• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Талант талантты таниды

    Бүгін спорт жанашыры, меценат, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісінің иегері Рүстем Әбдікәрімұлы Мұқатов қазақ спортына бір кісідей еңбек етіп келе жатқан білікті маман, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Серік Мұратұлы Жұмашевті ердің жасы елу жасымен құттықтады.

    «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді қазақта. Ұлт жанашыры Рүстем Әбдікәрімұлы көптеген шәкірт тәрбиелеген жаттықтырушыға зор денсаулық, қызметі мен спорттық карьерасына табыс, еңбегіне жеміс тіледі.

    «Серік Мұратұлы – мықты маман. Ол Талдыапан деген кішкене ғана ауылда туып-өсіп, спорт арқылы әлемге танымал болды. Грек-рим күресінен ұлттық құрама команданың аға жаттықтырушысы кезінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Мен туған күн иесін ердің жасы елу жасымен құттықтап, мықты денсаулық, отбасына бар жақсылық, қызметіне табыс тілей отырып, маманның әлі елімізге берері көп болсын дегім келеді», — деді кәсіпкер.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *