…Әлем чемпионатының ауыз көпіртер әңгімелері аз емес! 2026 жылы үш мемлекеттің футбол алаңдарында өтетін бұл төрт жылдың басты футбол додасы күтпеген кемшіліктерге сүрініп, Инфантино бастаған ФИФА қарағым жерге қарап жүрмесе болғаны. Ондай талас-тартыстың шеті бүгін-ақ қылтиып тұр… Сонымен, 48 команданы жіліктеп-мүшелеп, 12 топқа бөліп, қораға қамадық. Оларға көктемде келіп қосылатын 8 команданы қоса айтып отырмын. АҚШ-тың 11, Мексиканың 3, Канаданың ...
Read More »Tag Archives: жеребе
… Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
…Ұзақ-сонар былшылдан кейін командаларды 12 топқа бөлу басталды. Алғашқы үш команда — чемпионат өткізетін елдер — өз басшыларының «жеңіл» қолының құдіретімен алдын ала дайындап қойған топтарға топ ете қалды. Өзге командалардың қалай жіліктеліп-мүшеленгенін футболға құмар көзі қарақты оқырмандар көрді де, біледі де, телефонына көшіріп алды да, жаттап үлгерді де… Сондықтан ол топтарды бұл жерге топырлатып жазбауға да болар еді,бірақ ол ...
Read More »Футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Бүгін АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Онда мундиальға қатысатын ұлттық құрама командалар төрт қоржынға бөлінді. Қазір чемпионатта ойнайтын 42 команда белгілі болып отыр. Ал қалған құрамалар келесі жылы көктемде плей-офф ойындарында анықталады. А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия) B тобы: Канада, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния ...
Read More »«Қайрат» қарт құрлыққа қадам басты. Алғашқы қарсыласы – «Реал» (Мадрид)
Монакода футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы 2025/2026 жылғы маусымдағы негізгі тобының жеребесі тартылды. Осы іс-шарада Алматының «Қайрат» клубының қарсыластары анықталды. Жеребе Чемпиондар лигасының негізгі тобына жолдама алған 36 клубтың арасында болды. Осы жаңартылған пішіндегі (формат) турнир екінші рет өткелі отыр. Бұдан кейін командалар біртұтас турнир кестесі аясында өзара ойнайтын болады. Жалпы кезеңнің қорытындысы бойынша үздік 8 команда бірден 1/8 финалға шығады. ...
Read More »Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Өзбекстанның Самарқанд қаласында 14-қыркүйек пен 6-қазан аралығында футзалдан болатын әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Әлемдік дода Өзбекстанның үш қаласында – Ташкент, Бұхара мен Әндіжанда болады. Жеребе тарту рәсімі Регистан алаңында болды. Қазақстан ұлттық құрамасы жеребе қорытындысы бойынша D тобына түсті. Қарсыластары – Испания, Жаңа Зеландия мен Ливия құрамалары. Құрама команданың топтық кезеңіндегі ойындары 15, 18 және 21 қыркүйекте Әндіжан мен Ташкентте ...
Read More »Билли Джин Кинг кубогы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды
Ұлыбританияның астанасы — Лондонда Билли Джин Кинг кубогы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлады Rraketkasi. Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіне шығу үшін Оңтүстік Корея командасымен ойнайды. Бұл матч Астанада 15-16 немесе 17-18 қарашада болады. Іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Токиода Жапонияға жол беріп, командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмаған еді. Ал Мадридте ...
Read More »EURO-2024 жеребесі тартылды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды. Бұл чемпионат 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді. Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, құрлықтық дода 14 маусымда Германия мен Шотландия матчымен ашылады. Одан басқа, рәсімде ұлттық құрамалардың қай топқа түскені анықталды. Бір атап өтетін жайт, Еуропа чемпионатына Ұлттар лигасы арқылы шығатын командалардың да топтары белгілі болды. Бұл командалар төменде ...
Read More »UEFA Чемпиондар лигасы топтық турнирінің жеребесі тартылды
UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Топтық турниріне қатысатын 32 команда сегіз топқа төрт-төрттен бөлінген. Мұнда әрбір топтан үздік шыққан екі команда жарыстың 1/8 финалына шығады. А тобы: «Бавария» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Копенгаген» (Дания), «Галатасарай» (Түркия); В тобы: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Англия), ПСВ (Нидерланд), «Ланс» (Франция); С тобы: «Наполи» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания), «Брага» (Португалия), «Унион Берлин» (Германия); ...
Read More »Қазақстан теннисшілерінің Уимблдон турниріндегі қарсыластары анықталды
Бүгін Лондонда әйелдер және ерлер арасында жекелей сында Уимблдон турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Еліміздің көшбасшы ойыншысы, жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы кездесуін америкалық Шелби Роджерспен өткізеді. Юлия Путинцева бірінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен күш сынасады. Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик америкалық, Астанада челленджер жарысының чемпионы атанған Маккензи ...
Read More »Ұлттар лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылды
Әйелдер құрамалары арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» лигасының 4-тобына түсті. Онда Қазақстан командасы Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен кездеседі. УЕФА Ұлттар лигасының матчтары 20 қыркүйекте басталып, 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары