Биатлоншы Вадим Куралес АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы атанды. Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды. Жарыс жолына 16-болып шыққан Вадим нысана көздеуден бір ғана рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37.4 минут нәтиже көрсетті. Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг отандасымыздан 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орынға ие болды. Франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үздік үштікті ...
Read More »Tag Archives: АҚШ
Қазақстан хоккейшілері универсиаданы жеңіспен бастады
АҚШ-тағы Лейк-Плэсид қаласында басталған қысқы универсиада Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасында шайбаларды Алдияр Нұрлан (6-минут), Максим Мусоров (26-минут), Кирилл Полохов (35 және 37-минут) пен Максим Мұхаметов (39-минут) соқты. Оңтүстік Корея құрамасында Мин Джэ Чан (21-минут) қақпаны дәл көздеді. Универсиадада Қазақстан құрамасы Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен топта өнер көрсетеді. Топтан бірінші және ...
Read More »Қысқы универсиада басталды
АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында қысқы универсиада салтанатты түрде ашылды. Оған еліміздің атынан 78 спортшы қатысады. Құрама Штаттарда ел намысын 17 жоғары оқу орнының студенттері спорттың 10 түрінен қорғайды. Оның ішінде шаңғымен жарысудан – 14, шорт-тректен – 12, биатлоннан – 9, мәнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден – 6, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру мен қоссайыстан – 2, шайбалы хоккейден 23 отандасымыз ...
Read More »Қазақстан Қысқы Универсиадаға қатысатын студенттердің тізімін жариялады
12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында ХХХ Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындары өтеді. Оған 50 елден 1443 спортшы (832 ер, 611 әйел) қатысады. Оның арасында Қазақстан құрамасы сапында 80 спортшы-студент бар. Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз хатшысы Гүлжайна Мұхашеваның айтуынша, отандастарымыз шаңғымен жарысу, шорт-трек, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, сноуборд, мәнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден ...
Read More »Күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды
10-11 желтоқсан күндері АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін және әйелдер күресінен Әлем кубогы жарысы өтеді. Биыл Xtream Arena-да ұйымдастырылатын белдесулерде ерлер мен әйелдер еркін күрестен алғаш рет бір спорт кешенінде жиналып, шын мықтыны анықтайды. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мұхиттың арғы бетіндегі додада Қазақстан құрамасынан екі өкіл бақ сынайтынын мәлімдеді. Олар — қыздар арасындағы 72 келіге дейінгі салмақтағы әлем ...
Read More »ӘЧ-2022: Иран жанкүйерлері АҚШ-тан жеңілген соң бір-бірімен төбелесті
Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран құрамасының жанкүйерлері бір-бірімен төбелесіп қалды. Олар бүгін түнде АҚШ командасынан жеңілген соң, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. БАҚ-та, әлеуметтік желіде төбелестің неден шыққаны туралы көп нәрсе айтылып жатқан жоқ. Telegram-дағы «Первый спорт» арнасының хабарлауынша, парсылар бір-бірін жеңіліске кінәлап, төбелескен жоқ. Олар ойыннан кейін өкіметті жақтаушылар мен Ирандағы билігіне қарсылар болып бөлініп, төбелескен. Иран билігін ...
Read More »Боксшы Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады
Екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады. Боксшы келген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді. Осыған ұқсас смс-тер көп келген екен. Барша қолдап жатқан халқыма рақмет! Алла қаласа елге мықты болып ораламын. Алла жазса алар асуымыз әлі алда, — деп жазды Ербосынұлы. 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррелден нокаутпен ...
Read More »Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты мәлімдеме шықты
Боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы едәуір жақсарып қалды. Қазір ол тіпті өз бетінше жүре алады екен. Бұл туралы Айдостың жекпе-жектерін ұйымдастыратын «Suleimen Promotions» компаниясы хабарлады. «Қазір боксшымыз айтарлықтай жақсарып қалды. Ол өз аяғымен жүре алады. Психикасы да жақсы. Дәрігерлермен сөйлесіп, олардың сұрағына жауап береді. Мамандардың айтуынша, Айдос жылдам сауғып келеді. Тіпті жақын арада оны ауруханадан шығарып, елге әкелуге мүмкіндік туатын сияқты. ...
Read More »АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлы туралы фильм түсіріліп жатыр
АҚШ-та орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы туралы америкалық көрерменге арналған деректі фильм түсіріліп жатыр. Америкалық жанкүйерге қызықты болсын деп ESPN компаниясы деректі фильм түсіріп жатыр. Оны компания біз қызықты болғаннан кейін түмсіріп жатыр деп ойлаймын. Біз бұған өте қуаныштымыз. Бұл біздің QAZAQ STYLE дүние жүзіне танылып жатыр деген сөз. Бокс тарихында із қалдыру үшін осы бағыттан ...
Read More »Айдос Ербосынұлының жағдайы алаңдатып отыр
Кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы әлі комадан шыққан жоқ. Ол әлі есіне келмей жатыр. Осыған байланысты былғары қолғап иесінің АҚШ-та жекпе-жегін ұйымдастырған «Suleimen Promotions» компаниясы мәлімдеме жасады. Компания кәсіпқой боксшының жағдайы туралы әлеуметтік желіде хабарлап, Айдос Ербосынұлының денсаулығы үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасайтынын атап өтті. «Suleimen Promotions» компаниясының барлық ұжымы Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаулы. Оның денсаулығына күнделікті бақылау жасауда. Біздің ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары