• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Елена Рыбакина

    АҚШ-та жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді

    АҚШ-та жүйрік атқа теннистен еліміздің бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинаның есімі берілді, деп хабарлады Rraketkasi Telegram-арнасы. Америка Құрама Штаттарында былтырдан бері «Рыбакина» деген лақап аты бар үш жасар жылқы жарыстарға  қостырылып келеді. Ол осы уақытқа дейін екі жарысқа қатыстырылып, оның бірінде үшінші орын алды. Қолда бар мәліметке қарағанда, «Рыбакинаның» жалпы табысы дәл қазір 7 340 доллар болып отыр, — ...

    Read More »

    Рыбакина Australian Open турнирімен қош айтысты

    Елена Рыбакина Australian Open турнирінде ресейлік Анна Блинковадан жеңіліп, жарыспен қош айтысты. Рыбакина екінші айналымда ресейлік теннисшіден 1:2 (4:6, 6:4, 6:7 (20:22) есебімен есе жіберді. Енді 1/16 финалда Анна Блинкова италиялық Ясмин Паолинимен күш сынасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 39 264 000 доллар. Аустралия ашық чемпионатында тағы бір ресейлік спортшы 16 жастағы Мира Андреева әлемнің алтыншы ракеткасы Онс Жаберді ...

    Read More »

    Australian Open: Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастады

    Теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатындағы бірінші ойынын жеңіп, екінші айналымына шықты. Ол кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған теннисші 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишковамен ойнап, оны 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңді. Мачта чех теннисшісі бірінші партияда брейк жасап, 2:0 есебімен алға шыққанымен, Рыбакина таразы басын теңестіре алды. Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Рыбакина ...

    Read More »

    Аустралияда «Үлкен дулыға» турнирі басталды

    Бүгін Аустралияның Мельбурн қаласында жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионаты басталды. Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаға жеребе жолдас болмай, алғашқы айналымда-ақ қиын қарсылас түсті, деп хабарлады RRaketkasi. Рыбакина 31 жастағы чехиялық теннисші  Каролина Плишковамен ойнайды. Бұл спортшы әлемдік рейтингіде 37-орында тұрғанымен, кезінде бірінші ракетка атанған аса тәжірибелі ойыншы. Чехия теннис мектебінің мықты екенін бүкіл әлем ...

    Read More »

    Бүгін Рыбакина тағы бір турнирге қатысады

    Бүгін Аустраиляның Аделаида қаласында теннистен WTA 500 турнирі басталады. Ол 13 қаңтарға дейін болады. Осы турнирге әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады. Рыбакина кешегі Брисбен қаласында болған WTA 500 турнирін жеңіп алған соң, жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелді. Ол доданы екінші айналымнан бастайды. Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолини немесе дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық Кристина ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі, әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда Рыбакина қарсыласын 6:0 есебімен жеңді. Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты.  Есеп — 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 7 ...

    Read More »

    Рыбакинаның қарсыласы ойыннан бас тартты (ВИДЕО)

    Теннистен Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Елена Рыбакина жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен кездесіп, бірінші партияның ойыны болып жатқанда қарсыласының жарақат алуына байланысты ½ финалға жолдама алды. Осыған дейін теннисшілер бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген екен. Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасап, ...

    Read More »

    Рыбакина жаңа жылды жеңіспен бастады

    Теннисші Елена Рыбакина биылғы жылды жеңіспен бастады. Ол Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан Brisbane International WTA 500 турнирінде жарысты екінші айналымнан бастап, корт иесі Оливия Гадекиді жеңді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бірінші партияда Рыбакина брейк жасап,  6:4 есебімен аяқтаса, екінші сетте қарсыласынан 6:1 есебімен айласын асырды. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 4 эйс жасап, ...

    Read More »

    Рыбакина қаламақысы көп ТОП-10 спортшының қатарына қосылды

    Sportico басылымы биылғы жылы ең көп қаламақы алған әйел спортшылар тізімін жариялады. Рейтингтің ТОП-10 тізіміне 7 теннисші қосылды. Олардың арасында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бар. Сhampionat.com-ның хабарлауынша, үш спортшыдан басқасының бәрі теннисшілер. 1.Кори Гауфф (АҚШ, 19 жаста) –  22,7 млн АҚШ доллары ( $ 6,7 млн жарыстардағы сыйақы). 2. Ига Щвёнтек (Польша, 22 жаста) – $ 21,9 млн ($ ...

    Read More »

    Рыбакина WTA турнирінде бірінші ойында жеңіліп қалды

    Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина бірінші матчында жеңіліп қалды. Рыбакина әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға 5:7, 2:6 есебімен есе жіберді. Бакалар тобында әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко рейтингте 9-орында тұрған грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:1 есебімен басым түсті. Рыбакина WTA қорытынды турниріне алғаш рет қатысып жатыр. Енді ол келесі ойынын ...

    Read More »