• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    UFC

    UFC: Асу Алмабаев ТОП-5 кіруі мүмкін

    MMACrossfire.com сайты UFC-дің ең жеңіл салмақтағы өкілі Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, дивизион рейтингінің үздік бестігіне кіруі мүмкін екенін хабарлады. Асу Алмабаев 2026 жылғы 28 ақпанда Мексиканың астанасы Мехико қаласында UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жекке шығады. Ол Астана уақыты бойынша 1 наурызда таңертең болады. Қолда бар дерекке қарағанда, Алмабаев қазір UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында ...

    Read More »

    Рахмонов пен Махачев UFC-де жекпе-жекке шығуы мүмкін

    Катардағы UFC Fight Night 256 турнирінде Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы ресейлік жаңа чемпион Ислам Махачевпен кездесті, деп хабарлады Kazinform. Шавкат Катар турнирінде Асу Алмабаевты, ал Махачев өз жерлестері Сайгид Изагахмаев пен Тагир Ұланбековті қолдады. Шавкат пен Ислам кездесуден кейін өз ойларын айтты. — Иә, жаңа жұлдыздар жанып келеді. Олар жақсы нәтиже көрсетті — Пратес, Моралес. Екеуі де мықты. Біздің ...

    Read More »

    Асу Алмабаев UFC турнирінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Асу Алмабаев (22-3) Катардың астанасы Доха қаласында өткен UFC Fight Night 265 турнирінде АҚШ спортшысы Алекс Переспен (25-9) жеңід салмақта жекпе-жекке шықты. Бұл жекпе-жек үш раундқа есептелген еді. Асу Алмабаев үшінші раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Осылайша ол ММА бойынша 23 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Алекс Перес оныншы рет қарсыластарына есе жіберді. Содан кейін отандасымыз Хосе Очоаны жеңді. Асу ...

    Read More »

    Тегі дағыстандық файтер Имавов Чимаевты жеңе алатынын айтты

    Тегі дағыстандық UFC файтері Нассурдин Имавов UFC-дің орта салмақтағы жаңа чемпионы Хамзат Чимаевты жеңе алатынын айтты. — Неге Чимаевты жеңе аламын деп ойлайсың? — Менің орта салмақтағы басқа жігіттерден ерекшелігім бар. Қазірше Борральомен жекпе-жекке назар аударамын. Ал одан кейін Чимаевқа көңіл бөліп, осы жекпе-жекке жақсы дайындаламын, — деді Имавов MMA Fighting басылымына берген сұхбатында. Ертең Насурдин Имавов Париждегі (Франция) UFC ...

    Read More »

    Хамзат Чимаев — UFC чемпионы!

    АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде БАӘ өкілі Хамзат Чимаев (14:0) пен Оңтүстік Африка Республикасының жекпе-жек шебері Дрикус Дю Плесси (23:2) күш сынасты. Бұған дейін африкалық файтер орта салмақтағы UFC чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Сондықтан оған алдағы жекпе-жекте белбеуін қорғауына мүмкіндік бар еді. Бұл жекпе-жек 5 раундқа жоспарланғанымен уақытынан бұрын аяқталды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Хамзат ...

    Read More »

    Хабиб Нурмагомедов 6 жылға сотталуы мүмкін — БАҚ

    UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов салықтан жалтарып, төлемегені үшін РФ Қылмыстық кодексінің 199-бабы бойынша 6 жылға дейін сотталуы мүмкін. Eadaily.com порталы Ресейдің «Спорт-экспресс» басылымына сілтеме жасай отырып, Хабиб Нурмагомедовтің  салық қызметі алдында үлкен қарызы бар екенін хабарлады. Хабиб Нурмагомедовтің 306 млн 688 мың 389 рубль (шамамен 1,5 млрд теңге, — ред.) қарызы бар болып шықты. Ресейдің Федералдық салық қызметі Нурмагомедовке тиесілі ...

    Read More »

    Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайтып оралуы мүмкін

    Жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағүлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін екенін айтты. Мен жарақатымнан толықтай айығып қалдым. Жақын арада АҚШ-қа барамын. Тамыз айында жекпе-жек өткізгім келеді. Қазір UFC-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. АҚШ-та басқа файтердің орнына жекпе-жекке шығуым мүмкін. Болмаса басқа жолмен октагонға шығамын. Енді бәрін уақыт көрсетеді, – деді Жұмағұлов. Жалғас Жұмағұлов UFC-де 2020-2023 жылдар аралығында октагонға шығып, жеті жекпе-жектің тек біреуінде ...

    Read More »

    UFC: Азат Мақсұм жеңілістің себебін айтты (ВИДЕО)

    Қазақ жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде ең жеңіл салмақта америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалды. Ол үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен есе жіберді. Азат Мақсұм жеңілісін толық мойындап, жұртшылықтан кешірім сұрады. Қазақ елі, бүгінгі кеште үміттеріңізді ақтай алмағаныма кешірім сұраймын. Өзімді толықтай көрсете алмадым. Бұл жеңілістен сабақ алып, келесі жекпе-жекте жеңуге бар күшімді саламын, — ...

    Read More »

    Тағы бір қазақ файтері UFC-ге қосылды (ВИДЕО)

    Жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Ол әлемдегі ең мықты промоушенде жеңіл салмақта, яғни 61 келі салмақта октагонға шығады. Қазір UFC-де бұл салмақтың чемпионы – америкалық Шон О’Мэлли. Оның жасы 29-да. Биыл ол отызға келеді. Бұған дейін Сергей Морозов та Қазақстаннның атынан осы салмақта төбелескен. Бекзат Алмаханға келсек, оның жасы 26-да. Ол осыған дейін 18 рет жекпе-жекке шығып, ...

    Read More »

    «Шавкат аяғымды аямады»: Томпсон Рахмоновпен жекпе-жек туралы айтты

    Жақында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмоновтан (18-0) жеңілген америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) жекпе-жектің қалай болғанын айтты. Бұл жекпе-жекте Рахмонов қылқындыру әдісімен қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын. Томпсонның айтуынша, жекпе-жек өте тартысты болған. Алайда ол айқастың екінші раундта бітетінін ойламаған. Шынымды айтайын, екінші раундта Рахмонов жеңіп кетеді деп ойлаған жоқпын. Не дегенмен ол жеңді. Бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар. ...

    Read More »