• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Спортқа бөлінген қаржы тексерілуі керек – Дәулет Тұрлыханов

    Бүгін Алматыда қазақтың әйгілі балуаны, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов журналистермен кездесіп,ел спортындағы өзекті мәселелер жайында пікірін білдірді. Баспасөз мәслихаты бастала салып, Дәулет Болатұлы қазіргі күндегі елдегі жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресіндегі жасалып жатқан іргелі жұмыстар мен жетістіктерді тарқата айтып, тобықтан тартып тұрған түйінді ...

    Read More »

    V Исламиада: Қазақстанның жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі жарияланды

    Түркияның Кония қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан спортшылары 27 алтын, 23 күміс және 39 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бесінші орынмен қорытындылады. Оқырманның назарына журналист Мұсағали Тасқалиевтің Исламиада туралы материалын ұсынуды жөн көріп отырмыз. Ислам ойындары – Ислам конференциясы ұйымына кіретін елдердің ең ірі халықаралық жарысы. I Ислам ойындары 2005 жылы Сауд Арабиясында өтіп, 54 мемлекет ...

    Read More »

    Құрбан айт жарыстың көрігін қыздырды

    Барша мұсылманның көптен күткен Құрбан айт мерекесі де келіп жетті. Қасиетті Айт күнінде жағдайы келген әрбір мұсылман құрбан шалуға міндетті. Дегенменде хадисте: «Нағыз байлық – дүниенің ағыл-тегіл көптігі емес. Нағыз байлық – жан сарайының байлығы», – деген. Ендеше, бұл күні иманын  күшейтіп, жақындарын аралап Айт мерекесімен құттықтап, қауышу да адамның жан сарайының байлығын нығайта түседі. Таң қылаулап ата бастаған сәттен ...

    Read More »

    Есімі ел есінде

    Алматыдағы Қазақтың Спорт және туризм академиясының шаңырағында қазақ күресіне өлшеусіз үлес қосқан ұлттық күресіміздің жанашыры, Қазақстан Республиксына еңбегі сіңген жаттықтырушы марқұм Нұржан Өтеновты еске алуға арналған төл күресімізден ересектер арасында республикалық жарыс болып өтті. Негізі бұл қазақ күресінің қазанында қайнасып, өмірінің соңғы сәтіне дейін бар күш жігерін салған ардақты жанды еске алуға арналған сауапты шара еді. Қазақ күресі бірде құлдилап, ...

    Read More »

     «Классиктеріміз» жалпы есепте топ жарды

    Бүгін Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні грек-рим күресі шеберлері арасындағы белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы 10 салмақтың тоғызында жүлде алып,180 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында 151 ұпаймен Иран құрамасы. Үздік үштікке 133 ұпайға ие болған Қырғызстан құрамасы кірді. Бүгін 67 килодағы балуанымыз Мейіржан Шермаханбет ел қоржынына екінші алтын жүлде салса,  ...

    Read More »

    «Сүйінші!»: Әлімхан Сыздықов — грек-рим күресінен Азия чемпионы!

    Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Әлімхан Сыздықов құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл сүйінші хабарды Азия чемпионатына жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтауға арнайы барған меценат, спорт жанашыры Рүстем Мұқатов жеткізді. «Сүйінші! Әлімхан Сыздықов 130 кг салмаққа дейінгі белдесуде Азия чемпионы атанды. Бүгін күрес түрлерінен өтіп жатқан құрлықтық бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны алтын медальге толықты», — деді ...

    Read More »

    Жетісуда жеткіншек балуандар белдесуі тартыспен өтті

    Құлжа тас жолымен шығысқа қарай бет алсаңыз, Бәйсейіттен өткен соң алдыңыздан Сөгеті ауылы шығады. Қазіргі атауы – Нұра ауылы. Осы елді мекеннің алғашқы қазығын қағып,  іргетасын қалаған жандардың  бірі – Сағыныш Есбергенов. Өнегелі ғұмыр кешкен Есбергеннің ұлының есімін ауылдастары  ықыласпен еске алып, құрмет, ізетін аяған емес.  Халыққа қызмет етуде төккен тердің  қайырымы осы болса  керек. Алматы облысының құрметті азаматы, «Сөгеті» ...

    Read More »

    Дария су аққан сайын тазарады

    Желтоқсан батырлары ешқашан ұмытылмайды Алматыдағы  Орталық саябақтағы Мұхтар Әуезов атындағы стадионның жанында орналасқан күрес залында тамаша бір игілікті де сауапты спорттық шара өтті. Қазақ күресінен студенттер арасында өткен бұл дүбірлі қалалық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және Желтоқсан көтерілісінің қаhарманы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Оған қаладағы 10-ға тарта Желтоқсан ұйымының басшылары құрметті қонақ ...

    Read More »

    Рүстемнің жомарттығы

    «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді қазақта. Осы жаңа Алматыдан қуанышты хабар келіп жетті. Спорт жанашыры, меценат Рүстем Мұқатов  грек-рим күресінен ересектер арасында Қазақстан құрама командасының аға жаттықтырушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серік Мұратұлы Жұмашевқа қазақ спортының дамуына қосып жүрген елеулі үлесі үшін су жаңа «RANGE ROVER»  автокөлігін сыйға тартты. Үнемі спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсетіп жүретін Рүстем Әбдікәрімұлына ...

    Read More »

    Алмат Кебіспаев – қола жүлдегер

    Норвегияның астанасы Осло қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында Алмат Кебіспаев қола жүлдегер атанды. Ол грек-рим күресінен 67 кило салмақ дәрежесінде түркиялық Мұрат Фиратпен кездесіп, оны 7: 4 есебімен жеңді. Бұл – Алмат балуанның әлем чемпионаттарындағы төртінші қола жүлдесі. Бұған дейін ол 2010 жылы Ресейде күміс медальді иеленсе, 2011 жылы Түркияда, 2015 жылы АҚШ-та және 2019 жылы елімізде жалауы желбіреген ...

    Read More »