• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Футбол

    Марат Омаров: «Әр ауылда футбол алаңы болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз»

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Qazsport телеарнасына сұхбат беріп, ҚФФ өңірлік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып жатқанын, ҚФФ-ның елімізде Конференциялар лигасының немесе УЕФА Суперкубогының финалын өткізуге дайын екенін және саланы тұрақты дамытуда клубтарды жекешелендірудің маңызды екенін айтты. Яғни, ол футболдың мемлекеттен қаржыландырылмау керектігін атап өтті. Енді осыларды рет-ретімен айтса кетсек, ҚФФ басшысының айтуынша, ел тарихында алғаш рет FIFA-ның қолдауымен мектептерде ...

    Read More »

    Елімізде әуесқойлар арасында футболдан жаңа чемпионат басталды

    Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол саласындағы ең ірі ұлттық жобаны таныстырды. Бүгіннен бастап еліміздің барлық аймағын қамтитын 11х11 форматында «Қазақстан әуесқой лигасы» басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Бұл бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылған басым бағыттармен үндеседі. Жолдауда бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызы ерекше атап өтілген. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған лига енді жыл сайын ...

    Read More »

    Еуропа лигасы: «Ақтөбе» сырт алаңда «Легияға» есе жіберді

     «Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен ойнап, жеңіліп қалды. Матчты «Ақтөбе» жақсы бастады. Ақтөбенің клубы сапынан Оралхан Өміртаев 9-минутта гол салып еді. Алайда төреші Оралханның ойыннан тыс қалғанын айтып, оны санамады. 25-минутта «Легия» алға шықты. Голдың авторы — Ваган Бичахчян. Осыдан кейін «Ақтөбе» есепті теңестіруге ұмтылса да  мақсатына жете алмады. Қорытынды есеп – ...

    Read More »

    Конференция лигасы: «Ордабасы» Грузияның «Торпедосынан» жеңілді

    Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен ойнады. Матчта бірінші таймында екі жақ екі-екі голдан соғып үлгерді. Әуелі «Торпедо» құрамында Бьорн Маарс Джонсен 30-минутта есеп ашса,  Шымкенттің жасағынан Михай Кэпэцынэ 32-минутта таразы басын теңестірді. 33-минутта «Ордабасы» сапындағы Лука Имнадзе қақпаны діл көздеді. Содан кейін алаң иелерінен Матей Симик 45-минутта есепті теңестіріп ...

    Read More »

    Клубтар арасындағы ӘЧ: «Пари Сен-Жермен» мен «Челси» финалда ойнайды

    Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына берілген екінші жолдамаға ие болды. Париждің клубы жартылай финалда Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Матчта Фабиан Руис 6-минутта есеп ашса, одан кейін Усман Дембеле 9-минутта екінші голдың авторы атанды. «Реалдың қақпасына үшінші допты 27-минутта тағы да Фабиан Руис тоғытты. Ойынның соңында Гонсало Рамуш таблодағы есепті өзгертті. ...

    Read More »

    Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол салған ең жас футболшы атанды

    Алматының «Қайрат»  футбол клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев отандық командалар арасынан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде гол салған ең жас футболшы атанды. Ол Словенияның «Олимпия» жасағымен матчтың 59-минутында әріптесі Жоржиньоның берген пасын тиімті пайдаланып, қақпаны дәл көздеді.  Алайда алаң иелерінің Диогу Пинто деген футболисі 66-минутта есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Бұл ойын осылай, 1:1 есебімен аяқталды. Сәтпаев бұған дейін ...

    Read More »

    Еуропада «Арландар» клубына құрмет көрсетілді

    Биыл «Арландар» футбол клубының Португалия футболымен байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанына он жыл болып отыр. Клубтың сол еңбегін ескерген Лиссабон футбол ассоциациясы «Арландар» клубын 100 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады. Қазіргі таңда төрт шәкіртіміз Португалияның түрлі деңгейдегі академияларында білім алып жатыр. Португалиядағы «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы. Португалияның екі футбол академиясымен әріптестік келісім шарт жасасты. Балалар турнирі арасындағы әлемдегі №1 ...

    Read More »

    Almaty арнасы Ақын Ордабайұлын марапаттады

    Жуырда Almaty теларнасы шағын футболдан аламан жарыс ұйымдастырған болатын. Сол турнирде телеарна туралы мақалаларға конкурс жариялайтынын жария еткен еді. Мен қаламды қолға алып бір көлемді мақала жазып сайыста бір бағымды байқап көрейін деп жібергенмін. Міне, Алла тағала нәсіп етіп, мақалам үздік болып танылыпты. Almaty телеарнасының бас продюсері Ралида ханым мен айтулы ақпарат құралының ардақты азаматы Алмас мені БАҚ редакциясына шақырып, ...

    Read More »

    Ақтауда 10 мың адамға заманауи стадион салынады

    Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында Ақтау қаласында салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасы талқыланды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі. Жобаны «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС өкілдері таныстырды. Жоспар бойынша Ақтауда 10 000 көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтереді. Жаңа спорт нысаны заманауи талаптарға сай салынып, футбол академиясымен жабдықталады. Мұнда спортшыларға қажетті барлық жағдай жасалып, оқу-жаттығу ...

    Read More »

    Алып-ұшып алпыстың асқарына да келіп қалыппын

    «Уақыт деген аққан судай, соққан желдей, көрген түстей өте шығады», деген екен Бейімбет Майлин. Расыменде алпыстың асқарына қалай келіп қалғанымды білмей де қалыппын. Осы бір келген алпысымды тыныш жатып қарсы алуды жөн көрмей, жарыс өткізіп, бір іс-шара жасап жіберген едік. Иә, «Артқа қарайлаған сайын қартаясың», демекші Алла берген осы жасымда қазақ еліне не істей алғаным туралы бір есеп берейін, ол ...

    Read More »