• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жүлде

    Мергендер Әлем кубогында үш жүлдені жеңіп алды

    Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем кубогы үшін жарыс болып жатыр. Бүгін отандастарымыз осы жарыста үшінші медальді жеңіп алды. Ерлер арасында 10 метрден пневматалық винтовкамен нысана көздеуде Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды. Финалда Қазақстанның мергендері Австрияға 16:8 есебімен есе жіберді. Ел намысын Константин Малиновский, Никита Шахторин мен Ислам Сәтпаев қорғады. Қазір Қазақстан 2 күміс және 1 қола медальмен жалпы ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 20 жүлде жеңіп алды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында 20 медальді жеңіп алды. Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамалары 5 алтын, 3 күміс және 12 қола жүлдеге ие болды. Осы көрсеткішпен отандастарымыз  жалпы командалық есепте екінші орынға шықты. Өзбекстанның өкілдері 21 (14, 4, 3) жүлдемен тізімде көш бастады. Үздік үштікті шаршы алаңның иелері – Таиланд ...

    Read More »

    Универсиада-2023: Қазақстан ойындарды 11-орынмен аяқтады

    Қазақстанның студент-спортшылары АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен ХХХI Қысқы Универсиадада 11 медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан Универсиаданы жалпыкомандалық есепте 11-орынмен аяқтады. Қазақстандықтар жеңіп алған осы 11 жүлденің үшеуі алтын, төртеуі күміс және төртеуі қола. Биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков, сонымен қатар тұғырдан секіруден Данил Васильев студенттердің қоржынына жүлделерді салып берді. Күміс медальдарды Александр Мухин (биатлон), Данил Васильев пен Сергей Ткаченко ...

    Read More »

    Сағдат САДЫҚ: «Қысқы Олимпиадаға ұялмай жіберетін спортшыларымыз бар»

    Жастарымыз АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен Қысқы Универсиадада 11 медальді жеңіп алды.  Қазақстан делегациясын Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Кәбірұлы Садықов бастап барған еді. Біз бас директормен сұхбаттастық. — Сағдат мырза, АҚШ-тан жеткен ақжолтай жаңалықтарға қуанып отырмыз. Студенттеріміз жарап-ақ тұр! — Соңғы жарыс күнінде біздің хоккейшілер Жапония командасын 8:1 есебімен ұтып, елімізге қола медаль сыйлады. Бұлан бұрын ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатында алты жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді. Ирина Юнусметова мен Валерий Рахимжан жұбы 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде екінші орын алды. Бұл — біздің мергендердің осы сары құрлық бәсекесіндегі алтыншы жүлдесі. Осыған дейін винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола ...

    Read More »

    «Ақиқат» журналының дәстүрлі додасы

    Алматыда осымен жетінші рет шахматтан «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін турнир өтті. Бұл жарыс 2012 жылы серіктестіктің бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы болған қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің ұсынысымен басталып, қазір журналистер арасындағы дәстүрлі турнирлердің біріне айналып отыр. Биылғы додаға 26 журналист қатысты. Турнир жылдағы дәстүр бойынша швейцариялық жүйе бойынша 5 турдан өтіп, оған  шахмат мектебінің ...

    Read More »

    Дзюдо: қазақ палуандары жүлде алып жатыр

    Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Оған  83 елден 500-ден астам палуан қатысып жатыр. Бүгін, дүбірлі доданың алғашқы күні қазақстандық спортшылар да татамиге шықты. Солардың арасында 44 кило салмақта Әбиба Әбужақынова деген қызымыз күресіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тағы бір Еуропаға ел үмітін арқалап барған палуанымыз Бауыржан Нарбаев 55 кг салмақта қола медальді жеңіп алды. Бұл ...

    Read More »