Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам жас балуан қатысуда. Бұл дода жасөспірімдер мен жастар үшін үлкен спортқа бастар маңызды белес саналады. Себебі, дәл осы жарыста топ жарған балуандар алдағы уақытта Азия ...
Read More »Tag Archives: күрес
Астанада жас балуандар бақ сынады
Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық манежде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Он күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірінен 1 200-ден астам жас спортшы қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады. Ел күресінің тарихында тұңғыш рет биылғы чемпионатта жүлдегерлерге сыйақылар тағайындалды. Күрес түрлерінен өткізілетін Қазақстан чемпионаттарында қаржылай жүлде қоры бұрын-соңды ...
Read More »Жеңістің жолын ашатын кілт – еңбек
Еңбек етпей ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес. Талмай жасаған табанды еңбектің нәтижесінде адам бір жетістікке жете алады. «Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады», — деген екен Леонардо Да Винчи. Мысалы, спортта аттары әлемге әйгілі Пеле, Мұхаммед Әли, Майкл Фелппс, Усейн Болт, Тедди Риннер, Александр Медведь секілді аттарын айта берсең, шексіз біртуар тұлғалар сондай ғаламат жетістіктерге жетуінің басты себебі, талмай ...
Read More »Сайыпқыран. Нұржан Асан – әлемдік аренадағы қазақ рухының айғағы
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен әйгілі Bill Farrell International 2025 турнирінде қазақ балуаны Нұржан Асан тағы да ел намысын абыроймен қорғап, күміс медаль иегері атанды. Ол өз салмағында (87 кг) бірнеше америкалық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалға дейін сүрінбей жетті. Соңғы белдесуде ұпай санымен жеңілгенімен, Нұржан Асанның шеберлігі мен табандылығы көрермендер мен сарапшылардың лайықты бағасына ие болды. Жарысқа 30-дан астам елден ...
Read More »Қала әкімі бокстан әлем чемпионына 40 млн теңге берді
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бокстан және күрес түрлерінен әлем чемпионаттарына қатысып, құрмет тұғырының биік сатысынан көрінген спортшыларды марапаттады. Ол әуелі ұлттық құраманың өкілдерін құттықтап, алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті. Содан кейін Алматының әкімі бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға 40 млн теңге, күміс жүлдегер Назым Қызайбайға 30 млн теңге, қола медалистер Елдана Талипова мен Виктория Графееваның әрқайсына 20 ...
Read More »Сайыпқыран: Қола жүлдені Жаудинов алды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділжан Жаудинов Болгарияның София қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Дзюдошы 90 келіден аса салмақ дәрежесінде финаға дейін жетті. Үшінші орын үшін белдесуде Жаудинов Чехия спортшысы Меличар Школаны жеңді. Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Мұхаммедәлі ...
Read More »Балуандар Мажарстандағы турнирде жеті жүлдені иеленді
Мажарстанның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирі болды. Осы турнирде қазақстан құрамасының балуандары 7 медальді жеңіп алды. Еркін күрестен 61 кг салмақта Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды. Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 кг) күміс медаль алса, Ержет Жарлықасын (63 кг) мен Әлімхан Сыздықов (130 кг) қола медальға ие болды. Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 ...
Read More »Әйелдер күресі: Командалық есепте Қарағанды облысы жарады
Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Қазақстан кубогында әйелдер күресінен 10 салмақта толықтай жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 65 келіде 38 жастағы Елена Шалыгина бірде-бір қарсыласына ұпай бермей, чемпион атанса, 76 келіде Эльмира Сыздықова кезекті рет көшбасшылығын дәлелдеді. Кубок иегерлері мен жүлдегерлердің тізімі: 53 кг: Алтын – Ирина Жәнібекова (Қарағанды обл.) Күміс – ...
Read More »Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы басталды (ФОТО)
24–30 мамыр аралығында Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде (Тұран даңғылы, 59) ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өз жалауын көтерді, деп хабарлады Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы. 24 мамырда дүбірлі дода салтанатты ашылу рәсімімен басталып, сол күні-ақ еркін күрестен 57, 65, 86, 97 және 125 кг салмақ дәрежелеріндегі балуандар бозкілемге шықты. 25 мамырда финалдық белдесулерге ...
Read More »Жігіттерде жігіт бар азаматы бір бөлек
Расыменде өз кәсібінің нәсібін көріп қана қоймай айналасына, қоғамға белсене үлес қосып жүрген кейбір қазақтың абзал азаматтарын көріп риза болып қалатынымыз рас. Ал спорт саласына келетін болсақ, бар ғұмырын бала тәрбиелуге арнап, үйін айлап көрмей тер төгіп жүрген бапкерлердің еңбегін көріп, Алла саулығын берсін дейміз. Сонау 1990 жылдары ел экономикасы дағдарысқа ұшырап, егемен ел болудың жарқын жолына түскенде спорт саласының да ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары