• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Сегіз қырлы бір сырлы

    «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, орыстың әлемге әйгілі балуаны Федор Шаляпин, тамаша  әнші ретінде де жер-жүзіне танылған жан. Атақты Балуан Шолақ, Алла берген балуандық қасиетімен қатар, әншілік, саяткерлік, атбегілік, шабандоздық өнерлерін төрт аяғын тең басқан жорғадай бірге алып жүрген біртуар талант иесі болғаны тарихтан белгілі.  Оның «Ғалия» әні күні бүгінге дейін әрбір ортада шырқалып келе жатқан өміршең әннің бірі. ...

    Read More »

    Еркін күрестің Құлагері

    Еліміздегі еркін күрес тарихында аты алтын әріппен жазылған айшықты балуан, қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, сонымен қатар, қандастарымыздың арасынан  Азия ойындарының  алғаш рет алтын жүлдесін жеңіп алған қазақтың даңқты балуаны Мәулен Сатымбайұлы Мамыровтың даңғыл жолы. Кең байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғауда қазақ батырларының жауынгерлік өнерді терең меңгергендіктері туралы бүгінде толассыз айтылып, жазылып келеді. Әрине, батыр бабаларымыздың ...

    Read More »

    Білім ордасының ұраны – жас ұрпақтың рухын оятып, ел намысын көтеру

     (Қыран бүркіт не алмайды салса баптап…) «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе». Ғабит МҮСІРЕПОВ –Намысы жоғары елінің патриот ұл-қыздарын тәрбиелеп шығару мектеп қабырғасынан басталары белгілі. Сондықтан да жасөспірімдердің тәрбиесіне  айрықша көңіл бөлу ұстаз қауымына артылар жауапты сын. Осы орайда, К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры, «Құрмет» орденінің ...

    Read More »

    Алыса кетсе алдырмайтын Алмас

    Самбодан 1984 жылғы Әлем кубогының иегері, 1986 жылғы Еуропа чемпионы және алтын белбеудің иегері,  КСРО чемпионатының 1981-1984 жылдардағы чемпионы, 1981-1984 жылдың үздік спортшысы, 1982 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1984 жылғы КСРО кубогының иегері, 1980-1984 жылдарғы КСРО Қарулы күштері чемпионатының жеңімпазы, КСРО 4-5-ші ауыл спорты ойындарының чемпионы, дзюдо күресінен КСРО  Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының арасында Орта Азия, Кавказ және ...

    Read More »

    Құрыш білекті қаһарман

    Ережесіз жекпе-жектен елімізде өз салмағы бойынша алғаш чемпион атанған білекті балуан, жүректі жігіт Болатхан Сүлейменов туралы толғам. Қазақ даласында сонау Сақ дәуірінен бері ата-бабамыз жекпе-жек өнеріне бейім болғанын тасқа жазылған жазу-сызба суреттерден білеміз. Сондықтан да осы құс ұшса қанаты, ат шапса аяғы талатын, ұлан-ғайыр құтты мекенімізді сыртқы жаулардан қорғауда, қазақтың әрбір баласы соғыс пен  жекпе-жек өнеріне шыңдалып бойына сіңіріп өскен. ...

    Read More »

    Талапты ерге нұр жауар

    Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың сара жолы. Ауыл – қазақтың күре тамыры, алтын бесігі, алтын ұясы. Ауылдан қаншама таланттар туып өсіп, еліміздің көрнекті салаларында жұмыс істеп жатыр. Ал спорт саласына келсек, үлкен спортта әлемдік ареналардың шаңын шығарып, ел намысын абыроймен қорғаған қаншама дарындар бар. Ауыл топырағы талантты жастың талантын ашып, денесін шыңдай ...

    Read More »

    Сегіз қырлы, бір сырлы балуан Хамит Ысқақұлы

    Қазақ күресі күресі жайлы тарих беттерін парақтай отырғанда, семейлік ардагер балуан Хамит Ысқақұлын көзіміз шалады. Орта Азияның 3 дүркін бас балуаны, самбо, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресінен Қазақстанның спорт шебері, КСРО спорт шебері атанған Хамит ағамыз сегіз қырлы бір сырлы жан. Қолына домбырасын алып ән салғанда, жаныңды тебірентеді. Ол елімізде қазақ күресінің дамуына зор үлес қосқан ардақты балуан. Қазақ ...

    Read More »

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Чемпионсыз өткен 35 жыл!!!  Қазақтар өз ұлттық спорты санаған, бүкіл ата – бабасы балуан болды деп дәлелденген күрес өнерінен ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ шықпағанына бүгін тура 35 жыл бір апта болды! Сонау 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасына ең соңғы сәтте ғана ілінген кеней асықтай ғана балуан Жақсылық Үшкемпіров жасы отызға келгенде мыңнан бір мүмкіндіктің жалына жабысып, Қажымұқан атасы, Әбілсейіт ағасы жетпеген атақты тұтас ...

    Read More »

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Қазақстан үшін !!! 1983 жыл! Мәскеуде КСРО Халықтарының VIII Спартакиадасы өтті. Ол кезде спорт журналистикасының атына тақым тастай бекіген, жарыстан қалмаймыз, біз де бардық. Бүгінгі жастарға түсінікті болсын, ол кезде КСРО-да бұл СПАРТАКИАДАДАН асқан маңызды жарыс жоқ болатын. Ол жарыстардағы нәтижені КПСС Орталық комитетінің өзі бақылауда ұстап, жақсы нәтиже көрсетсең бастан сипап, нашар нәтиже көрсетсең құйрықтан шықпыртатын! Өйткені, бұл Спортакиададағы ...

    Read More »

    Жақсылықтың қазасы – қазақ қоғамының қабырғасын қайыстырды

    Артық айтты демеңіздер, кеше «Жақсылық қайтыс болыпты!» дегенді естігенде менің өз басымның өмір сүріп жатқан кеңістігім күл-парша болып күйреп түскендей болды! Сонау оттай қызу шағымда спорт атты өнерді таңдап алып, содан бергі 45 жылда (!) әр сағат, әр күнімді Жақсылықсыз өткізбегендіктен бе, Жеңіс, Чемпион атақтарын Жақсылықсыз тойламағандықтан ба, жеңіліс пен сәтсіздікті Жақсылықсыз жүректен өткізбегесін бе, оның ұлы табиғаты менің кеудеме ...

    Read More »