Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады. Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы туған. Ұлты — қазақ, білімі жоғары. «Дене шынықтыру және спорт»,«кеден ісі», «дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы», «көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша Жоғары ...
Read More »Tag Archives: Алматы облысы
Алматы облысында ұшқыр бәйгеден QAZAQ WORLD CUP турнирі басталады
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, Алматы облысының Талғар ауданындағы Қобланды батыр атындағы ипподромда Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұшқыр бәйгеден Qazaq World Cup турнирі өтеді. Жүлде қоры – 17 700 000 теңге болатын жарысты Ұлттық спорт қауымдастығы, Алматы облысының әкімдігі, республикалық «Бәйге» Федерациясы, «Қазақ Жокей Клубы» қоғамдық ұйымы мен «Bayserke Agro» ...
Read More »Талғарда «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады
Бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады. Басқосуда федерацияның жаңа сайланған президенті М. Жұман ұйымның өңірлердегі өкілдерімен, төрешілермен және спортшылармен кездеседі. Жиынға Ұлттық және ат спорты түрлері РМҚК-ның вице-президенті Б.Сәбитов пен Аударыспақ федерациясының директоры С.Хандуллаев қатысады. Іс-шара аударыспақ ұлттық спорт ойынын 2027 жылға дейін дамыту және насихаттау, еліміздің спортшыларын 2024 жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік ...
Read More »Білім мен спорт — егіз ұғым
Жаңа ғасыр асуында Жаңа Қазақстанды құру үшін ең алдымен білімде саналы ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Өз ұлтына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізге асқан сүйіспеншілікпен қарайтын өскелең ұрпақ — қазақ халқының кемел келешегі. Өйткені, жастар біздің болашағымыз, қазақ елінің келер күнгі үміті, сенімі. Ал, сол қазақ елін әлемге танытар ақылды, парасатты, мәдениетті жас ұрпақтың тәрбиесі ең алдымен мектеп қабырғасынан басталады. Хакім Абайдың 32 ...
Read More »Іле баскетболы ілгері жылжып келеді
Баскетбол олимпиадалық спорт түрі болғандықтан жарыстың бұл түріне жастарды тарту өте маңызды. Әсіресе, қыздар арасында өзіміздің қаракөз жастарымызда баулап, қызықтыра білудің орны ерекше. Бүгінгі таңда Алматы облысы осы спорт түрін дамытуды кеңінен қолға алып отыр. Оған жиілетіп өтіп жатқан жарыстар дәлел болады. Баскетболдан әсіресе, қыздар арасында Іле ауданының жастар мен жасөпірімдер командалары қамшы салдырмай алда келеді. Негізі, әрбір спортты дамыту ...
Read More »«Жетісу» клубы өз түлектерін өзекке теуіп жүр
Әдетте, біз спорт жайлы әңгіме қозғай қалсақ, Жетісу өлкесін таланттар мекені дейміз. Расында да солай. Спорттық салада талайды таңғалдырып, әлемде атой салған ұландарымыз аз емес. Әйтсе де, футболға келгенде кенжелеп қаламыз. Жетісу жерінде футболшы жоқ деуге келмейді. Бар, бірақ олар өзге өңірлерде доп теуіп жүр. Мәселен, Жетісу футбол мектебінен қанаттанған Серікжан Мужиков, Берік Шайхов, Рафхат Аслан секілді үздіктеріміз өзге клубтарда. ...
Read More »Жақсы келді дегенше — жарық келді десеңші
Ел спортының еңсесін көтеру үшін ауыл-аймақтағы спортты дамыту керек екенін кейбір облыстар ісімен дәлелдеп келеді. Айталық, жер жанаты Жетісу жерінде ауыл спортына айырықша көңіл бөлінуде. Оған себеп, қайбір мамандық болсын өз саласының маманы болған жағдайда ғана сол саланың өресі кеңейіп, ісі оңға баса бастайды. Маман болу бір төбе, егер өзінің сүйікті мамандығына сүйіспеншілкпен қарап, белсене жұмыс істесе нұр үстіне нұр ...
Read More »Сағадат батыр спорт клубы саңлақтарға сый көрсетті
Тарихтың жылнамасына жазылатын биылғы жыл қазақ спорты үшін табыссыз болған жоқ. Түрлі деңгейдегі сайыстарда қанжығамыз майланып, олжалы оралдық. Жаңа жыл қарсаңында спортшыларымызды марапаттау, құрмет көрсету шарасы Алматы облысы, Іле ауданы, Ашыбұлақ ауылында да өтті. Ұйымдастырған – «Sagadat Batyr – QTT» спорт клубы. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған спорт клубының жылдық есеп беру кешінде «Жыл үздігі – 2019» номинациясы ...
Read More »Балғын боксшылар Шелекте шиыршық атты
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтіп жатыр. Төрт күнге ұласқан дүбірлі доданың финалдық сайыстары бүгін болады. Кикбокстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропаның екі дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем кубогының иегері даңқты спортшы Елмұрат Қайыпжановтың жүлдесіне арналған ашық турнирге Түркістан облысынан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы облысының аудандарынан келген боксшылар қатысып, сайыс көрігін қыздыруда. Турнирді ...
Read More »Салбурын – 2019: Ақсудағы аңшылар аламаны
«Ахау, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы, Жігіттің бұған құмар өнерпазы», – деп ән орындала қалса, делебең қозып, сонау бағзы заманның сал-серілері көз алдыңа келіп, шіркін, біздің саятшылар осылай күй кешкен екен ғой деп тамсанасың. Расында да, тамаша емес пе? Кешқұрым бес қаруын асынып, қолындағы қыранмен, жетегіне ерткен тазысымен, саятшылықтан алған олжасын қанжығасынан шешіп, киіз үйдің босағасына байлап, аңшылықтан оралып жатқан ...
Read More »