Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Оған 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тең келер қарсылас болмады. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141+175) келі салмақты көтерді. Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты, — делінген хабарламада. ...
Read More »Tag Archives: Азия чемпионы
Абылайхан Жүсіповке Азия чемпионы атағы кешігіп жетті
Отандасымыз Абылайхан Жүсіпов (71 кг) Таиландтың Чиангмай қаласында өткен әлем чемпионатында төрешілердің бармақ басты, көз қысты шешімімен финалда Өзбекстан боксшысы Хавасбек Асадуллаевтан жеңілген еді. Бірақ Өзбекстан өкілі жекпе-жекте спортшыға жат қылық көрсетіп, Абылайхан Жүсіповтің кеуде тұсын тістеп алған. Осыған байланысты Қазақстан тарапы төрешілердің үстінен шағым жазып, жекпе-жектің нәтижесін қайта қарауды талап етті. Содан кейін төрешілер шешімі қайта қаралып, Азия чемпионы ...
Read More »Шәміл Досбол грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Күрес түрлерінен Иорданияның астанасы – Амман қаласында өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Шәміл Досбол екі дүркін Азия чемпионы атанды. Ол 17 жасқа дейінгі спортшылармен белдесіп, Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда Өзбекстанның өкілімен тең түсті. Алайда, соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан, жеңіс қазақ ...
Read More »Ақпейіл Өсім велоспорттан Азия чемпионы атанды
Бүгін Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 23 дейінгі қыздар арасындағы 112,6 шақырымтоптық жарыста ұлттық құраманың спортшылары қос жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз Ақпейіл Өсім мәре сызығын 2:56:51 уақыт көрсеткішімен бірінші болып кесіп өтсе, Елизавета Склярова қола медаль иеленді. Күміс жүлде индонезиялық Девика Соваға бұйырды. Азия чемпионатында ...
Read More »Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финал аяқталды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды. Осылайша, ол екі дүркін Азия чемпионы атанды. Былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында да Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмаған. Одан басқа, спортшы Дохада 2022 жылы күміс, 2023 жылы ...
Read More »Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева тағы да чемпион атанды
Көркем гимнастикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Елжаңа Таниева тағы бір алтын жүлдені жеңіп алды. Ол шығыршықпен жаттығудан Азия чемпионы атанды. Бұл жаттығуда спортшы 33,90 ұпай жинады. Ал күміс медальді жапониялық Рейна Мацусака, қола жүлдені Айбота Ертайқызы иеленді. Кеше Елжаңа Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Олимпиялық ойындарға жолдама алған еді. Сонымен бірге бүгін Қазақстан ересектер құрамасы 5 шығыршықпен ...
Read More »Қазақстан байдарка және каноэде есуден алтын медаль алды
Каноэ мен байдаркада есуден Жапонияның астанасы — Токиода өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz. Екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші — 01:57.203. Екінші орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленді. Кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж ...
Read More »Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атағын жеңіп алды
Күрес түрлерінен Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың грек-рим күресінен балуаны Ержет Жарлықасын алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда (63 кг) 25 жастағы Жапонияның өкілі, XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Айата Сузукиді жеңді. Белдесу 6:6 есебімен аяқталған. Ұпай сапасы жағынан қазақ балуаны басым болды. Күндізгі сессияда Жарлықасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен ...
Read More »Айсулуу Тыныбекова тұңғыш рет алты дүркін Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Еркін күрестен Қырғыз Республикасы ұлттық құрама командасының өкілі Айсулуу Тыныбекова Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, сары құрлық додасының алтын жүлдесін осымен алтыншы рет жеңіп алды. Сөйтіп, ол тұңғыш рет алты дүркін Азия чемпионы атанды. 14 сәуірде финалда 62 келіге дейнігі салмақ дәрежесінде күш сынасқан қырғыз балуаны жапон спортшысы Сакуро Мотокиді 9:6 ...
Read More »Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден тағы чемпион атанды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы (юниорлар) көркем жүзуден аралас топтық сайыс пен акробатикалық топтар бәсекесінің еркін бағдарламасында алтын жүлдені жеңіп алды. Әуелі қыздар құрамасы (13-15 жас) көркем жүзуден топтық сайыстың еркін бағдарламасында қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадулина, Анджелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Джаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирева ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары