Қазақстан құрамасы Сенегалдың Дакар қаласында өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева, ал тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста Әнел Тәшбай Олимпиада чемпионы атанды. Боксшылар Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) Қазақстан қоржынына күміс медаль ...
Read More »Tag Archives: алтын медаль
Велошабандоз Әнел Тәшбай Олимпиадада топ жарды
Сенегалдың Дакар қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Олимпиадада тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Тәшбай жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жекелей уақытта қашықтықты 11 минут 32.57 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті. Екінші орын Словакияның спортшысы Каролина Гайдуковаға бұйырды. Мәре сызығын 11 минут 37.62 секундтта кесіп, күміс жүлде алды. Ал ресейлік Ангелина Новолодская 11 минут 43.65 секунд нәтижемен үшінші орынға ...
Read More »Қазақстан садақ атудан Азия кубогінде топ жарды
Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогі жолындағы жарыс аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті. Аталған жарыста ұлттық құрама он медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, бесеуі күміс және екеуі қола жүлде. Блоктық садақ атудан жекелей сайыста Павел Кузнецов алтын жүлде алса, Никита Ивлев күміс медальға ие болды. Әйелдер арасындағы жекелей бәсекеде Милана Бурлева екінші орын алды. Классикалық садақ атудан ...
Read More »Соңғы күнгі серпіліс
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен V Азия Пара ойындары мәресіне жетті. Қазақстан спортшыларының арасынан жарыс алаңына соңғы болып шыққан волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама команда күміс медаль иеленді. Отандастарымыз финалда Иран құрамасымен ойнап, 0:3 есебімен жеңілді. Осылайша, ұлттық команда Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал ...
Read More »Максим Богатырёв параканоэден әлем чемпионы атанды
Аргентинаның Гуалегуайчу қаласында байдарка мен каноэде ескек есу марафонынан және параканоэден өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында параканоэден VL1 санатында сынға түскен отандасымыз Максим Богатырёв алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ескек есу спорты түрлерінен ұлттық федерацияның баспасөз қызметі. Ол жарыстың алғашқы күні қайықпен 8 шақырым 200 метрді 58 минут, 03.17 секундта жүзіп өтті. Максим Богатырёв мәре сызығын екінші кескен ...
Read More »Велоспортшылар Пара Азиада чемпионы атанды
Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарынан тағы да қуанышты хабар келіп жетті. Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды. Бүгін тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп, мәреге бірінші болып жетті. Олардан ...
Read More »Бір күнде екі алтын жүлде: Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын жаңартты. Ол ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалап жүзу сайысының финалында 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты. Екінші орынды Жапония спортшысы Акито Мина ...
Read More »Қазақстан қоржынына тағы екі алтын жүлде түсті
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында жалауы көтерілген V Азия пара ойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара садақ атудан, пара оқ атудан, пара үстел теннисінен, пара дзюдодан, пара велоспорттан (трек), пара жүзуден, пара пауэрлифтингтен, арбадағы теннистен, пара таеквондодан, боччадан, волейболды отырып ойнаудан және пара жеңіл атлетикадан сынға түсті. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтыққа пневматикалық ...
Read More »Қазақ балуандары АҚШ-та әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи оқиға болды. Бұл дүрмекті додада Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионаты тарихында алғаш рет бір жарыста екі алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Темірлан Тұрдақын финалға шығып, Джохар Узаров қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. ...
Read More »Алексей Луценко алты дүркін Азиада чемпионы атанды
Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Алексей Луценко топ жарды. Велошабандоз 4 сағат 13 минут 11 секундта мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл – Луценконың биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын жүлдесі. Ол жарыстың алғашқы күнінде жекелей ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары