіп ол да өкінішке қарай, Моңғолияның өкілі Лхавагерел Мунхтурдан жеңіліп қалды. Бұған дейін ...
Read More »Күрес
Азамат Дәулетбеков — екі дүркін Азия чемпионы!
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет Азия чемпионы атанды. Ол былтыр Моңғолияның астанасы -Улан-Батор қаласында жалауы желбіреген құрлықтың чемпионатында алғаш рет алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Енді міне, ол 86 келіге дейінгі салмаұта тағы та топ жарды. Азамат Дәулетбеков Иран елінің өкілі, үш дүркін Азия чемпионы Алирез Каримимачианиді жеңді. Осылайша ол ...
Read More »Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Қазақстан құрама командасының сапында еркін күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алған төрт балуанның арасында бірінші болып бозкілемге шыққан Дархан Есенғали 74 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ол жапон балуаны Кирин Киношиттаны 7:1 есебімен жеңді. Бұған дейін Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль иегерлері атанған болатын. Енді кешкі сессияда тағы үш балуанымыз құрмет тұғырының ең биік сатысына шығу үшін ...
Read More »Азия чемпионатының соңғы күні 4 қазақ балуаны финалға шықты
Бүгін Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың төрт балуаны финалға шықты. Атап айтқанда, Дархан Есенғали (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 кг) жұбаныш белдесуіне қатысады. Ол жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін күреседі. Кеше еркін күрестен ұлттық ...
Read More »Еркін күрес балуандары Азия чемпионатын 2 алтын, 1 қола медальмен бастады (ВИДЕО)
Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес балуандары 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Бүгін бес салмақтың екеуінде Мадияр Құрамысовтың шәкірттері қарсылас шақ келтірмей, жанкүйерлерді қуантты. Күндізгі сессия қорытындысы бойынша барлық салмақтағы ұлттық құраманың балуандары кешкі сессияда жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Оның ішінде финалға екі спортшы шықты. Санжар Досжанов 1/8 финалда кореялық Сук Хон Паркты таза ...
Read More »Канехама РИО: «Жапонияда үш жүз мың қыз күреспен айналысады»
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан қАзия чемпионатына Жапонияның әйелдер құрамасын бастап келген бас жаттықтырушы Канехама Рио бізге шағын сұхбат берді. — Жапонияның күрес федерация басшылары алдағы уақытта Қазақстан әйелдер құрамасы спортшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізуге рұқсат бере ме? — Мархабат! Жапонияда 17-22 қазан күндері оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Сол кезде келіңіздер. Бірақ кемінде он адам келуі керек. — Қазіргі кезде Жапонияда ...
Read More »Нилуфар РАЙМОВА: «Алғаш рет ересектер арасында үшінші орын алып тұрмын»
Нилуфар Раймова қырғыз өкілі Бермет Нуридинқызын Азия чемпионатының қола жүлде үшін белдесуінде жеңіп, жүлдеге ие болды. Қазақстан әйелдер құрамасында үшінші қола медаль алған Нилуфар Раймова жарыстан кейін сұхбат берді. — Алғашқы белдесуімде тайпэйлік Ю Ченг Хангпен кездестім. Бірінші кездесуім болғасын қиындау болды. Ауыр болды. Оны 6:5 есебімен жеңдім. Бірінші кездесу бәріне қиын болады. Екінші қарсыласым өзбекстандық Ләйла Сабировамен бұрын кездеспегенмін. ...
Read More »Жәмила Бақбергенова – үш дүркін Азия чемпионы! (ВИДЕО)
Астана қаласында әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні 72 кг салмақта бозкілемге шыққан Жәмила Бақбергенова алтын жүлдені жеңіп алды. Ол осымен үшінші рет әр жылдары (2020, 2022) өткен Азия чемпионатының құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Яғни, құрлықтың үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен бірге ол әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Жәмила Бақбергенованың финалдағы қарсыласы Жапонияның балуан қызы ...
Read More »Эльмира Сыздықова екі дүркін Азия чемпионы атанды
Астана өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында 76 кг салмаққа дейінгі дәрежеде күрескен Эльмира Сыздықова алтын жүлдені жеңіп алып, құрлықтың екі дүркін чемпионы атанды. Эльмира Сыздықова финалда Қырғызстанның өкілі Айпери Медетқызымен кездесіп, қарсыласынан айласын асырды. Ол осыған дейін Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде алған еді. Сондай-ақ, бүгіні Марина Седнева (55 келіге дейін) мен Елена Шалыгина (68 ...
Read More »Қырғыз балуаны Тыныбекова Азия чемпионатына оныншы рет қатысып жатыр
Астана қаласында 11-12 сәуір күндері ересектер арасында әйелдер күресінен Азия чемпионаты басталады. Бұл жарысқа тәжірибелі балуан Айсулу Тыныбекова (62 кг) да қатысып жүлде алсам дейді. Ол құрлық додасында тоғыз мәрте бақ сынап, бәрінен жүлде алған екен. Сонымен қатар ол екі мәрте әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының чемпионы атаныпты. Енді Айсулуға тек жазғы Олимпиялық ойындарның алтын жүлдесі ғана жетпей тұр. 29 ...
Read More »