Бокстан 10-24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында барлық боксшы қыздарымыз құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 12 салмақта жүлде үлестірілген әйелдер жекпе-жегінде барлық отандасымыз финалда жұдырықтасты. Бастапқы жеңіл салмақтағы үш жекпе-жекте жолымыз болмағанымен, қалған тоғыз жекпе-жекте қатарынан спортшыларымыз қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. 7 жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. ...
Read More »Tag Archives: бокс
Бокстан АЧ: Қазақ қыздары 12 алтын медаль жеңіп алды
Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов жаттықтыратын Қазақстанның қыздар құрамасы 12 алтын медаль жеңіп алды. Бұл чемпионат 10 мамырда жалауын көтерген. Ол 24 мамырға дейін болады. Сары құрлық бәсекесі Шри-Ланканың астанасы — Коломбода болып жатыр. Оған Қазақстан қыздар құрамасы да қатысуда. Бүгін бұрымды боксшылардың бәрі финалға шығып, Азия чемпионы атағын жеңіп алғаны туралы қуанышты ...
Read More »Боксшылар халықаралық турнирде алты жүлдені жеңіп алды
Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан ерлер құрамасы алты жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, 54 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен 92 кг-ден аса салмақтағы Нұрлан Сапарбай турнирдің жеңімпазы атанды. Сағындық Тоғамбай (92 кг-ге дейін) күміс медальді иеленсе, Теміртас Жүсіпов (48 килоға дейін), Жандос Қыдыралиев (63,5 к-ге дейін) пен Мұхаммедсадыр Базарбайұлы (67 килоға дейін) қола жүлдені ...
Read More »Қазақстан құрамасының боксшысы кәсіпқой рингке шығады
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бұл туралы боксшының менеджері Жанпейіс Назарғали Meta-ratings.kz порталына сұхбатында айтты. 23 ақпан Ақтауда Нұрқанат Райыстың кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі болады. Ол 6 раундқа созылады. Қарсылас кім болатынын кейінірек айтамыз. Дегенмен Нұрқанаттың біржолата кәсіпқойға боксқа ауысатынын айту әлі ерте. Ол әуесқой бокста шаршы алаңға шыға беретін шығар, — деді боксшының менеджері. ...
Read More »Қарағандының шаршы алаңы жаңа есімдерді алып шықты
Бүгін Қарағанды қаласында бокстан бір жетіге жуық болған Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Чемпионатқа ерлер мен әйелдер құрамасынан 300-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Биыл 11 боксшы алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Тимур Қабдешов, Дәулет Молдашев, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсеитов, Темірлан Мұқатаев, Азамат Бектас, Данияр Рахымбердинов, Анита Адишева, Лаура Есенкелді мен Жасмин Қизатова ел ...
Read More »Бокстан Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды
Қарағанды қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында финалға шыққан барлық боксшы анықталды. Ерлер 48 кг. Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) — Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы) 51 кг. Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы) — Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) 54 кг. Тимур Қабдешов (Ақмола облысы) — Бағлан Кенжебек (Жамбыл облысы) 57 кг. Дәулет Молдашев (Абай) — Асылжан Серікбай (Шымкент) 60 кг. Серік ...
Read More »Усик ең ауыр салмақтағы чемпион атағын қорғап қалды
22 желтоқсанға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында британдық Тайсон Фьюри мен украиналық Александр Усиктің реванш жекпе-жегі болды. Бұл жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағына лайықты кім екені анықталды. Сөйтіп, бірнеше айға созылып, шарықтау шегіне жеткен даудың мәселесі шешілді. Бәске WBC, IBO, WBO, WBA Super және The Ring тұжырымы бойынша әлем чемпионы атақтары қойылды. Жекпе-жек барлық 12 раунд ...
Read More »Аңызға айналған боксшы Рой Джонс Қазақстан чемпионатында шаршы алаңға шықты (ВИДЕО)
Қарағандыда Серік Сәпиев бокс орталығында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында аты аңызға айналған боксшы Рой Джонс ән шырқады, деп хабарлады Jibek Joly телеарнасы. Чемпионаттың ашылу салтанатына танымал боксшылар Рой Джонс, Василий Жиров, Ермахан Ыбырайымов пен Серік Қонақбаев қатысты. Осы рәсімде америкалық спорт шебері отандастарымыздың рух беру үшін ән айтып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысып жатыр. ...
Read More »Әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді
Боксшы Теміртас Жүсіпов Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бірінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын нокаутқа жіберді. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рамазан Рузибайды жеңді. Бұл жекпе-жекте Жүсіпов толық басымдық көрсетіп, бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірсе, екіншісінде тағы да Рузибайды есеңгіретін жіберді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады. Жүсіпов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Теміртас Жүсіпов 2021 жылғы әлем чемпионы, екі дүркін Азия ...
Read More »Қазақстан чемпионатына кәсіпқой боксшы да қатысып жатыр
Кәсіпқой бокста шаршы алаңға шығып жүрген Талғат Шайкен Қарағандыдағы Қазақстан чемпионатына қатысып жатыр. Ол 71 келі салмақта рингке шығып, алғашқы жекпе-жегінде Алинұр Өмірбекпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте үш раунд қорытындысы бойынша Талғат Шайкен төрешілер шешімімен жеңді. Енді ол 20 желтоқсанда Мадияр Тәжібаевпен жұдырықтасады. Талғат Шайкен кәсіпқой бокста өткізген тоғыз жекпе-жектің бәрінде жеңіп, оның бесеуін нокаутпен аяқтаған. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »