Белгілі спорт маманы, көптеген балуанның биік шыңға шығуына бір кісідей атсалысқан азамат Серік Мұратұлы Жұмашев ердің жасы елуге толды.
Біз қазақ спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматты туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, қызметте табыс тілейміз!
Секең грек-рим күресінен ұлттық құрама мен Қазақстанның жастар құрама командасының аға жаттықтырушы кезінде шетелде оның шәкірттері жетістікке жетіп, еліміздің әнұранын ойнатып, көк байрағын биіктен желбіретіп жүрді. Осы жетістіктері үшін жаттықтырушы спорт әлемінде жер-жүзіне ерте танылып, биік белестерді бағындырды. Оның еңбегі де дер кезінде бағаланды. Ол Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері мен басқа да атақтармен марапатталды.
Біз, Серік Мұратұлына осы атақ-абыройының арта беруін тілеп, алға қойған мақсат-міндеттері орындала берсін дейміз!
Серік Жұмашевпен сұхбатты осы жерден оқи аласыздар.
Құрметпен, SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының редакциясы