Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Astana Indoor Meet турнирі аяқталды. Осы турнирде Давид Ефремов Қазақстан рекордын жаңартты. Olympic.kz-тің хабарлауынша, Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өз рекордын жаңартты. Ол қашықтықты 7,59 секундта жүгіріп өтті. Бұған дейін елдің ең үздік көрсеткіші 7.62 секунд болған. Финалда Ефремов мәреге төртінші болып келді. Қазақстан командасы сапынан Надежда Дубовицкая үздік нәтиже көрсетті. Ол биіктікке ...
Read More »Tag Archives: турнир
Жанерке Көшкімбаева үстел теннисінен Катарда топ жарды
Үстел теннисінен спорт шебері Жанкерке Көшкімбаева Катардың астанасы — Дохада өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 19 жастағы спортшы Бахрейн, Катар, Литва, Пәкістан спортшыларынан басым түсті. Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық сында топ жарып, жұптық сында жеңіске жеткен еді. WTT Youth Contender турнирінде бұған дейін Алан Құрманғалиев бірінші орын алған болатын.
Read More »Біз үшін үлкен қуаныш әрі жауапкершілік — Даниал Ахметов
Бүгін Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық жеңіл атлетика турнирі қарсаңындағы баспасөз жиыны өтті, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясы. Жиынға Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Дүниежүзілік жеңіл атлетика өкілі Пирс Окаллахан, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы және әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, сондай-ақ жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының ...
Read More »Әмір Омарханов Australian open турнирінде үшінші айналымға шықты (ВИДЕО)
Теннистен жасөспірімдер арасында Аустралияда өтіп жатқан Australian open турнирінде Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты. Әуеле ол жарыста турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген италиялық Федерико Чинаны жеңіп, сенсация жасады. Одан кейін 16 жастағы теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен, екінші сетте тай-брейкте 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Ал үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. ...
Read More »Қазақстан спортшысы үстел теннисі турнирінде топ жарды
АҚШ-тың Корпус Кристиде қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Corpus Christi 2024 халықаралық турнирі аяқталды. Осы жарысқа қатысқан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Герасименко жеңімпаз атанды. Турнирде Кирилл Герасименко Кай Чжанды (АҚШ) 3:1, Сянцзин Чжанды (АҚШ) 3:0, Хармит Десайды (Үндістан) 3:1, Штеффен Менгелді (Германия) 3:1, Жоао Монтейрды (Португалия) 3:2 жеңді. Кирилл Герасименконың айтуынша, турнирде ол мықты қарсыластармен ойнаған. Дегенмен жарысқа бәрінен бұрын ...
Read More »Астанада Олимпиадаға рейтингтік ұпай берілетін турнир өтеді
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді . Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесіне сәйкес, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жарысы Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстрылды. Турнир 10-12 мамыр күндеріне жоспарланып отыр. Бұл жарыс 2024 жылғы Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam жарысы болады. Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бірінші орын -үшін 1000 ұпай, ...
Read More »Алматыда алғаш рет теннистен ATP 250 турнирі өтеді
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (AТP) Алматыда ATP 250 турнирін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жарыс әуелі Астанада өтетін болған. Енді АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, Almaty Open 2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр. Өйткені, өткен ғасырдың 20-шы жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады, — деді ...
Read More »Азамат Дәулетбеков әлемдік рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды (ФОТО)
Еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков биылғы жылдың алғашқы әлемдік рейтингтік турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы. Ол Хорватияның астанасы — Загреб қаласында күрес түрлерінен өткен Zagreb Open турнирінің алғашқы күнінде 86 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль алды. Азамат Дәулетбеков әуеліҮндістанның балуаны Депак Пунияны 6:2 есебімен жеңсе, екінші белдесуде Украина өкілі Валентин Бабиден айласын асырды. Ширек финалда Грузияның ...
Read More »Бокстан ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайындалып жатыр
Бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасы Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындығын бастап кетті. Бұл жарыста жеңімпаз атанғандар Олимпиадаға лицензия алады. Қазір Алматыда турнирге дайындық болып жатыр. Боксшылар алдымен жалпы дене жаттығуын жасап, содан кейін арнайы физикалық дайындықты бастайды. Оқу-жаттығу жиынында Қазақстан құрамасы Иран және Әзербайжан спортшыларымен бірігіп жаттығады. Италиядағы лицензиялық турнир 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді. Әзірше боксшыларда ...
Read More »Велоспортшы Дастан Ордабай — халықаралық жарыстың жеңімпазы!
Велоспортшы Дастан Ордабай Аустралияның Балларат қаласында өткен Trial Virtus Oceania Road Cycling World Series жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. World Cycling Series жарысына мүгедектігі бар велоспортшылар қатысады. Биылғы додада 62 пара спортшы жарысты. Қазақстан атынан бұл турнирге «Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ пара-спортшысы, аутизм спектрі бұзылған Дастан Ордабай қатысты. Астаналық спортшы II-3 ...
Read More »