• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: еркін күрес

    Азамат Дәулетбеков — екі дүркін Азия чемпионы!

    Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет Азия чемпионы атанды. Ол былтыр Моңғолияның астанасы -Улан-Батор қаласында жалауы желбіреген құрлықтың чемпионатында алғаш рет алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Енді міне, ол 86 келіге дейінгі салмаұта тағы та топ жарды. Азамат Дәулетбеков  Иран елінің өкілі, үш дүркін Азия чемпионы Алирез Каримимачианиді жеңді. Осылайша ол ...

    Read More »

    Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Қазақстан құрама командасының сапында еркін күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алған төрт балуанның арасында бірінші болып бозкілемге шыққан Дархан Есенғали 74 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ол жапон балуаны Кирин Киношиттаны 7:1 есебімен жеңді. Бұған дейін Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль иегерлері атанған болатын. Енді кешкі сессияда тағы үш балуанымыз құрмет тұғырының ең биік сатысына шығу үшін ...

    Read More »

    Маңғыстаулық жас балуан ел чемпионатында үшінші орын алды

    Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде еркін күрестен 15 жасқа дейінгі (U-15) жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Сағынбай Мұхамбетали 41 кг салмақта сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Ол боз кілемге бес рет шығып, Түркістан облысы, Алматы облысы, Жетісу облысының палуандарын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалда Алматының балуаны Дамир Қалиден жеңіліп, үшінші орын үшін белдесуде Батыс Қазақстан облысының өкілін ...

    Read More »

    Балуандар Египеттен екі алтын жүлдемен оралды

    Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің  соңғы күні 57 келіде белдескен Рахат Қалжан қола медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан күрес түрлері федерациясы хабарлады. Осылайша Қазақстан құрамасы турнирден 2 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен оралды. Әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова мен Марина Седнева жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола медаль еншіледі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Еркін күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

    Иранның астанасы Тегеран қаласында еркін күрестен клубтар арасындағы Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы Күрес түрлері федерациясы хабарлады. Турнир 17-18 ақпан күндері Біріккен күрес әлемінің (WWU) ережесі бойынша болады. Дүрмекті додада Қазақстан балуандары 10 салмақта сынға түседі. Әлем кубогына қатысатын балуандардың тізімі мынадай: 57 кг. Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы) 61 кг. Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы) 65 кг. Рифат ...

    Read More »

    Жазғы Спартакиада: еркін күрестен белдесулер аяқталды (ФОТО)

    Алматыда еркін күрестен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының қалған бес салмақтағы чемпионы мен жүлдегерлері анықталды. Осымен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасында балуандар бәсекесі аяқталды. Бұған дейін грек-рим және әйелдер күресінен чемпиондар мен жүлдегерлер анықталған еді. Енді міне, грек-рим күресінен жалпы есепте Шымкент қаласы топ жарса, Жетісу облысы екінші орын алды. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысының балуандары түйіндеді. Ал әйелдер арасында Алматы облысының ...

    Read More »

    Жазғы Спартакиада: еркін күрестен жеңімпаздар анықталды

    Алматыда өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада балуандардың белдесулері жалғасып жатыр. Еркін күрес шеберлері бозкілемде 5 салмақта үздіктерді анықтады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Апта басындағы бәсекеде бірнеше сенсация тіркелді. Атап айтқанда, ұлттық құрамадағы 74 келіге дейінгі салмақта көшбасшының бірі, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда Дархан Есенғалиден ...

    Read More »

    Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Спартакиада басталады

    Бүгін Алматыда ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Спартакиада басталады. Жарыстар 3-7 ақпан аралығында өтеді. Спортшыларды Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сынға түседі. Күндізгі бағдарлама 10.30-да, кешкі бағдарлама — 18.00-де басталады. Бірінші болып жарысты «классиктер» бастайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен Әлем кубогында ұлттық құрама команданың көшбасшысы Азамат Дәулетбеков Әлем құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды. Азамат бұл бәсекеде 86 кг дейінгі салмақта күресті. Оның құрамасы жарысты екінші айналымнан бастады. Онда Дәулетбеков жапон Тацуия Шираиды 9:1 есебімен ұтты. Әлем құрамасы мен Жапония арасындағы белдесуде алғашқысы басым түсті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Балуан Азамат Дәулетбеков АҚШ—тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен әлем кубогы жарысында қола жүлдегер атанды. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның хабарлауынша, Азамат 86 келіге дейінгі салмақта әлем құрамасы сапында кілемге шықты. Әлем құрамасы бәсекені екінші айналымнан бастады. Онда А.Дәулетбеков жапониялық Тацуия Шираиды 9:1 есебімен тізе бүктірді. Дегенмен жартылай финалда ирандық Әлиреза Мұхаммед Каримимачианиге жол берді. Азамат қола жүлде үшін ...

    Read More »