Қазақстан Алматының «Қайрат» клубының Чемпиондар лигасындағы сенсациялық ойынының арқасында УЕФА коэффициенттер кестесінде айтарлықтай алға жылжыды, деп хабарлады Zakon.kz. Ел чемпионының турнирдің негізгі кезеңіне шығуы Қазақстанға бірден бес саты қосып, 34-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Енді Қазақстан Армения, Латвия, Финляндия, Косово және Босния және Герцеговина ассоциацияларының құрамаларын артта қалдырды. Мұндай серпіліс биылғы маусымдағы УЕФА рейтингіндегі ең үлкен жетістіктердің бірі болды. Осылайша, «Қайраттың» ...
Read More »Tag Archives: «Қайрат» клубы
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттерді қайдан сатып алуға болады?
Алматының «Қайрат» клубы 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Мадридтің «Реал» командасымен ойнайды. Осы туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бұл матч Алматының Орталық стадионында болады. Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталады. Билеттерді қайдан алуға болады? Алдыңғы матчтарға билеттер клубтың ресми арналары саналатын Qairat SuperApp қосымшасы, клубтың ресми сайты (билеттер бөлімі) мен Freedom SuperApp (билеттер бөлімі) және Ticketon платформасында сатылған болатын. Бір қолға бес ...
Read More »Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққан 32 команда аталды
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққан 32 клуб анықталды. Жарыстың негізгі кезеңіне Алматының «Қайрат» клубы да 31 командамен бірге Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, жолдама алды. Топтық турнирге барлығы 36 команда қатысады. Әрбір команда сегіз матч ойнайды. Бірінші тур 16 қыркүйекте басталады. Сегізінші тур келесі жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпанға, 1/8 финал 10-11 ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайрат» миллиондаған еуро табыс тапты
Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде екі ойынның нәтижесі бойынша Шотландияның «Селтик» клубын жеңгеннен кейін қомақты табыс тапты. Іріктеу кезеңінде «Қайрат» Словенияның «Олимпия» командасын (екі ойын қорытындысы бойынша — 3:1), Финляндияның КуПС клубы (3:2) мен Словакияның «Слован» жасағын (1:1, пенальти бойынша — 4:3) жеңіп, плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасын пенальти бойынша жолда қалдырды (0:0, пенальтиде — 3:2). Осы ...
Read More »«Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты
Бүгін ару қала Алматы ғана емес, бүкіл қазақ даласы «Қайрат» футбол клубы үшін бөркін аспанға атып, қуанып жатыр. Осыдан сәл ғана уақыт бұрын Алматының теңбіл доп командасы Шотландияның «Селтик» жасағын пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты. Бұған дейін осыдан 10 жыл бұрын «Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық турнирінде ойнаған болатын. Енді міне, «Қайрат» дүрмекті ...
Read More »«Қайрат» футзалдан суперкубоктың иегері!
Бүгін Орал қаласында футзалдан Алматының «Қайрат» клубы мен Семейдің «Семей» командасы Қазақстан суперкубогын сарапқа салды. Бұл матчтың ерекшелігі, футзал тарихында алғаш рет суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында болды. Командалар жаңа әрі заманауи спорт кешенінде күш сынасты. Былтыр «Қайрат» «Семейді» 3:1 есебімен жеңіп, суперкубоктың иегері атанған еді. «Қайрат» бұған дейін 11 рет суперкубокты жеңіп алған. Алматының клубынан кейін «Ақтөберентген» командасы екі ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайрат» плей-оффқа шықты (ВИДЕО)
Алматының «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Словакияның «Слован» командасымен ойнап, екі матчтың қорытындысы бойынша плей-оффқа шықты. Командалардың екінші ойыны Братислава қаласында болды. Бірінші матчта «Қайрат» Алматыда «Слованды» 1:0 есебімен жеңген болатын. Сондықтан клубқа Чемпиондар лигасының плей-офф сатысына шығу үшін қарсыласпен тең ойнап немесе 0:1 есебімен жеңілген жағдайда пенальти сериясында жеңу керек еді. Сол себептен ...
Read More »Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев «Қайратқа» жеңіс әперді (ВИДЕО)
Алматының «Қайрат» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасымен ойнап, жеңіске жетті. Матч басталысымен командалар бір-бірінің қақпасына тез гол соғуға тырысты. Әсіресе, алаң иелері қонақтардың қақпасына лап қойды. «Слованның» ойыншылары да қарап қалмай, «Қайратқа» шабуыл жасап, есепті бірінші ашқысы келді. Алайда, онысынан ештеңе шықпады. «Қайраттың» да шабуылдары өңбеді. Екінші таймда алаң иелері алаңның барлық жерінде басымдық ...
Read More »UEFA Чемпиондар лигасы. «Қайрат» камбэк жасады
«Қайрат» клубы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде камбэк жасады. Алматының футбол командасы Финляндияның КуПС жасағынан сырт алаңда 2:0 есебімен жеңілгеніне қарамастан, Орталық стадионда мыңдаған жанкүйердің алдында 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне шықты. Мачта «Қайрат» қарсыластарынан алаңның барлық жерінде үстемдік танытты. Олар ойын басталысымен қонақтардың қақпасына жиі-жиі шабуыл жасап, сырт алаңда кеткен есені қайтаруға тырысты. 9-минутта Дастан Сәтпаев алғашқы ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «КуПС» командасынан жеңілді
Алматының «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу турнирінде сырт алаңда Финляндияның «КуПС» командасымен ойнап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Матчтың екінші таймының 49-минутында Мохамед Туре «Қайрат» қақпасынан дәл көздесе, Яакко Оксанен 71-минутта екінші голдың авторы атанды. Енді екінші ойын 29 шілдеде Алматыда болады. Егер «Қайрат» өз алаңында «КуПС» командасын жеңсе, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу турнирінде «Слован» (Словакия) мен «Зриньски» ...
Read More »