• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    «Сүйінші!»: Әлімхан Сыздықов — грек-рим күресінен Азия чемпионы!

    Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Әлімхан Сыздықов құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл сүйінші хабарды Азия чемпионатына жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтауға арнайы барған меценат, спорт жанашыры Рүстем Мұқатов жеткізді. «Сүйінші! Әлімхан Сыздықов 130 кг салмаққа дейінгі белдесуде Азия чемпионы атанды. Бүгін күрес түрлерінен өтіп жатқан құрлықтық бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны алтын медальге толықты», — деді ...

    Read More »

    Жетісуда жеткіншек балуандар белдесуі тартыспен өтті

    Құлжа тас жолымен шығысқа қарай бет алсаңыз, Бәйсейіттен өткен соң алдыңыздан Сөгеті ауылы шығады. Қазіргі атауы – Нұра ауылы. Осы елді мекеннің алғашқы қазығын қағып,  іргетасын қалаған жандардың  бірі – Сағыныш Есбергенов. Өнегелі ғұмыр кешкен Есбергеннің ұлының есімін ауылдастары  ықыласпен еске алып, құрмет, ізетін аяған емес.  Халыққа қызмет етуде төккен тердің  қайырымы осы болса  керек. Алматы облысының құрметті азаматы, «Сөгеті» ...

    Read More »

    Дария су аққан сайын тазарады

    Желтоқсан батырлары ешқашан ұмытылмайды Алматыдағы  Орталық саябақтағы Мұхтар Әуезов атындағы стадионның жанында орналасқан күрес залында тамаша бір игілікті де сауапты спорттық шара өтті. Қазақ күресінен студенттер арасында өткен бұл дүбірлі қалалық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және Желтоқсан көтерілісінің қаhарманы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Оған қаладағы 10-ға тарта Желтоқсан ұйымының басшылары құрметті қонақ ...

    Read More »

    Рүстемнің жомарттығы

    «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді қазақта. Осы жаңа Алматыдан қуанышты хабар келіп жетті. Спорт жанашыры, меценат Рүстем Мұқатов  грек-рим күресінен ересектер арасында Қазақстан құрама командасының аға жаттықтырушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серік Мұратұлы Жұмашевқа қазақ спортының дамуына қосып жүрген елеулі үлесі үшін су жаңа «RANGE ROVER»  автокөлігін сыйға тартты. Үнемі спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсетіп жүретін Рүстем Әбдікәрімұлына ...

    Read More »

    Алмат Кебіспаев – қола жүлдегер

    Норвегияның астанасы Осло қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында Алмат Кебіспаев қола жүлдегер атанды. Ол грек-рим күресінен 67 кило салмақ дәрежесінде түркиялық Мұрат Фиратпен кездесіп, оны 7: 4 есебімен жеңді. Бұл – Алмат балуанның әлем чемпионаттарындағы төртінші қола жүлдесі. Бұған дейін ол 2010 жылы Ресейде күміс медальді иеленсе, 2011 жылы Түркияда, 2015 жылы АҚШ-та және 2019 жылы елімізде жалауы желбіреген ...

    Read More »

    Рүстем МҰҚАТОВ: «Мен жастарға қолдау көрсетуге дайынмын!»

    Соңғы кездері қазақ спортының дамуы үшін қолдан келген көмектерін аямайтын спорт жанашырларының қатары көбейіп келеді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де сондай үлкен жүректі азаматтардың бірі, есімі алты Алашқа танымал кәсіпкер, спорт пен өнер және ұлт жанашыры – Рүстем Мұқатов. Бір емес, бірнеше компанияның иесі және құрылтайшысы Рүстем Әбдікәрімұлының жұмыс кестесі өте тығыз екен. Үнемі шетел мен еліміздің әр өңірінде іссапарада жүретін ...

    Read More »

    Шерлі Шәміл

    «Он был из породы гениальных борцов». Ян Дымов, ФИЛА-ның «Алтын орденінің» иегері, Украинаның еңбек сіңірген журналисі, күрестің білгір маманы. Қазақ спортшыларының ішінен олимпиялық спорт түрлері бойынша бірінші әлем чемпионы Шәміл Серіков екенін спорттың есеп-шотын қағушылар жақсы біледі. Шәміл 1978 жылы алғаш рет әлем чемпионатында топ жарса, 1979 жылы екінші мәрте дүние жүзі чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Оның бұл жетістігін ...

    Read More »

    Айханов феномені

    Қазақтың даңқты түйе балуаны, КСРО халықтары спартакиадасының және Кеңес одағы кубогының иегері, КСРО чемпионы Әбілсейіт Айханов туралы толғам Күш атасы Қажымұқаннан кейін әлемдік деңгейде олжа салған бірінші қазақ балуаны осы Айханов болатын. Әбілсейіт аға алаш жұрты өз жерінде барынша азшылыққа ұшыраған (28 пайыз), кеңестік тоталитарлық жүйе әбден күшіне мінген тұста өз ұлтының рухын көтерген кесек тұлға. Тарихқа жүгінсек, өткен ғасырдың ...

    Read More »

    Еңбек еленсе есте қалады

    Қазіргі таңда дүниежүзін жайлаған індеттің әсері біздің елге де тиіп тұр. Дегенменде  осындай қиын кезде індетке мойынұсынбай күресудің ең бір тиімді тәсілі спорт деуге болады. Спорт – денсаулық кепілі десек, денешынықтырумен белсене айналысқан жанға ешқандай дерт тұзағын сала алмайды. Заманның ағымына қарай ағыспен арпалыса еңбек етіп жатқан спорт мектептерінің игілікті істері ешқашан елеусіз қалмайтыны бір анық. Айталық, бүгінде Қаркен Ахметов ...

    Read More »

    Бапкерлер балуандардың белдесулерін бас бармақпен бағалады

    Алматыда әйелдер күресінен ел үздіктері анықталды. Барлығы 10 салмақта өзара мықтыны анықтаған бұрымды балуандар белдесуін бас бапкер Нұрлан Аманқосов бас бармақпен бағалады. -Алматыдағы әйелдер арасындағы биылғы Қазақстан чемпионаты өте тартысты, өзіміз ойлағандай қызықты белдесулерге толы болды. Жас қыздар да ересектерден қалыспай, жеңіс тұғырына көтерілді, –деді ол. Чемпионатта бұрымды балуандар арасынан жаңа есімдер де жарқ етіп шығып, бір күнде бапкер көзіне ...

    Read More »