• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: еркін күрес

    ТОП-5: Қазақстан күрестен үздік бес елдің қатарында

    Әзербайжанның астанасы Баку қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы күрестен әлемнің үздік елдерінің қатарына қосылды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, ұлттық құраманың балуандары грек-рим, еркін және әйелдер күресінің нәтижесі бойынша 225 ұпай жинады. Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресей спортшылары жалпы есепте 305 ұпаймен бірінші орын алса, АҚШ 294 ұпаймен екінші, Үндістан 250 ұпаймен үшінші, Иран 231 ұпаймен төртінші орынды иеленді. ...

    Read More »

    Жас балуандар әлем чемпионы атанды

    Әзербайжанның астанасы Баку қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуандары Дияр Аманәлі мен Бақдәулет Ағабек алтын жүлдені жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, еркін күрестен 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Бақдәулет Ағабек финалда Үндістанның өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен  жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ол қарсыласын техникалық басымдықпен жеңді. Оған дейін Бақдәулет Ағабек бес белдесудің барлығында жеңіске жетті. ...

    Read More »

    Таразда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

    Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам жас балуан қатысуда. Бұл дода жасөспірімдер мен жастар үшін үлкен спортқа бастар маңызды белес саналады. Себебі, дәл осы жарыста топ жарған балуандар алдағы уақытта Азия ...

    Read More »

    Ризабек Айтмұқан Super 4 Wrestling турнирде жеңімпаз атанды

    Еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан (97 келі) Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен халықаралық Super 4 Wrestling турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат. -Финалдық белдесуде ол ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен қапы қалдырды. Нәтижесінде халықаралық турнирдің чемионы атағын жеңіп алды. Отандасымыз одан бұрын болгариялық Ахмед Батаевтан басым түсті. Ризабек Айтмұқан 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2023, 2024, 2025 жылдары Азия чемпионатында күміс ...

    Read More »

    III ТМД елдері ойындары: Қазақстан қоржынына тағы жүлделер түсті

    Әзербайжанның бірнеше қаласында III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр. Бүгін Қазақстан спортшылар бадминтон, нысана көздеу, семсерлесу мен күрес түрлерінен бақ сынап, жүлделі орыннан көрінді. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз: Пневматикалық винтовкамен нысана көздеу, 10 м: Қазақстан құрамасы (Александра Ле, Никита Шахторин) – күміс жүлде Еркін күрес: Риза Изахар (110 кг) – күміс медаль Пневматикалық тапаншамен нысана көздеу, 10 м: ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Асылжан Есенгелді мен Нұрқожа Қайпанов – қола жүлдегер!

    Бүгін еркін күрестен Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшысы Асылжан Есенгелді (-60 кг) жүлде жолында америкалық Джаксен Патрик Форресті жеңіп, қола медаль алды. Отандасымыз соңғы секундтарда ұпай алып, басым түсті. Ол екі  жыл бұрын осы салмақта Албанияның Тирана қаласында өткен ...

    Read More »

    Еркін күрестен U20 ӘЧ: Қазақстан балуандары бес медальмен келе жатыр

    Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында еркін күрес балуандарының күресі аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бес медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын жүлде. Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) әлем чемпионы атанды. Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) мен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола ...

    Read More »

    Балуандар Афинадан 11 жүлдемен келе жатыр

    Грекияның Афина қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 кеилоға дейінгі салмақта чемпион атанса, күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 килоға дейін) мен Нұралы Асқар (55 килоға дейін) иеленді. Шамиль Досбол (65 килоға дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 килоға дейін) қола жүлдені қанағат тұтты. Қыздар арасында Мадхия ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Жасөспірімдер үшінші орыннан көрінді

    Грекияның астанасы – Афина қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл сында еркін күрестен Қазақстан құрамасы үш қола медальді иеленді. Үшінші орыннан балуандар Данаэль Әбдіқасым (51 килоға дейін), Бекасыл Асамбек (60 килоға дейін) пен Дінмұхамед Қасымбек (80 килоға дейін) көрінді. Командалық есепте Қазақстан үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды АҚШ құрамасы жеңіп алса, Иран спортшылары екінші орынға шықты. ...

    Read More »

    Балуандар Мажарстандағы турнирде жеті жүлдені иеленді

    Мажарстанның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирі болды. Осы турнирде қазақстан құрамасының балуандары 7 медальді жеңіп алды. Еркін күрестен 61 кг салмақта Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды. Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 кг) күміс медаль алса, Ержет Жарлықасын (63 кг) мен Әлімхан Сыздықов (130 кг) қола медальға ие болды. Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 ...

    Read More »